№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Кәсіптің ебін тапқан кәсіпкер

Кәсіптің ебін тапқан кәсіпкер

Түс таянған уақыт. «Asyll gold» зергерлік бұйымдар дүкеніне арнайы барып, мақалаға арқау еткенді құп көрдім. Мен кірген уақытта дүкеннің ішінде халық аз емес. Қызу жұмыс болып жатқан көріністің үстінен түстім. Әр тұтынушы өзіне қажетті алтынды таңдап, тағып көріп, қалағанын осы жерден тауып, ықыластана сауда жасауда. Дүкен иесі Асылжан да оларды жылы жүзбен қарсы алып, жақсы көңіл-күй сыйлай тұрғанын байқау мүмкін емес. Ол кәсібін «Ақжол» сауда үйінде құрылтайшы Нұрболат Ашировтың жанында кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, бес жылдың ішінде саудамен айналысу арқылы үлкен жетістікке жететінін ұғынады.  Сөйтіп, соңғы бір жылдың ішінде өзінің жеке зергерлік дүкенін ашып, кәсібін бастаған екен.
            – Өзім Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университеттің «эконо­мика» факультетін бітіріп келген соң, еңбек жолымды «Ақ жол» сауда үйінде бастадым. Осы жерде Нұрболат ағамның қасымда жүріп кәсіп ашуға деген ниет пайда болды. Өйткені кәсібі бар адам жерде қалмайтынын ұғындым. Бұл кәсіпті меңгергеніме біраз болды, тек нақты кәсіпті бастағаныма  көп бола қойған жоқ. Осы уақытқа дейін мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан емеспін. Тек аз-маз жиған-тергенімді жоспарлы жұмсап, осы істі бір ізге келтірдім. Қазір, шүкір жаман емес. Алдағы уақытта қызмет орнын кеңейтіп, қосымша жұмыс күшін тартып, жаңа бағытта жұмыс жасауға ниеттеніп отырмын, – деді ол.
             Кейіпкеріміздің дүкеніне барып, жұ­мыс барысын көзімізбен көргеннен кей­ін Асылжанның бұл ісі көпке үлгі екеніне көзіміз жетті. Өйткені, заманауи алтындардың түр-түрі, кеңес заманындағы аналарымыздың таққан алтындарынан бастап, қалауыңыздағы кез келген бұйымды таба аласыз.  Себебі тұрғындар талғамы күн сайын өзгеріп отырады. Сондықтан тұтынушы тапсырысы көңілден шыққаны абзал. Расымен, кейіпкеріміздің дүкен сөрелеріндегі алтын бұйымдарға қарап, бізде де осындай алтындар бар екен-ау деп таңқалыстық. 
             – Адам тәуекелшіл болмаса бір орыннан жылжымайды. Мен осы кәсіппен айналысқалы осыны түсіндім. Біздің бойымызда бір істі бастауға бел бумайтын қасиетіміз бар. Болашағы қалай болар екен деп ойланып, тәуекелге бармаймыз. Қазақта «Нар тәуекел – ер ісі» деген сөз бар ғой. Адам тәуекелшіл болу керек, сол кезде бір нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Адамның өзі еңбек етіп, өзінің жеке кәсібінен нәсібін тапқаны ең жақсы іс. Ешкімге тәуелсіз өз ісіңді жүргізе білу де өнер, – дейді кәсіпкер.
              Бір айлық табысты емес, кәсіптен ешкімге тәуелсіз табыс тапқанды құп санайтын Асылжан Сәбитұлы болашақта балаларын да кәсіпкерлікке баулитынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, жас кәсіпкер жетістікке жету үшін қателесуден қорықпау керек дейді. Ең бастысы, құлшыныс пен өзіңе деген сенім маңызды. Ол бірден пайдаға кенелген жоқ. Әлі де білікті мамандардың ақыл-кеңесіне мұқтаж екендігін жасырмайды.  Бәсекелестік қалып­тасқан ортада қашан да сапалы қызмет жүреді. Қазір ауданымызда алтынның түр-түрі, тапсырыс берушілер де, қабылдаушылар да көп. Бірақ әр кәсіпкердің өз несібесі бар. Халықтың көзі ашық, тыныс-тіршілігі кеңіді. Қандай істі қолға алсаң да бірінші талап пен білім керек. Білімің ешкім сенен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам кәсіп аша алады, бірақ білімсіз бәрібір оны дамыта алмайды. Бүгінін емес, ертеңін терең ойлайтын, білімі мен жігеріне сенер кәсіпкер көбейе берсін. Себебі кәсіп көзін тапқанға табыс әкеледі.
10 шілде 2023 ж. 2 826 0