Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 79

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » “Ақжолдың” асқақ мұраты

“Ақжолдың” асқақ мұраты


Бүгінде әркім бойындағы талап-талғамына сеніп, нар тәуекелдерге бару арқылы ойға алған мақсатына жете алатынына көбіміз куәміз. Нарық қатынстары қатал, ол ешкімді аямайды, дегенмен жанын жалдап еңбек еткенді құр қалдырмайтының жоққа шығара алмаймыз.

 Түс таянған уақыт. Мен кірген уақытта екі қабатты ғимараттың ішінде халық көп. Қызу жұмыс болып жатқан көріністің үстінен түстім. Әр тұтынушы өз керегін сол жерден тауып, ықыластана сауда жасауда. Қызметкерлері де оларды жылы жүзбен қарсы алып, жақсы көңіл-күй сыйлай білді.
Кент орталығындағы нақтырақ айтсақ Манап Көкенов көшесі бойында орналасқан «Ақжол» сауда орталығы. Мұндағы жиһаздар, заманауи техникалар, смартфондар сапасының жағынан көзге түседі. Кәсіп жандануының бір себебі, орталық атынан ойнатылатын автокөлік ұтысы. «Ақжол» сауда орталығы алғаш 1994 жылы ашылып, «ТОО Ернұрбек» деген атауға ие болған. Алғаш ашқан Нұрболат Аширов есімді азаматтың жұмысы ілгері. Айта кетерлік жайт, ауданымызда алғаш несие беруді бастаған «Ақжол» сауда орталығы.
 Сондай-ақ қазіргі уақытта Жаңақорған ауданында 4, Шиелі ауданында 1 филиалы бар. Жалпы бұл орталық 35 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Ақжол» сауда орталығы өз жұмыстарын жарнамалау және тұрғындарды тарту мақсатында автокөлік ұтысы ойынын ойнатып, ережелерімен таныстырған болатын. Осы ойын барысында тұрғындар барлық мүмкіндікті бос жібермеді. Жақында өткен ойынның жеңімпазы, яғни автокөлік ұтыс иегері Түгіскен ауылының тұрғыны Құдайбергенова Гаухардың қуанышы басқа да үміткерлердің қызығушылықтарын арттырды. «Ақжол» сауда орталығы өз жұмысын бастағалы бері қазіргі уақытқа дейін көптеген жетістіктерге ие болған. Біраз жетістіктеріне аудан халықтары да куә болған едік.
 Кәсіптің алға жылжып, дамуына үлес қосу кез-келген аудан тұрғыны үшін мақтаныш десек те болады. Осы орайда «Ақжол» сауда орталығының осындай дәрежеге қалай жеткендігі зор еңбек арқасы. Зер сала қарасақ, қызметкерлерінің айтуы бойынша тың идеяның пайда болуы яғни идеяның мардымды ойға ұласып, алға қарай алғашқы қадамдардың жасалуы.
Көңілге қонымдысы, әр мейрамға орай болатын жеңілдіктердің болуы тұрғындар үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл кәсіпке бақталас болғандар қаншама, бірақ соған қарамастан сапаның және бағаның қолжетімділігі сақталған.
«Кәсіптің көзін тапқан, берекелі табыс табады» демекші, Нұрболат Ашеров өз кәсібінің нағыз маманы дегім келеді. Кімде болсын өз кәсібінің шарықтау шегінің болғанын қалайды, сол секілді «Ақжол» сауда орталығы да өз жұмыстарын тек алға жылжытып келеді.

Гүлден Серікбай
29 маусым 2022 ж. 299 0