Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 143

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 158

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 987

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 487

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 682

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 669

№25 (8633) 28

28 наурыз 2023 ж.

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » » Денсаулық зор байлық

Денсаулық зор байлық


Денсаулық – басты байлық. Салауатты өмір салтын тыңғылықты ұстанып, Тәңірдің берген теңдессіз нығметіне титімдей кінарат келтірмеуде тәртіптен таймау қажет-ақ. Бірақ осыны әрбіріміз қатаң сақтап жүрміз деп айта алмаймыз. Жазатайым сәтсіздікке ұшырап, сырқаттанудың жөні бір басқа, он екі мүшеміз дін аман ахуалымызды қолдан ауырлатып, түрлі кесел жамап алатынымызды да жасыра алмаймыз. Ақырында, аурудан сауығудың амалын іздеп, дәрігер жағалап кетеміз. Осындайда жаныңа батқан дертті сылып тастардай сапалы ем қабылдау үшін алдымен аурудың сыр-сипатын, қалай, қай жерде пайда болғанын дәлмедәл анықтаудың маңызы өте үлкен. Тіпті науқастың келешек тағдырын да осы диагноздың нақты қойылуы шешпек. Осы орайда ауруханалардың заманауи аппараттармен жабдықталуы өз алдына, олардың білікті мамандармен қамтылуына баса назар аударылуы қажет-ақ.

Біздің бүгінгі сұхбаттасымыз – медицина саласында қырық жылға жуық еңбек өтілі бар Гүлжұма Қойшыбекованы Жаңақорғандағы алдыңғы қатарлы тәжірибелі узист маман ретінде аудан тұрғындары жақсы таниды. Бір бағыттан ауытқымай, кемін толтырып, кемелдене түсуге ұмтылған кімді болсын көкірегінен итермей, игілігін тарту етер кәсіп киесі деген осы болар, бәлкім.

– Мен 1984 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, Қызылорда қаласында бір жыл интернатурада, екінші жылы қаладағы медучилищеде сабақ бердім. Ол кезде жақсы оқыған болашақ мамандарды жолдамамен жіберетін осындай дәстүр болатын, – дейді ол бізбен әңгімесінде. 1986 жылы тұрмысқа шығуыма байланысты Жаңақорған топырағында еңбек жолымды жалғадым. Аудандық ауруханаға гинеколог дәрігер болып орналастым. Ол кезде перзентхана, гинекология кабинетінде әйелдер қабылдау, бәрінде бір сала ретінде кезектесе жұмыс істедік. 1994 жылы ауданға УДЗ аппараты келді. Осыған байланысты бас дәрігер Нұрылда Тәліпов екі дәрігерді арнайы курсқа оқуға жіберіп, әріптесім бауыр, бүйрек, өт жолдары, жалпы ішкі ағзаларды, мен гинекологиялық сала бойынша УДЗ аппаратын меңгеріп, жұмысқа кірістік. 2005 жылдан бастап Жаңақорған шипажайына сұраныс болып, сонда ауысуыма тура келді. Ал 2010 жылдан бастап жеке аппарат сатып алып, кабинет ашып, өздігімше жұмыс істеп келемін, – дейді ол.

Қазірде аудан тұрғындары УДЗ аппаратына түсу үшін үлкен қалаларға сабылмай-ақ өзімізде тексеруден өтіп, тиісті емін ала алады. Тіпті Жаңақорғанда диагностикалық зерттеу жағынан бәсекелестік орта қалыптасқанын да айтуға болады. Ендігі мақсат – таңдай білуде. Бұл жөнінде Гүлжұма Садықбекқызының халыққа ұялмай ұсынатын жағымды жаңалығы жоқ емес. Ол мұны былайша жеткізді:

– О баста күрделі курстарды тәмамдап, арнайы сертификатын алудағы мақсатым, келген клиенттерге кешенді қызмет көрсетуді жоспарладым. Соңғы екі жылдан бері заманауи үлгідегі Оңтүстік Кореяның Accuviх – А-30 «3D-4D» эксперттік УЗД аппаратымен жұмыс жасап келемін.

– Бұл аппараттың артықшылығы неде?

– Адам органдарын толықтай түсіре алады. Атап айтқанда, жүкті әйелдердің жағдайын скринингтен бақылауда үш реттік жүйелі тексеруден өткіземіз. Гинекологиялық науқастардың барлық түрін анықтауға болады. Сонымен қатар қалқанша без, сүт безі, сүйектің өзгерістерін, тері астын, бауыр, өт, бүйрек, көк бауыр, ұйқы безі, аталық бездер, қуықты түсіреді., Барлығының сертификатын алып, мамандандым.

– Дәрігер ретінде өз тексеруіңізден өткен кісілерге қандай да бір жеңілдіктер жасай аласыз ба?

– Әрине, әсіресе әйел-аналар үшін. Жүктілік кезінде диагнозы нақты дәйектелмей тұрған сұраулар бойынша пациентімді өзім қадағалауға алып, екінші, үшінші қайталама зерттеулерді тегін жүргізіп беремін. Ана денсаулығы бәрінен қымбат. Бұл бағытта мемлекеттік деңгейде де қадағалау бойынша үш реттік скригнингтік бақылау протоколға ендіріліп отырғанының да мәні бар, және ол өз тәртібімен, өз параметрімен іске асырылады. Тағы бір айта кететін нәрсе, қолымыздағы заманауи аппаратта ана мен баланың қан айналымы процесін анықтайтын жаңа функциясы бар. Мәселен іштегі жатқан балаға ауа мен қорек жетіспеушілігі қан айналымындағы кінараттан болады. Бұл көбінесе анемия, басқа да факторлар әсерінен орын алады. Ерте анықтау арқылы емделуге болады. Бізде осыны анықтауға мүмкіндік бар. Отыз бес, отыз алты аптада ана мен баланың арасындағы сәйкессіздіктен баланың дұрыс жетілмеуін доплер зерттеу арқылы анықтауға болады, – дейді ол.
Бүгінге дейін мемлекеттен ешқандай көмек алмаса да өздігінше жетіліп, жұмысын жүйелі жолға қойған дәрігердің сүйенетін ең басты ұстанымы – елдің сенімін ақтау. Сол үшін жылдар бойы жинақтаған тәжірибеге иек артып, қашан болмасын «жеті рет өлшеп, бір кескен» ұқыптылыққа қатты ден қоятынын айтты.

Көбіне-көп көз қарықтырып, көңіл сендірген жылтырағы басым жарнаманың заманы туған қазіргі кезеңде сапа мәселесі көлеңкеде қалып қоятыны жасырын емес. Бұл туралы сұхбаттасымыздың пікірі қандай екен?

«Деннің саулығына зер салатын кісі жылтырақ жарнамадан бұрын шынайы нәтижені жоғары қоя білуі тиіс. Соңымыздан ерген жастардың ықыласты тірілігін қолдауымыз керек. Бірақ, қарапайым логикаға сүйене келсек те, нешеме жыл капитал жинап, қымбат та, сапалы құрал жабдыққа қол жеткізген, онымен қоса мол тәжірибемізді бағалай білер әркім біздің орталығымыз – «Кереметке» келетініне сенімім зор», – дейді білікті маман.

Баян Алудинқызы

16 ақпан 2023 ж. 2 986 0