№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Білікті маман – медицинаның белтемірі

Білікті маман – медицинаның белтемірі


Денсаулық сақтау саласы – ауқымы өте кең, әрі әлеуметпен тікелей жұмыс істейтін бірден-бір сала. Ондағы әрбір игі қадам қоғам ахуалынан аңғарылып тұрады.
Медициналық технологиялардың дамуы арқасында дәрігерлік диагноздың айқындамалығы артары, ал бұл сайып келгенде, сырқаттың дер кезінде анықталып, сауығуына негіз қалайды. Өңірімізде өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінің жоғарылап, 71,6 пайызды құрап отырғандығы, өлім көрсеткіші 8,1-ге төмендегені соның дәлелі.
Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс. Біз бүгін стационар алмастырушы пациенттер үшін тегін кепілдендірілген қызмет көрсететін мекеменің бірі – аудандық орталықтандырылған аурухананың күндізгі бөлімі тыныс-тіршілігі жөнінде сөз қозғамақпыз.
Емнің нәтижелі болуы диагноздың дұрыс қойылуы мен тағайындалған емге байланысты. Қабылдауына жазылған әр науқастың ауру тарихына терең талдау жасап, електен өткізіп барып емге кірісетін дәрігерге пациенттің де ағынан жарылып, бүкпесіз сенім артары белгілі. Осы орайда Жаңақорған аудандық емханасының күндізгі емдеу бөлімі меңгерушісі Жадыра Бегайдарқызының ел көңілінен алар орны айрықша.
Денсаулықтың қадірін ауырған біледі. Бұдан бұрын да жүрек дімкәстігімен есепте тұратын бір ағамыздың күндізгі ем алу барысында бөлім қызметіне көңілі толып, сол жөнінде ықыласын білдірмекке редакциямызға соққаны бар еді. «Сырт көз – сыншы» дегендей, өзіміз де осы бөлімге арнайы соғып, тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Алғаш біздің облыста «Дені сау аймақ» жобасы қолға алынды. 2018-2022 жылдарға арналған облыс әкімінің «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы» инициативасы аясында «Салауатты өмір салтын насихаттау және қан айналым жүйесі ауруларының алдын-алу» іс-шараларының жоспары бекітілді. Бұл біздің аудан медицина саласы қызметкерлерінің алдағы іс-жоспарына айқын бағыт-бағдар беруде. Сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға көп маңыз беріліп отыр. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ақпараттық жүйелерді біріктіру, электрондық денсаулық паспортын енгізу жұмыстары қолға алыныпты.
Емнің сапалылығын арттырумен қатар бөлімді тиісті дәрі-дәрмекпен қамту мәселесінде ұйымдастырушылық қабілеттің ұшқырлығы, терең сауаттылықпен байытылған тәжірибе де қажет. Бұл жерде кісіге табиғи қадір-қасиет те көмекке келеді.
Жадыра Бураханова орта мектептен соң Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық институтына түсіп, оны 1998 жылы бітірді. Еңбек жолын Сунақата дәрігерлік емханасында дәрігер-терапевт болып бастады. 2005 жылдан бастап Төменарық ауылдық емханасында аймақтық дәрігер, 2008 жылдан бастап аудандық емханада аймақтық дәрігер-терапевт, 2010 жылдан бастап күндізгі емдеу бөлімі меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді екен.
Біз осы бөлімде емделушілер қатарында Фариза Қалжанқызын әңгімеге тартқан едік.
– Өзім қант диабеті сырқатымен есепте тұратын едім. Басым айналып, мазам қашқан соң тексерілуге келген едім. Маған күндізгі бөлімге ем тағайындалды. Қазір аптаға жуықтады. Ем алып жатырмын. Қажетті дәрі-дәрмектің барлығы бар. Тәуірленіп келемін, – деді.
– Ел көңілінен шыға білуіміз – ұжымдық ауызбіршіліктің арқасы, – дейді бөлім басшысы Жадыра Бегайдарқызы.
– Осы тұста бөлім дәрігер Жұмаш Мерей, аға мейірбике Шолпан Сүлейменова, Ақмарал Абдрахманова, Махаббат Рахматуллаева, Сағыныш Әлайдарова, Құралай Сауытбекова, Арай Әбибуллаева сынды мейірбикелер мен техник-қызметкерлер өз істеріне аса зор ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарап келеді. Біліктілікті арттыру талабы басты назарда болады.
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 413 0