Құлағымда – қобыз үні
Әлеуметтік желіде прима-қобызға жан бітіріп жүрген өнерпаз Азия Смат облыстық байқауда жүлде алғанын көріп, құтты болсын айттық.
– Рақмет! Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты облыстық онлайн патриоттық ән байқауында, «Ұлы дала әуені» атты күйшілер фестивалінде өнер көрсеттім. Әділ қазы алқасы өнерімді жоғары бағалады, әрі әлеуметтік желідегі көрермендерім ыстық ықыласын жеткізді. Мен үшін бұдан артық марапат бар ма? – деп бастады сөзін өнерпаз.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір тармағы – ұлттық өнерді, оның ішінде, көне замандардан негіз тартатын аспаптарды жаңғырту десек, Азияның талпынысы қуантады. Иә, қобыз үні мыңжылдықтар көшіндегі мұң мен зарды сананда тербеп, ерекше күш береді. Мұны меңгерудің өзіндік қиындығы да бар.
Құттықожа ауылының тумасы, жас қобызшы Азия мектепті бітіріп Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне оқуға түседі. Алғашында бұл аспапты ойнау қиын болғанымен, өнерге деген ерекше ықыласының арқасында бар-жоғы бір жылдың ішінде меңгеріп алады.
– Ертеден келе жатқан қобыз дәстүрі қазақтың аспаптық музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Қазақтың рухын асқақтататын қобызды Кеңес билігі бақсының құралы деп, қолданыстан шығаруға тырысты. Соның салдарынан бүгінгі күнге жеткен қобыздың тұрқы да, үні де өзгеше. Мұны өнертанушы ғалымдар да мойындайды.
Оқуға түсер алдында қобыздан, оның нотасынан мүлдем хабарым болмады. Бірақ, қобыздың үні қатты ұнайтын. Тіпті құлағымда қобыздың үні қалқып тұратындай әсер алатынмын. Сондықтан қабызды меңгеруге бекіндім. Бұл ойымды ұстазым Берікгүл Дүйсенғазиева қолдап, демеді, – дейді қобызшы.
Байқауымша, бір кездері қобызға деген қызығушылық дейміз бе, түсініспеушілік дейміз бе, әйтеуір заман көшіне ілесе алмай, шаң басып, ескіліктің қалдығы іспетті еді. Кейінгі кездері қобызды қайта қолға алып, қайта жанданды. Тіпті қобызды серік етушінің қатары көбейді. Біздің кейіпкеріміз Азия Ибрагимқызын сол қатарға жатқызуға болады. Ол қобыздың қоңыр үнінен жанына тыныштық табады. Сөз арасында, прима-қобыздың қыл қобыздан қандай айырмашылығы бар деген сұрағыма кеңінен жауап берді.
– Жалпы, сыртқы пішінінен бастап айырмашылық өте көп. Қай жағынан алып қарасаңызда, бір-біріне ұқсамайды. Екеуінің дыбыс шығаруы екі түрлі. Мысалы, қыл қобыз – қазақтың ұлттық аспабы деуге болады. «Қарағайдың түбінен ойып алған қобызым, үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым» деген жыр жолдарынан қыл қобыздың қарағайдан ойылып жасалатынын байқауға болады. Содан болар, оның дауысы мұңды, құдды күңіреніп тұрған дыбысты сездіреді. Ал, прима-қобыз болса, оркестрге лайықтап жасалған. Кезінде өнертанушы Ахмет Жұбанов алғаш ұлт аспаптар оркестрін құрған кезде, скрипка сынды жоғары дыбысты аспап қажет болғандықтан, ойлап шығарған екен. Тағы бір ерекшелігі, прима қобыздың ішегі қылдан емес, сымнан жасалады, – деп ерекшелігін айтып берді.
Қазір репертуарында бірнеше күй бар. Азия жанды жаулап, рухани азық беретін аспаптың құдіреттілігін жан-тәнімен сезініп, ерекше ықыласпен ойнайтынына көзіміз жетті. Олай болса, жас өнерпаздан болашақта үлкен үміт күтеміз.
Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ