№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Облыстық шығармашылық байқау ұйымдастырылуда

Облыстық шығармашылық байқау ұйымдастырылуда

Қызылорда Халық ШығармашылықОрталығы мен Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жылдығына және ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған «Жаңақорған жаңғырығы» атты вокалды аспапты ансамбльдерінің аймақтық онлайн байқауын шілде айының 13-нен бастап ұйымдастырылып өткізуді жоспарлап отыр.
Байқаудың мақсаты-
Қазақстан композиторларының патриоттық шығармаларын жаңа интерпретацияда орындау арқылы тыңдарманға жеткізу;
Өңірлердегі ВИА (музыкалық топтардың) кәсіби деңгейін бағалап, халыққа танымал ету;
Әр вокалды-аспапты ансамбльдің (музыкалық топтың) мүшелерінің шеберлігін бағалау, тәжіриебе алмасу;
Музыкалық ұжымның ойнау стилін, имиджін, шығармашылық жаңалығын сараптау, репертуарын толықтыру;
«Жанды дыбыс» орындау тәсілін қолға алып ВИА дәстүрін жалғастыру.
Байқаудың талаптары мен шарттары
Байқау ІІІ кезеңнен тұрады
І кезең-патриоттық ән орындау /Қазақстан композиторларының әні/
ІІ кезең- аспапты- музыкалық композиция орындау.
ІІІ кезең-ретро ән /шетел, Кеңес Одағы, Қазақстан композиторларының ретро әнін орындау/
Байқауға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарынан және Шымкент, Алматы қалаларынан 1 /бір/ вокалды аспапты ансамбль қатысса, Қызылорда облысынан 3 /үш/ вокалды аспапты ансамбль қатыса алады.
Вокалды аспапты ансамблдерінің сахналық костюміне, репертуар таңдауына, орындау шеберлігіне баса назар аударылады. Ролик және дыбыстың сапасы жоғары дәрежеде болуы тиіс.
Байқау жеңімпаздарын анықтау
Ұйымдастырушылар тарапынан танымал кәсіби маман сарапшыларынан қазылар алқасы құрылады. Байқау қорытындысы бойынша вокалды аспапты ансамбльдеріне төмендегідей жүлделі орындар тағайындалады.
Бас жүлде-біреу
І орын-біреу
ІІ орын-біреу
ІІІ орын-біреу
Ескерту: Үміткерлер ұсынған әрбір шығармасын сахнада, студияда немесе жанды дыбысқа лайықталған ғимаратта орындап бейне-ролик арқылы мына ватсап нөмеріне /8778-610-38-25/ немесе talapstan@mail.ru поштасына жібере алады.
Үміткерлердің өтініштері, вокалды-аспапты ансамбльдің фото суреті, ансамбль туралы мәліметтер, байланыс телефондары маусым айының 27-не дейін talapstan@mail.ru поштасына жіберу шарт. Ереже талаптарына сәйкес келмейтін бейне роликтер қабылданбайды.
Марапаттау күні қосымша хабарланады. Байқау барысын төмендегі парақшалар арқылы көре аласыздар.
Фейсбук әлеуметтік желісі,
Жаңақорған мәдениет мен өнері парақшасы,
Инстаграм әлеуметті желісі,
YouTube әлеуметтік желісі,
Байланыс телефоны: 8778-610-38-25 Талап, Эл.пошта: talapstan@mail.ru
24 маусым 2020 ж. 720 0