СЫРҒА ТОЛЫ СЫҒАНАҚ
Үстіміздегі жылдың 28 маусым-1 шілде аралығында Павлодар облысы Успен ауданы мен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің өзара өңір аралық рухани мәдени ынтымақтастық меморандумы аясында маңызды шаралар өтуде.
2021 жылдың 28 маусымы күні Сығанақ қалашығында «Сырға толы Сығанақ» атты этно-думанды шара өтті. Киелі Жаңақорған жеріне келген қонақтар Сығанақ қалашығына кіретін арканың алдында ауыл дәмімен, арнаумен күтіп алынды. Сығанақ қаласының тарихымен танысқан қонақтар, әруақтарға арнап құран бағыштады. «Сырға толы Сығанақ» атты этно-думанды шарада Қызылорда облыстық «Дәстүр» қолөнер орталығы «Дәстүрін дәріптеген аудан...» атты көрме жасақтап, Сыр елінің өнерімен қонақтарды тамсандырды.
Сығанақ қалашығында драматург Д.Әбжаппаровтың «Сырға толы Сығанақ» атты танымдық театрландырылған көрініс көрсетілді. Дешті Қыпшақ қағанаты жайлы Алып Қыран Қадір Бөке қаған мен Хисамеддин ғұлама жайлы көрініске көрермен тәнті болып, көздеріне жас алды. Сығанақ қаласының өркендеуін, сауда саттықтың дамығанын көрсететін саудагер мен ұстаның көрінісіне де көрермен көңілінен шықты. Қазақтың рухын көтеретін соңғы көрініс «Бұрындық ханның таққа қонуы» келген көпшілікті, қонақтарды ерекше сезімге бөледі. Театрландырылған көрініске Абай Камалов, Айжарқын Найманбай, Тохтар Әжімұратов, Марғұлан Қалила, Балмұхаммед Абжаппаров, Дінмұхаммед Абжаппаров, Ғалымжан Бейсенов, Сұлтанбек Байғожаев және «Арман мәдениет үйінің» «Сахна сыры» драма үйірмесінің мүшелері қатысты.
Сонымен қатар Сунақата ауылдық клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ұлттық домбыра күніне орай дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлы күйлерін насихаттауға арналған «Ұлы дала әуені» атты аймақтық күйшілер фестивалі өтті. Фестиваль басталмас бұрын клуб үйінің ауласында «Жайылма жауһарлары» әжелер ансамблі шашу шашып «Тойбастар» әнімен қонақтарды күтіп алып, «Дәстүрді дәріптейік...» тақырыбында құрметті қонақтардың қатысумен «Тұсау кесу» рәсімін өткізді.
Фестивальді күйші, композитор, продюсер, жерлесіміз Марат Жанғазы ашып беріп, күйшілерге сәттілік тілеп, Әлшекейдің «Егес», Д.Нұрпейісованың «Науысқы» күйлерін орындап берді.
Фестивальге барлығы 8 күйші қатысты.
Қайрат Табиғат-Павлодар облысы, Жұман Бексұлтан-Түркістан облысы, Сансызбай Сымбат-Түркістан облысы, Яр Есет-Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Умарова Айзат-Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шәкиева Тоғжан-Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Смат Азия-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әлмахан Сері-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.
Фестиваль қорытындысы бойынша:
Қайрат Табиғат Павлодар облысы-«Әлшекей атындағы номинациясымен»,
Жұман Бексұлтан Түркістан облысы-«Шалмырза Тасболатұлы атындағы номинациясымен», Сансызбай Сымбат Түркістан облысы-«Ысқақ Сламбек атындағы номинациясымен», Яр Есет Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы-«Қорқыт Ата атындағы номинациясымен», Умарова Айзат Қызылорда облысы, Шиелі ауданы-«Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы номинациясымен», Шәкиева Тоғжан Қызылорда облысы, Шиелі ауданы-«Мүлқаман Қалауов атындағы номинациясымен», Смат Азия Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы-«Құрақтың Досжаны атындағы номинация», Әлмахан Сері Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы-«Жалдыбай Елеукеұлы атындағы номинациясымен» мараптталды.
Екі кезеңнен өткізілген домбырашылар мен қобызшылардың «Ұлы дала әуені» атты күйшілер фестиваліне қатысқан өнерпаздарымызға естелік сыйлықтары мен дипломдары "Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту» қоғамдық қорының атынан және күйшілер фестивалінің өтуіне мұрындық болған Сунақата, Қожамберді, Екпінді, Төменарық, Сүттіқұдық, Жайылма, Шалқия клуб кәсіпорындарының атынан естелікке қазақтың кие домбырасы табысталды.
Фестивальде Асылбеков, Омаровтар отбасылық ансамбльдері, әнші Сұңқар Алимұса, дуэт Сафуан Көрегенов, Думан Сабитовтер өз өнерлерін көрсетті.
Фестивальді Кенже Әкімбаева, Марғұлан Қалила жүргізді.