Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сіз елге қандай еңбек сіңірдіңіз?

Сіз елге қандай еңбек сіңірдіңіз?


Жақында редакцияға академик Бірлесбек Алияров ағамыз келді. 82 жастағы ғалымның оқыған-тоқығаны көп, көрген-білгені мол ғой, бір сағатқа жуық дидарласу барысында көңілге сәуле құйды. Түрлі тақырыпта ой бөлісіп, бүгінде айналысып жатқан ісімен бөлісті.


– Жанбайтын көмір болмайды, тек оның жолын табу керек дегенді алға тартып, зерттеу жүргіздім. Нәтижесінде Екібастұздың жанбайды деген көмірін кәдеге жаратудың жолын анықтап, сапасы төмен көмірді игерудің ғылыми негізін бердім. Бұл – менің ел үшін сіңірген қызметім. Соңғы 8 жылда терминологияға мән беріп, 3 кітап шығардым. Сөйтіп 9000 терминге анықтама беріп, қазақ тіліне аудардым. Бұл – ұлтқа қызметім, – дейді Бірлесбек Қаниұлы.
Орысша-қазақшасы былай тұрсын, болашаққа жұмыс істеп жатқан ғалым бұған ағылшын тілінің де аудармасын қосыпты. Ол ағылшын тілінсіз жұмыс істеудің қиын екенін түсініп, 54 жасында ағылшын тілін үйренеді. Ал, 65 жасында компьютерді меңгереді.
– Аудармашыға тән қасиеттер – ең бірінші, тілді жетік білуі тиіс. Сосын өз пәнін жетік меңгеруі міндет. Айтылған сынды дұрыс қабылдап, пікірлерге обьетивті қарау керек. Бастысы, өз ұстанымыңды дәлелдей білу маңызды, – дейді ол.
Ағамыз елмен байланысты үзбей, Жаңақорған ауданының білім саласының дамуына үлес қосып жүр. 1997 жылдан бері өзі білім алған №169 мектептің физика пәнінің үздік оқушыларына өзінің степентиясын беріп келеді. 1998 жылдан бастап аудан көлеміндегі физика пәнінің үздік мұғаліміне өзінің ақшалай сыйлығын беруде.
– Қыркүйек айында бес тұлғаны еске алып, жастарға олардың өнегесін дәріптеуді жоспарлап отырмын. Атап айтсам, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі Рәзия Ысқақова, Екінші дүниежүзілік соғыстың бел ортасында болып, өмір мен өлім арпалысын көзбен көрген Қали Дәушиев пен Айдархан Ержанов, профессор Ахмет Ержанов және Шарипа Дәушиеваның рухына Құран бағыштап, еске алып, рухани-мәдени іс-шарамен жалғағым келеді, – деді ол.
Ағайын арасындағы бірлік-берекеге дәнекер болып, ұлтқа қызмет етіп жүрген Бірлесбек Алияровтың қарапайымдылығы, кішіпейілділігі, зиялы болмыс-бітімі тәнті етпей қоймайды.
– Нұрлат-ау, сен жассың. Алда өмірің бар. Мен 82 жастамын. Ұлтқа жасайтын қызметім көп. Соңы орындауда асығамын, – деп арман-мұратын жеткізді.
Бірлес Қаниұлы өз біліміне және мамандығына байланысты шет елдердің көптеген компанияларымен бірге зерттеулер жүргізіп, оларға кеңес беруде. Олардың санында: Power Gen (Ұлы Бртания, 1995-1996), ABB (Алмания, 1998-2000), Hagler Baye France (АҚШ-Франция, 1999) AES-Екібастұз, (АҚШ), БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік қатынастар департаменті (2008-2009). 2006-жылдан бастап БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік қатынастар департаменті Бірлесті энергетикалық тиімдіілік жөніндегі Халықаралық сарапшылар қатарына кіргізіп, жыл сайын Халықаралық дөңгелек столға шақыруда.
Негізгі энергетикалық мамандығы – көмірді ірі қондырғыларда жағуды игеру және жетілдіру, олардың қоршаған ортаға әсерін кеміту, Екібастұздың күлі өте көп көмірін жағуға болатынын дәлелдеп, оны жағуды игеру жолдарын анықтағаны үшін (осының арқасында Екібастұздың көмір қоры 1 миллиард тоннаға артты) бір топ мамандарға мемлекеттік сыйлық берілді.
Бірлес Алияров «жанбайтын көмір болмайды, тек оның жолын табу керек» ұстанымен әлемге танылды.
Жалпы жерлес ғалымның қазақ ғылымына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Оның 150-ден астам ғылыми мақалалары, 10-нан аса өнер табыс патенті, 5 ғылыми монографиясы жоғары бағасын алды.
Міне, академик Бекеңнің еліне, ұлтына сіңірген еңбегі осындай.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

15 шілде 2021 ж. 7 957 0