№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әділет әлемді бағындырды

Әділет әлемді бағындырды


№56 мектептің 6 сынып оқушысы Әділет Әбдіғани ағылшын тіліндегі «Жүз жаңа кітап» тізіміндегі ағылшын тіліндегі жазбаларды аударып, көпшіліктің назарын өзіне аудара бастады.


Ол әлемге әйгілі продюссер-жазушы-кинорежисер Джонатан Лондонның «Утя мен Мотя», «Фрогги құрбақаның бастан кешкендері»,«Фрогги құрбақа мектепке барғанда» секілді кітаптарды қазақ-орыс тіліне аударып, оны өзінің youtube каналында оқып береді. Оның бұл өнерін қолдаушылар саны артып келеді.
Әділет Әбдіғани мұндай аудармамен айналысып жүргені биыл ғана. Соның өзінде әлеуметтік желінің сүйікті блогері ретінде таныла бастады.
– Карантин уақытында ағылшын тіліндегі ұнаған ертегілерді қазақ тіліне аударып, әлеуметтік желіге жарияладым. Талпынысымды ұстаздарым қолдап, мотивация берді, – деді ол.
Иә, кез-келген талант иесін қолдамаса бағытынан жаңылып, тез сөнеді. Осы тұрғыда, аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығы жас дарындарға демеу көрсетіп жүреді.
Ізденімпаз оқушының уoutube-тегі белсенділігін байқаған орталықтың ағылшын тілі үйірмесі жетекшісі Гүлнар Ерхашева:
– Оның әлеуметтік желідегі видеосын көргенде біздің ауданда осындай білімді оқушы барына таңғалдық. Биыл менің тобыма келгенде өте қатты қуанып, оның дарынын шыңдауға кірісіп кеттім. Жыл басынан бері 2 кітапты аударып, бейнебаянға айналдырдық. Ағылшын тілі – әлемдік ғылым мен ақпараттың тілі десек, Әділет ағылшын тілін жетік меңгеру арқылы, «әлемді бағындырды» деп баға береміз. Әлеуметтік желідегі белсенділігі үшін облыстық тілдерді дамыту орталығынан «Алғыс хат» алдық, – дейді үйірме жетекшісі.
Кейіпкеріміз әңгімелесу барысында болашақта аниматор саласында өз қолтаңбасын қалдырғысы келетінін білдік.
– Балабақшада тәрбиешілерім үнемі ағылшын тіліндегі мультфильмдер қоятын. Балабақшада ағылшын тілінде ән салып, өнер көрсете бастадым. Ән сөздерінің қазақша мағынасын апайлардан сұрайтынмын. Бүгінде тілдік қорымда ағылшын тілінің 300-500 сөзі бар. Мұны ұдайы жетілдіру үшін күніне 10 сөз қосуды басшылыққа алдым, – деді жас аудармашы.
Ағылшын тіліндегі ертегілердің қазақ тіліне аударумен қатар, ол тұпнұсқасындағы ертегіні жатқа оқиды. Әрі әр кейіпкерінің образын ашу үшін түрлі дауыстарға салып, көрермендерін қызықтырады. Ол келешекте әлеуметтік желіде ұлттық ойындарды ағылшын тілінде таныстырмақ. Талабы таудай жасөспірімнің ерекше болмысына сүйсініп, мақсат-мұратына жетуіне тілектестік білдіріп қайттық.

Лаззат ЖҮСІПОВА
20 ақпан 2021 ж. 458 0