№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Аманатына адал мұғалім

Аманатына адал мұғалім

Ауылдың таңы жарқырап атуы үшін ауылға жаны ашитын адамдар көп болуы керек. Ал туған жерге кіндігі бекем байланған жанашырлықтың түп негізі балалық шақта қалыптасады.
Бұлар үш дос едіҮшеуіде арманшыл болыптыСоның бірі өзі титтейінен музыкалық аспаптарды меңгердіДосы Өміржан Омаров ғалым болып қалыптастыелде жүріп-ақ өнертапқыштық қасиетіне ел куә еді.Осы үшеуін ауыл тарихыөлкетану талабы қатты қызықтыратынӨсе келе үшеуі де көпті бастар көшбасшылық қасиетімен танылды десек жаңылыспаймыз.
Туған жер тарихына деген құмарлық атамекенде болашақ арманын жалғаған біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Бірлік ауылының тұрғыны Әметхан ағамызға зор аманат арқалатқан сынды. Соның дәлелі, ол ауылда жүріп-ақ 365 беттік туған жер тарихын түзіп шықты. Рас, бітіп тұрған дүниенің баспа бетін көріп жарыққа шығуына Сексенәлі Раханов ағасы қолұшын берді. Бұл өскен өлке тарихына тыңнан түрен салған тұңғыш туынды.
Әметхан Әділханов ауылдағы №55 Бірлік орта мектебін тәмамдаған Кеңес армиясы қатарында әскери борышын Украина жерінде өтейді. Ол осы жерде Дана Нұржігіттің әкесі Өмірбай Нұржігітпен бір қатарда  болған екен. Өнерге жақын екі жас айнымас дос болыпты. Бірліктік жас екі дауыста ән салуды осы  Өмірбайдан үйреніпті. Одан соң жүрек қалауы бойынша Алматыдағы Гоголь атындағы (қазір Әбілхан Қастеев атында) көркем сурет училищесіне оқуға қабылданған екен. Бірақ бұл жерде студенттерге жатақхана, стипендия мәселесі шешілмегендіктен жағдай қиындап оқудан шығып кетеді. Ары қарай Құрманғазы атындағы оркестрге конкурс арқылы таңдалып, тәжірибе ұштауы ауылға оралғанында мектепке музыка пәні мұғалімі болып орналасуына қолайлылық тудырды. Сөйтіп өзі түлеп ұшқан мектепте ұстаздық етті. Бірақ бала кезгі ел-жер тарихына деген құштарлық жас кеудеге маза бермегені рас. Қолы сәл қалт етсе тау-тас кезіп, көнеден қалған әр жәдігерден бір сыр аңдап, қағаз бетіне қаттай берген екен. Кейін КазПИ-дің тарих факультетіне оқуға түсіп, тиянақты білім алған ол ғылым жолына біржолата бет бұрыпты. Оқуды бітіріп келген соң Жаңақорғанға көшіп келгенінде кәсіби маман жоқтықтан  «Арман» мәдениет үйіне жетекшілікке тағайындалған екен. Сонда үш жыл жұмыс атқарғанында көп ізденістерге барып, мәдени ошақта «Ғасырлар әлемі» атты ансамбль жасақтап, өнер ұжымына жаңа тыныс, жаңа леп әкелгені солкез куәгерлерінің есінде.Кейін ата-ана қалауымен атақоныстары Бірлікке қайта көшіп келіп, туған мектебінде тарих пәнінен дәріс берді. Ширек ғасыр уақыт мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, одан әрі мектеп директорының ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарып, 2013 жылы құрметті демалысқа шығыпты.
Осы кезеңдерде біліммен сусын­датқан шәкірттер санына тоқтпалсақ, жыл сайын мектеп бітіруші екі сыныпты қоса алғанда бұл кісінің алдынан тәлім алғандар осы ауыл түлектерінің 60-70 пайызын құрайды. Бұл көрсеткішпен көңіл тоғайтуға болады. Бірақ табиғатында өз-өзіне талапшыл ағамыз ел тарихын тану деген қасиетті ұғымды ұлықтап, жатпай-тұрмай еңбектенуін күні бүгінге дейін әлі тоқтатпапты.
Бала жасынан ескі көздерден естіп өскен ел шежіресін жүрекке егіп, санаға орнықтырған зерделі ойдың иесі сол айтылғандарды ғылыми түрде електен өткізіп, көп аузында келе жатқан көне аңыздар мен архивматериалдарын салыстырып, сапалы тарих түзген ғалым-оқытушының енді екінші кітабы жазылу үстінде екен. Бірінші тарауы ауыл тарихына арналса, екінші бөлігі мектеп шежіресін түзуге бағытталған. Ал үшінші бөлігінде осы өңірден шыққан танымал тұлғалар естелігі жинақталуда. Кітаптың мазмұны  жетпіс пайызға жуық тиянақталып, карантинге байланысты кідіріп тұрған сыңайлы. Біз автордан осы еңбегі жайлы айтып беруін сұрадық. Ол былай дейді:
– Туған жерім – Бірлік ауылының 90 жылдығына орай қолға алынған бастама еді. Нақ қазіргі күні Көлтоған су қоймасы тарихын түбегейлі зерттеуіме карантин талабы кедергі болып отыр. Нақтылап айтсам, түп қазығы 1929 жылы шағын артел болып құрылған серіктестікке басшылық еткен Палуан Бейсенбаевтың кейін «халық жауы» болып ұсталып кеткені белгілі. Алғаш артельді құруға қажетті үкіметтен бөлінген қаржы көлемі, оған мүше болған адамдар саны, тоғанның гидравликалық сызбалары, барлығы нақты деректермен тиянақ­талуы керек. Осы бағытта құжаттар қажет. Әзірше, шаруашылықты Шәзінде Қарақожаев басқарған кезеңге дейін түгел түптелді. Бір көңіл қойып, көз сүйсінер кезең де осы тұс сынды. Шаруашылықты басқарған он жылда  ауылға кіреберіс жолдар бойы көк ағашпен көмкерілді. «Шоқтал» каналы қазылып, «Жаманқұмда» 2000 гектар жерге мал азығындық дақылдарды егу жолға қойылып, нәтижесінде ол басқарған он жылда 33 мыңға жуық қой басы 63 мыңға жетіпті. Шаруаны үйлестіру өз алдына елді басқару ісінде қатаң талапшылдығын, кейде осы елге күйеу бала ретімен әзілі де қатар жүрер іскерлігін көп әлі де ұмыта қоймаған.
Бұл шағын ғана рулы елдің «Бірлік» атануының тарихына келсек, Құлын божбаннан тарайтын әулеттің ежелден ынтымағы бекем, зады момын, тыныш жатқан ел болған. Кешегі ашаршылық кезеңде  найман, тарақты, арғын сынды ел-жер асып босқандардың осы мекенге бағыт алғанының біразы жете алмай, қазіргі «Секретарь төбеге» дейін жолай баудай түсіп, ал аман жеткені өздері тарығып отырса да пана бола білген қауымның қамқорлығына қауышып, әрі қарай тірлік жалғап кеткен екен.
Туған елдің тарихын түзуде жас шағымнан ауыл қарияларын ара­лап, қолдарында бар жәдігерлерді жинастырумен айналысып келемін. Ұстаздық еткен кезеңдерімде тарих пәнін туған жермен ұштастыра оқытуды бастымақсат етіп алдым. Мәселен, басқа мемлекеттегі буржуазиялық революция тақырыбын өтсем соны өз еліміздені саяси оқиғамен байланыстыра жеткізу арқылы тек КСРО тарихын танытуға мүдделі жүйенің құрсауынан  ауыл балаларын азат етіп, шәкірттерімді ұлт тағдырына жақындата түскім келді. Бұл кіріктіре оқыту методикасы жаңа технология ретінде кембридждік тәсіл деп шетелден еніп, кейін оқытыла бастады. Шығармашыл мұғалім нұсқау күтпейді, қайткенде, қандай тәсілмен болсын балаға сапалы білім беру міндет, – дейді тәжірибелі ұстаз.
Өзі 1996 жылы мектепте мұражай ашып, елден жинап терген жәдігерлердің барлығын көрмеге қойып, жеке пәнін оқытумен қатар өлкетану бағытына жас өреннің қызығушылығын оятуға ден қойыпты. Өйткені елдің өткенін білмейтін ұрпақ патриот бола алмайды. Бірақ бір қынжыларлығы, осы жасалған дүниелер бүгін жалғасын таппай отыр. Көне заманнан сыр тартатын өткеннің көзі қараңғы қуыста құлыптаулы тұрмай алдағы уақытта аудан мұражайынан орын берілсе ортақ меншікке айналған болар еді.
Өзі таңдаған мұғалімдік мамандықпен шектелмей, бүкіл өмірінде ізденумен келе жатқан аға еңбегіінің астарында туған жерге деген бітпес махаббат жатқан сынды. Бойға біткен осы тәрбиеің негізі ауыл ақсақалдарының асыл үрдісінде жатқанын байқар едік. Соның ішінде ауылдағы беделі басым, терең ілімнің иесі болып өткен Мансұр молда туралы жиі тоқталған аға әңгімесінен көп жайға қанық бооғандаймыз. Молда дегенде ол кісі дінге ессіз берілгеннің қатарында да жоқ, араб, орыс тілдеріне жетік, жаңаша сауатты, бірақ қандай қасиеті барын алдына дау айтып келген кім болсын осы кісінің кесімді билігінен соң бітімге келіп, жаймашуақ тарасып жататынына талай мәрте куә болыпты. Сонымен қатар берген батасы қиыс кетпейтін аузы дуалы жанның сөзіне тұрмайтын бұл маңда кісі болмаған.  Оның ұлы Нәжмуддин ағамыздың да мұғалім, бірақ ғарыштық өріс білім көкжиегін меңгерген, кез келген тақырыпта пәлсапасы мығым, әлемдегі бүкіл діндердің тарихын білетіні, одан бөлек тылсым мінездің иесі екендігін осы өңірдегілер түгел білеміз.
Бұл кісінің үйі Мансұр атаның үйімен көрші отырыпты. Өзі үйден ұзап шыға бермейтін тақуа тұлғаны алыс-жақыннан іздеп келіп, оқытылып ем алушылар да көп, қазаны оттан түспейді. Қораға кеп түсіп жататын мал да көп. Сол төл арасындв бір ақ ешкі бұлардың қорасына қайта-қайта түсіп, еккен егісін жеп рәсуа қыла берген соң шешесі Мансұр молданыкіне барып «бұл ешкіңізді маған сатыңыз»  деп өтініпті. Ол кісі келісіп, ешкіні  беріп, оған қоса алған малдың рахатын көр деп батасын берген көрінеді. Сол ақ ешкі малының құтына айналып, қораларына  дәулет бітіпті. Міне, жақсыдан алған батаның құдіреті.
Біздің сұхбаттасымыз кісінің жақсы болып қалыптаспағына сәби кезден барлық нәрсенің ықпалы бар дейді. Ол осы сәт оқушылық кезеңде өте тентек болғанын, өзі спортқа жақын, мұғалімдерді де зар қақсатқан  қыңыр қылығы көп болыпты. Тоғызыншы сыныпқа келгенде осындай әдеттен  сап тыйған, мұның өмірін тоқсан градусқа бұрған басынан бір ғаламат жағдай өтіпті. Ол кәдімгі балалық махаббат еді. Сыныбынды қатар оқитын, он жыл бойы алысып-жұлысып бірге көйлек тоздырып келе жатқан құрбыға осыншама есі кетіп, кіріптар болам деген үш ұйықтаса түсіне кіріп пе еді? Бірақ шебер Құдай қаласа пенде не көріп, неге көнбеген. Ұзақты сабақтар бойы сол қыздан көз алмай қарап отыра беруге бар. Баяғы дүлей мінез жоқ, қайткенде сол қыздың назарын аударып, жүрегінен орын алуға болады. Бар арман дерті соған тірелген. Мұның осы халін қыз да сезетін тәрізді, бірақ сыр бермеген күйі  екеуі де мектепті бітірді. Одан бір ауыз сөз айта алмаған күйі жігітіміз әскерге кетті. Келсе... қыз басқа біреуге тұрмысқа шығып кетіпті. Одан бері Бірліктің талдары неше рет гүлдеп, неше рет сарғайды. Бұл ғашық болған бойжеткен сарықарын бәйбіше болып, төркіншілеп ауылға сан келіп, кетіп те жүр. Кеудедегі ең алғаш ұя салған балаң махаббатты бұл пірадарыңыз сол бір  жанға күні бүгінге дейін білдіре алмаған күйі мезгіл озып, жетпістің желкенін де артқа тастапты ғой. Асыл сезімнің құдіреті неткен пәк еді! 
Адалдықты пір тұтқан пендесін тағдыр да ренжітпеді. Сонау КазПИ-дің қабырғасында кездестірген Абай ауылының аққуын қолға қондырып, ауылға екеу боп оралған . Алған жары Алтыншаш есімді ару, ол да ұстаз, әдебиет пәнінің мұғалімі, жазып-сызатыны бар шығармашыл тұлға ерекше ақылымен, әдемі әдебімен өмір бойы мұның қабағына кірбің ұялатпай өмірін жұмаққа айналдырып келіпті. Бірлік ауылдық әйелдер кеңесінің мүшесі, елдің алдында жүретін әдеміше келген апамызды көпшілік шараларда біз де көріп қалатынбыз. Бірақ алдыға суырылып шығып, өзін көрсетуге жоқ қарапайым жанның  жазған көркем дүниелері де еш жерде жарияланбай   жеке әлемімен бірге жасай беріпті.
Екеуі өсіріп тәрбиелеген бес бала бүгінде өсіп-жетіліп, бет-бетімен үй болып кеткен. Өздері қаоашаңырақта кенжелері Әсеттің қолында немерелер қызығына кенеліп, ақар-шақар ғұмыр кешіп жатыр еді. Ешкіммен келісіп жатпай кенеттен арман-тілегіңді қиып түсер тағдырдың ісі деген болады екен. Сол жазмыштың үкімі осы бір жаймашуақ жанұяның тілеуқоры - отанасын биыл көктем араларынан жұлып әкетті. Қанша бекем болайын десе де құлағына бір рет те көңілі қалыспаған асыл жары – Алтыншаштың үні келгендей болатын да тұратын ол жанын қоярға жер таппағанда қаламға жүгінетін әдет тапты. Мына өлең жолдары сол жанқиналысының  жаңғырығы болса керек.
«Аяладың мейіріммен шәкірт жанын,
Барлық жұртқа жетуші ед жан                                             шуағың.
Үйіңе келгендерге төрді ұсынып,
Жаюлы тұрушы еді дастарханың.
Ата-енеге сүйкімді келін болып,
Үлкендер өнегесін алып өттің.
Жастарға әр ісіңмен үлгі болып,
Аспанда бір жұлдыздай ағып өттің.
Аузыңнан тастамадың Алланы да,
Ойыңда көп еді ғой арманың да.
Қалған уақыт өзіңсіз өмір сүру,
Тағдырдың пешенеме жазғаны да.
Шерім тарқар, іштегі кетіп мұңым,
Келер жақсы күндерден үміттімін.
Шүкіршілік, ұрпағың жан-жағымда,
Атсыншы арайлап таң, күліп күнім, – деп өз-өзін жұбатып, өз-өзіне басу айтып отырған жайы бар. Анығында жаралы жанына өлеңнен пана тапқан аға жағдайы осындай екен. Ал алда тірі жанға керек өмір соқпағы созылып жатыр. Оның әрбір сәтін мағыналы өткізіп, ұрпақ  тағылымына арнаған ғұмырдариясын баянды ету үшін мықтылық керек.
Баян Үсейінова
25 сәуір 2021 ж. 6 823 0