МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ
Күлан Әбілтанова туралы жазғанда ой алдымен осы тіркес келеді. Аудандағы мәдениет саласының дамуына, өнердің өрге жүзуіне, жастардың осы жолда биік белестерді бағындыруына еңбегі зор. 34 жыл осы салада қалтықсыз қызмет етіп келе жатқан маманды мақалаға арқау еткенді жөн көрдік.
Күлан апай өнер саласына қалай келді? Осыдан бастайық.
– «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, бала кезден өнерге жақын өстік. 1982 жылы Сүттіқұдық ауылдық округіндегі мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институына түстім. Жоғары оқу орнын бітіріп, аудандық мәдениет бөліміне жұмысқа орналастым. Ол кезде автокөлік меңгерушісі деген қызмет болатын, қазіргі тілмен айтқанда жылжымалы мәдени кешен ғой. Мақсатымыз – ауыл-ауылды аралап, диқандарға, малшылар қауымына қызмет жасайтынбыз. Өнер жолымдағы дара жолым осылай қалыптасты, – деді кейіпкеріміз.
Одан кейін сол кездегі мәдениет бөлімінің басшысы Әбілтай Сүлейменов талантты жасты инспекторлық қызметке орланастырды. Талантты дегеніміз, Күлан апай сахна төрінде көптеген ролдерді, қойылымдарды орындай алатын шебер орындаушы болды.
Бұл жайында: «Жалындап тұрған шақ, күні-түні іс-сапарда болатын едік. Үгіт бригадаларының құрамында болып, егінші қауымға қызмет еттік. Тау-тауды аралап ән салдық, кино әлеміне саяхат жасадық. Бүгінгі заманнан ерекшелігі осы болды. Спектакльде де рол ойнадық, ән де айттық. Сауран Елеуов, Халтай Арқабаев үшеуміз трио болған кез қызық болатын. Менің мәдениет саласында қалыптасуыма ықпал еткен, ұстаз бола білген Әбілтай ағайдың орны мен үшін бір бөлек» – дейді ол.
Иә, кешегі тоқсаныншы жылдағы тоқырауда еңсесі түскен елге рухани азық беріп, көңілдеріне демеу, шабыт берген өнер ұжымына құрмет зор болды. Манап Көкенов бастаған біртуар мәдениет майталмандары ауыл аралап, концерт беріп, елдің ішінде болды. Сол көште Күлан апайдың да өзіндік қолтаңбасы, ізі қалды. 1998 мәдениет үйіне директор қызметін абыройлы атқарып, 2003 жылдан бері «Арман» кенттік мәдениет үйінің басшысы қызметін атқарып келеді.
«Ұстаздан шәкірт озады» демекші, қаншама жастың шығармашылығына шырақ жағылды. Өнді-өсті, әлі де жас өрендер есейіп, тәрбиеленіп келеді.
– Сіз қызметке келген жылдар мен бүгінгіні қалай салыстырар едіңіз?
– Шыны керек, қазір заман дамыған. Ақпарат алу, тәжірибе алмасу, барлығы қолжетімді. Ол кезде онкүндік оқуға сапарлап Алматы, Шымкент шаһарларына жол
түзуші едік. Қазір уақыт жоғалтпай, онлайн арқылы да сол семинар, оқуларды оқи аламыз. Жалпы алғанда ХХІ ғасыр – білімнің алтын ғасыры. Сондықтан жастарға мүмкіндігінше көп іздену керек. Өнер жолы ауыр жол, қазір талғамға, сапаға қарайды. Ең бастысы, елге, ұлтқа қызмет етудің жолын қалыптастыра білу керек. Мына індеттің өршіп тұрған шағында өнер адамдары туралы түрлі сын пікірлер айтылуда. Бұл дұрыс әрине, дегенмен оның барлығы уақытша. Мәдниетсіз елдің ертеңі бұлыңғыр, яғни мәдениет пен спорт бұл елдің елдігін анықтайтын сала деуге болады.
Біз үнемі байланыста болып, апайдың мінезін, оның еткен еңбегін білеміз. Бірақ әлі де жақынырақ тануға талпынып көрген едік. Дегенмен тұлғалық болмысынан қызметін жоғары қоятын Күлан апай сөз арасында ұжымына, әріптестеріне көбірек тоқталды. Мәселен, Мәдениет Тотаевтың ағалық, ақылмандық жолынан бастап, Елбасының алдында ән салған Ырыскүл Ұлықпанованың еңбегін, театр, режиссерлік қабілетімен танылған Шакизат Қарабекова мен шәкірт тәрбиелеп жүрген әнші Рашид туралы да тоқтала кетті.
– «Арман» мәдениет үйінің бүгінгі биігі осында тамшы терін төгіп жүрген қызметкерлерінің арқасы. Ешқайсысын бөліп-жарғым келмейді. Қазір бізде 6 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде би үйірмесі Балнұр қызымыздың еңбегі зор. Ән, ақындық өнер, көркем сөз үйірмесі жүйелі жұмыс жасайды. Шыны керек кез келген жас өнерлі келеді. Бірақ, олардың сөйлеу мәнерін қалыптастыру, сахнада болсын, кез келген ортада болсын дұрыс сөйлеу алуы аса маңызды. Сондықтан көркем сөз үйірмесіне келушілердің қатары көп. Одан кейін кіші және үлкен топқа арналған драма үйірмесі мен құммен сурет салу үйірмесі бар. Құммен сурет салу үйірмесі аса қажет біз үшін, өйткені бұл үйірмеге келушілердің көбі денсаулығында кінәраты бар балалар. Олар құмға сурет салу арқылы өздерін дамытады. Жалпы біздің жұмыс осы үйірмеден көрінеді, – деді Күлан апай.
Аяулы жар, ардақты ана, асыл әже, отбасының шырақшысы Күлан Әбілтанованың шынайы болмысын бір ауыз сөзбен өрнектеуге болады. Қызметіне адал, қарапайым, болмысынан нағыз қазақылықтың қаймағы кетпеген, ең бастысы білікті басшы.
Әли ТЕМІРБЕК