№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» Халық талғамына сай қызмет көрсетудің жолы қайсы?

Халық талғамына сай қызмет көрсетудің жолы қайсы?


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы барлық саланың дамуына бағытталды. Оның ішінде, мәдениет саласына ерекше мән бергенін айту керек. Бұл – мәдениет қызметкерлерін шабыттандырды, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға жігер берді, алды-артын бағамдап, кәсібилікті шыңдауға септігін тигізді. Бесарық ауылдық клуб үйінде өткен «Халық талғамына сай қызмет көрсетудің жаңа әдістемесі» атты семинар-кеңес соның айғағы.


Мәдениет саласының майталмандары мен жас қызметкерлері бас қосқан рухани-мәдени шарада М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Зульфия Шалабаева мәдениет саласының алдында тұрған міндеттерді саралап, қалыптасқан стереотипті өзгерту жайын баяндады.
– Бізде мәдениет – концерт деп қабылданады. Осы тар түсініктен арылу қажет. Халықтық театр мен көркемөнерпаздар ұжымы, үйірмелерге серпін беріп, жас мамандарды тарту маңызды. Бір сарынмен өтетін шаралардың мазмұнын байытып, формасын өзгерту керек. Мәдениет саласын мәртебелі етудің жолы – осы, – деді аудандық мәдениет үйінің директорының міндетін атқарушы.
Одан кейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Шертекова сөз алып:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлінбей отырғанын айтып, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне мән беруге ерекше тоқталды. «Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығын айқын сездіртуде. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс» деді. Мұны естігенде қуанғанымыз рас. Руханият елдің қайнар күші, ішкі қуаты. Яғни мәдениет – ұлттың ұлылығын көрсететін құрал. Сондықтан мемлекет басшысының мәдениет саласына мән беруі – елдіктің қамы, мемлекеттіліктің мүддесі. Жалпы жолдауда айтылған нақты ұсыныстар мәдениет саласы қызметкерлеріне жаңа серпін берді, жауапкершілігін бекемдей түсті, – деді.
«Айсыновтар» отбасылық халықтық ансамблінің жетекшісі Айымкүл Айсынова болса жаһандану дәуірінде ұлттық нақыштағы өнерді дамытудың маңызына тоқталды.
Мәдениет саласының бес бағыты бойынша өткен шеберлік сағаты «Күй құдіреті», «Вокал», «Сахна актерлігі», «Сценарий дайындау» және «Би» шеберлігі бойынша өрбіді.
---
21 қыркүйек 2019 ж. 937 0