№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өнер – таңдап қонатын бақ

Өнер – таңдап қонатын бақ


БЕС САУАЛ:

– Өнер адамы кім?
– Өз ісіне жүрегімен
берілген жан.
– Әртістің бойындағы
үш қасиет?
– Талант. Талғампаздық.
Тазалық.
– Ең алғашқы сахнаңыз?
– Ауыл сахнасы.
– Ер жігіт қандай
болуы керек?
–Әділ әрі көпшіл.
– Кімді үлгі тұтасыз?
– Шәкен Айманов пен Манап Көкеновты.

Аудан мәдениеті мен өнерінің өрістеуіне қырық жыл қызмет етіп, қиындығы мен қызықшылығын тең көріп, өзінің әртістік, сценаристік, режиссерлік, жетекшілік және әріптестік қырын аша білген Мәдениет Тотаевты Пайғамбар жасқа толуына орай сенбілік сұхбат төріне шақырдық.
– Ерекше есіміңізді кім берді?
–Жалағаш ауданы Мәдениет колхозында өмірге келгендіктен әкем есімімді осы ауылдың құрметіне қойыпты. Інім Талап «Талап» ауылында туылған. Меніңше, адам есімі өмір жолын таңдауға, алға талпындыруға ұмтылдырған секілді. Жастайымыздан өнерге жақын болып, ауылда ән айтып, көпшіліктің батасын ала бастадық. №209 «Түгіскен» орта мектебін бітіріп, әскер қатарында 2 жыл борышымды өтедім.
–Өнер жолын қалай бастадыңыз?
–Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы мәдени ағарту институтын «Мәдени жұмыстарын ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқыдым. Осы студенттік жылдары елге белгілі әртістерден сабақ алып, сахна мәдениеті мен әдебін үйрендім. Шығармашылық жұмысқа араласып, түрлі образдарды сомдай бастадым.
–Аудан мәдениетіне қосқан үлесіңіз?
–Жоғары білім алған соң, 1981 жылы аудандық мәдениет үйінің әдіскері қызметіне орналастым. Ол кезде сценарий жазудың өзі үлкен машақат еді. Машинкамен теріп іс-қағаз жүргізетінбіз. Әмір Мәжитов, Есіркеп Қоңқабаев және Манап Көкеновтермен бірге қызмет еттім. Актерлік қабілетімді ұштап, халық театрында 20-дан астам рөлді сомдадым. Әр рөлді өн бойымнан өткізіп, халыққа шынайы жеткізуге тырыстық. Оның ішінде жүрегіме жақыны қазақ батырлары. «Дала жұлдыздары» мәдени үгіт бригадасымен түрлі бағдарламаларды сахналадым. Авторлық бағдарламалар жазып, театрландырылған қойылымдар қойдым. Балаларға арналған 4 бөлімнен тұратын пьеса жаздым. Бүкілодақтық өнер байқауынан екі мәрте жеңімпаз атандым.
–Халық «Жаңаша» әзіл-сықақ театрын біледі. Режиссерлік жүгі қандай?
–«Жаңаша» әзіл-сықақ театры аудан үшін үлкен жаңалық болды. Осы театр кезінде ауыл-ауылды аралап, өнер көрсетіп, халықтың ықыласына бөлендік. Бірнеше рет облыстық байқауларда жеңіспен оралып, мерейіміз тасыды. Өзім әрі режисер, әрі сценарист, әрі әртіс бола жүріп, осы театрді халыққа таныта білдім деп ойлаймын.
–Алғашқы пародияңыз?
–«Алғашқы махаббат», «Смулянка», «Ұмытшақ әнші», «Емтихан тапсыру». Осылар менің ең алғашқы орындаған туындыларым.
–«Арман» мәдениет үйінің «көркемдік жетекші» қызметіндесіз. Әріптестеріңізбен қандай қарым-қатынастасыз?
–Біз бір отбасындай бауырмал болып, қандай жағдай болмасын кеңесіп, ақылдасып отырамыз. Күләнда Әбілтанова ұжымды ұйыстырып отырған білікті басшы. Негізі, ұжымда бірлік пен тірліктің болуы басшыға байланысты.
–Жарыңызды қалай кезіктірдіңіз?
–Біз бір қалада, бір институтта оқыдық. Ол оқуға енді келген кезде мен соңғы курс студенті едім. Таныстық достыққа, достық махаббатқа, махаббат отбасы құруға жетеледі. Жарым Сәбира Нұғманова аудандық кітапханада абыройлы қызмет етеді. Құдай бізге, 5 ұл, бір қыз нәсіп етті. Олардан немере сүйген бақытты атамын.
– Өнерде жүрген ұрпағыңыз бар ма?
– Қызым Райхан өнер саласында біраз еңбектенді. Тұрмыс құруына байланысты сахнаға шығып жүрген жоқ. Ал, немеремнің ішінде Айзерем төрт жаста болғанымен әртістік қабілеті бар. Түбі, осы немеремнен үлкен азамат шығады деп ойлаймын. «Өнер – таңдап қонатын бақ» деп айтады емес пе? Сол бақтың таудай талап пен еңбектене білгеннің ғпнп есігінен сығалайтынын ұмытпайық.
–Сіздің ойыңызша, Пайғамбарлық жас деген не?
– Өзіне-өзі есеп беретін, ұтқаны мен ұтылғанын саралайтын жас.
– Сұхбатыңызға үлкен рахмет!

Мақпал МАРҚАБАЙ.
31 наурыз 2018 ж. 1 780 0