Көпестің көзі
Алыс шаһарларға тең – тең жүк тиеп кіре тартып,оны басқа бағалы бұйымға айырбастаумен өз көшін түзеп қана қоймай, арттағы елдің әлеуетін арттырып, өрісін өркениетке жалғар сауданың көзін тапқан тұлға – көпес ұғымы архаизмге айналып заманауи тілде бартер, бизнес деген жаңа атауға ие болды. Сайып келгенде, бәрінің түбі бір жеке кәсіпкерлік дегенге саяды. Қазіргі күндері мемлекеттің ең басты қағидаты да осы болып отыр.
Ауданымызда ең алғаш дара кәсіпкерліктің қазығын қаққан тұлға – Серік Азнабаевпен әңгіме барысында осы тақырыпқа терең көз қанықтыра түстік.
– Атам Азнабай Сыр бойындағы бай, дәулетті адамның бірі болған. Жергілікті байлардан жүн, тері жинап, Өзбекстан асып, орнына тай-тай мата, ыдыс-аяқ, өрік-мейіз алып келіп, ел тұрмысын алға сүйреген етітірілігімен ауызға ілігіпті. 1928 жылы елде кәмпеске жүргенде бар дүниелігін еркімен тапсырған жазадан құтылады дегенді демеу тұтып, жанұясын алып, бас сауғалап Шиеліден Жаңақорғанға құр қол қоныс аударған екен. Көп ұзамай көз жұмып, жолын әкеміз Өтеген жалғапты. Оның жетпіс жастан асқанда көрген кенжесі едім. Әкем отыз төртінші жылдары санаторияда жұмыс атқарып, одан әрі МТС мекемесінде қойма меңгерушісі болған. Зейнетке шыққан соң да қарап отырмай атакәсібіне арна салып, көрші Шиеліден ауыл-үйді жағалап, бір-екі қойдан жинап, 50-60 малды алдына сап аяғымен айдап келеді екен. 5-6 жасқа келіп қалған мен талай қасына еріп жүргенмін.
Әкем темірден түйін түйген ұста еді. Көрігін қыздырып, елге қат тұрмыстық заттарды талай соғып беретін. Ағаш жонып есік-терезе жасап, осы тірліктерінің барлығына менің де көзім қанып өстім.
– Балалық шағыңыздың қандай естеліктері қымбат? – деп сауал тастадық сұхбаттасымызға.
– Анам Айша алты жасымда өмірден озды. Сондықтан ба, сәби шағым анамды аңсап сарғайған сағыныштан ғана тұратындай. 59 жылы кентті су алғанында сеңде суық тиіп, маған жүкті кезінде бауырдан зақым алған екен, жиі облыс орталығына ауруханаға кететін. Денесі ісініп, мазасы кеткеннен «доқтырға барып әдемі болып келсей» дейтінмін, уақытша болса да қабағы жадырап жүретінін көргім кеп. Бірде маған сары бәтеңке сатып әпергені, ол қатты қысса да жасырып айтпай, соны киіп Қосүйеңкідегі нағашыларыма қыдырып бара жатқанымызда автобуста жұртты үре-дүре қып жылағаным есімде қалыпты.Өзімнен ересек апам Сапура анамнан артық мәпелеп, бағып-қағып өсірді.
Жеті жасқа толар сары күзде Жаңақорғандағы мектеп-интернатының партасына келіп отырдым. Әшірбековтың басқаратын кезі. Тәртіп қатал. Бұл білім ошағынан тек мектеп ішінде түзу сызықтан шықпай жүріп -тұруды ғана емес, бүкіл келешек өмірімізде өнегеден танбай кісілікті адам болуға дағдыланыппыз. Ұстаздарымыз да мықты еді. Математика, тарих, қазақ тілі, физикадан сабақ берген апай-ағайларымыз – Искендиров Сейтқали, Ақылбеков Әмзебек, Қанткүл апай, Уайдаев Өтеген, француз тілінен берген Сәпия Жігітова, орыс тілінен Валентина Мишкова сынды ұстаздар еңбегін ақтап, бір сыныптан 8 отличник шықты. Соның қатарында Нұрберген Тасқынбай, Жұмағали Ібішев, Сейсенов Толысбай, Бәйімбетова Мадина бар еді. Мен мектепті екпінді қатарында бітірдім. Көпшілігі малшы балалалары оқитын мектепте менің орысшам мықты болды деп айта аламын. Соны аңдаған апайым орыс жазушыларының кітабынан ең қызық жерін оқып беріп, ар жағын, өзің оқы деп менің қолыма ұстатып жіберетін. Мен бас алмай оқуға кірісер едім. Кітапты оқытудың осындай тәсілі бар екен. Содан жаман болғаным жоқ. Орыс тілін жақсы меңгердім. Павел Корчагиннің «Как закалялась сталь» кітабы менің жабырқаған көңіліме көл – көсір қуат құйды. Тіпті өмір бойы желеп – жебеп жүрді десем де болады. Осы тұста жазушы қауымның талантына тәу етуге бармын, – дейді ол шын пейілімен.
– Қатарларыңыздың ең алды боп отау құруыңызға не себеп болды?
– Әкем мені он сезіз жасқа толар-толмас үйленуімді дұрыс көрді. Көзі тірі кезінде немерелі болып, оған «Болат» деп ат қоюды аманаттады. Шын тілек қабыл болады екен. Бүгінде атасының кәсібі – ұсталықты нақты жалғап келе жатқанг немересі осы – Болаты. Ал біз оны Әмір дейміз.
«Отанға қызмет етемін»
Сегізжылдықтықтан соң Шымкент қаласындағы Автомеханикалық техникумға түсіп техник-механик мамандығы бойынша бітіріпті. Алғаш еңбек жолын Жаңақорғандағы №1 автобазада бастады. Жаңақорған оқу-өндірістік комбинатына «ГАЗ-51» көлігі беріліп, соны қаладан алып келу Серікке жүктелген екен. Он тоғыз жастағы жігіт, әлі бір рет машина руліне отырып көрмеген, намысқа тырысқан ол жоқ демей, Қызылорда қаласынан машинаны өзі айдап келген батылдығына қазір таң қалады.
1979 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, тамыз айында Ант қабылдап, алдымен ал желтоқсанда Ауғанстанға баруға бұйрық алды.Шынын айту керек. Алғашында айбынды Кеңес армиясының күші мен құдыретіне сеніп келген жас қырандар шекарадан кіріп болмай өздерін қаймықпай атқылаған қарсылыққа кезіккенде Совет Одағы сынды алып державаның солдатын ата алатын, олардың әуе және жердегі транспортынан да басым түсетін қуаты бар қарсы күштер тұрғанын мойындап сағы сынып, рухы түсіп кеткендерін жасырмайды. Бұрын насихатталып келгеннің барлығы әсіреқызыл мақтан екенін жан түйсіктерімен мойындады. Бірақ кері шегінуге жол жоқ. Жауынгер бұйрыққа бағынады.
Сонымен біздің кейіпкеріміз Кеңес әскерлерінің полкында Ауғанстан аумағындағы Саланг асуын және Кабул қаласын қорғауда Отан алдындағы парызын өтеп, 1981 жылы елге оралды.
Әскерден оралысымен өз жұмысын қайта жалғастырды. Он жыл осы автотраспорт кәсіпорнында комсомол ұйымын басқарды. 1990-2002 жылдар аралығында Ауған соғысы ардагерлері аудандық ұйымына жетекшілік етті. 1988 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікке ден қойды. Қоныс орталығынан ең алғаш «Абылай» дәмханасын ашты. Сол кездері жабылып қалған ОРС дүкені орнына мебель жасайтын шеберхана ашты. 2000 жылдардан бері қарай орталықта құрылыс жабдықтарын сататын базарды іске қосып, жұмысына жан бітірді. Қазірде жаңадан салынған өз тұрғын үйі жанынан көлік жуатын орын, СТО, газопеноблок шығаратын шағын заводты іске қосты. 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл жұмыстарда іскер азаматқа өз балалары да үлкен қолқабысын тигізіп келеді. Бәрі жоғары білімді мамандар. Осы кәсіптің барлығын жетік меңгеріп, жұмыскерлерді мамандандырып, іске баулып келе жатқан үлкен ұлы – Әмірге қатты арқа сүйейтінін жасырмайды. Ал екінші ұлы – Ерік болса заңгер мамандығын игерген. Кең жоспарлы кәсіптің бір қанатын ол да көтерісіп келеді. Мәди мен Замирдың да қыруар көмегі бар. Ал ұлдары Абылай дәрігерлікті таңдаған, Алматы қаласында тұрады екен.
– Мен ең бастысы әкем армандаған биіктен танылғаныма қуаныштымын, – дейді Серік аға ағынан жарыла. Осының барлығына әуелі Тәңірім қолдап, екінші жан-жарым Сәуленің алтын босағасына деген айнымас адалдығы, риясыз мінезі, салмақты ұстанымының арқасында қол жеткіздім деп ойлаймын. Ол өз мамандығымен қазірде аудандық білім бөлімінде бас есепші болып жұмыс жасайды.Сәулемен Шымкентте оқып жүрген кезімде танысқанмын. Үйлене сала жас нәрестемен қалдырып екі жыл әскерге кеттім. Денсаулығыма кінәрат жамап біраз жыл әуре – сарсаңға да салдым. Соның барлығына бір қабақ шытпай, отбасымның шырайын кіргізіп, тамаша перзенттер тәрбиелеп шығуға барын салған жан серігіме разылығымды жеткізгім келеді. Қазірде екеуміз де сол балаларымыздан тараған немерелер қызығына кенеліп отырған жайымыз бар.
Иә, кәсібін аяққа тұрғызғалы бері өзінен сәл артылғанды көппен бөлісуден жаңылмайтын жомарт жігіттің қайырымдылық шараларына да көпшілік куә. Ол өз балалары оқитын орталықтағы №169 орта мектебінің айналасын қоршап беріп, мектеп дирекциясы мен оқушылардың алғысына бөленгеніне ата-аналар қатарында өзіміз де куә болған едік. Оның осындай азаматтық жәрдем көмектерін біраз мұқтаж жандар сезініп келеді. Ал халқымызда “Алғыспен ел көгерер” деген мәтел бар. Көптің ықыласына кенеліп, көркейіп, көбейе беріңіз деген ізгі тілегімізді жеткізгіміз келеді.
Баян ҮСЕЙІНОВА,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі