АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН САТУҒА ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ ТӘРТІБІ
Елімізде алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу үшін лицензия алу міндетті. Кәсіпкерлер өтінішті e-Gov.kz немесе e-License.kz порталдары арқылы электронды түрде бере алады. Лицензия алу үшін өтініш толтырып, лицензиялық алым төленгенін растап, белгіленген талаптарды орындау қажет. Лицензия беру мерзімі – бір жұмыс күніне дейін. Кәсіпкерлерге заң талаптарын сақтап, қызметті тиісті лицензия негізінде жүзеге асыру ұсынылады. Заң талаптарын сақтау – жауапты кәсіпкерліктің кепілі.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Салық төлеушілермен жұмыс
бөлімінің бас маманы
Ақылбек Жамбыл Әбділлаханұлы



