ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ!

«Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Шалхия» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын талқылауға арналған кездесу өтті. Жиынды «Шалхия» бастауыш партия ұйымының төрағасы Үсенов Темірбек ашып жүргізді.
Жиында Жолдауда белгіленген ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік-экономикалық міндеттер, халықтың әл-ауқатын арттыру және қоғамның өзекті мәселелерін шешу жолдары сөз болды.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, Жолдауда көтерілген бастамалардың өңірлік деңгейде жүзеге асырылуының маңыздылығына тоқталды.
«Әділет» партиясы өз қызметінде Жолдауда айқындалған міндеттерді басшылыққа ала отырып, халықпен тұрақты байланыс орнатуға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін назарға алуға және ел дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға басымдық береді.




