Шаруа немесе фермер қожалықтарының салықты есептеу тәртібі және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерін төлеу мерзімдері
Шаруа немесе фермер қожалықтарының салықты есептеу тәртібі және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерін төлеу мерзімдері
Ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын шаруа немесе фермер қожалықтары салық міндеттемелерін белгіленген тәртіппен орындауы қажет. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 730 және 732-баптарында салықты есептеу мен төлеуге қатысты маңызды нормалар көзделген. Бұл талаптарды сақтау шаруа қожалықтардың есебін дұрыс жүргізіп, салық берешегінің алдын алуға мүмкіндік береді.
730-бапқа сәйкес, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші дербес жүргізеді. Есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлеме қолданылады. Осыған байланысты шаруа немесе фермер қожалығы салық салу объектісін дұрыс айқындап, өзіне қатысты салық сомасын белгіленген тәртіппен есептесуі тиіс.
732-бапта салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерін төлеу мерзімдері белгіленген. Салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген сомалар ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей төленеді. Ал 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін есептелген сомалар келесі салық кезеңінің 10 сәуіріне дейін төленуге тиіс. Жеке табыс салығы жер учаскесі орналасқан жер бойынша бюджетке аударылады.
Шаруа немесе фермер қожалықтарының басшыларына салық салу объектісін дұрыс анықтап, есептелген сомларады белгіленген мерзімде төлеу ұсынылады. Салық міндеттемелерін уақытылы орындау берешектің туындауына және мерзімін өткізіп алуына байланысты қосымша шығындарға жол бермеуге көмектеседі.
Жаңақорған ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы,
Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің
бас маманы Аятбек Арсен Сейілханұлы

