№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қызылордалықтарқазақтың ортақ қайғысына қол ұшын беруді жалғастыруда

Қызылордалықтарқазақтың ортақ қайғысына қол ұшын беруді жалғастыруда

Ел басына күн туған сын сағатта Сыр жұртшылығы арыстық ағайынға қол ұшын соза білді. Жапа шеккендерге автокеруенмен азық-түлік, керек-жарақтар әлі де жол тартуда. Барлық өңірлердегі «Арыс, біз біргеміз» қайырымдылық акциясына қомақты үлес қосуда.«Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер тобының белсенділігі жоғары болып отыр.



24 маусым күні жарылыс болғаннан бастап, қызылордалықтар қайырымдылық керуенін жасақтады.  Интернет арқылы ақпараттандырып, нәтижесінде абзал азаматтар 15 тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық пен 1,5 тонна сүт және гигиеналық-тұрмыстық қажетті заттар Арысқа жөнелтілді. Автокеруен толы заттар бүгінде арыстықтарға аман-есен жөнелтіліп, тиісінше үлестірілді. Сондай-ақ, Қызылорда қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері 174 мың теңге көлемінде қайырымдылық жасады. Бұл – облыс атынан аттанған қайырымдылықтың алғашқысы.
    Ал, енді 26 маусымда «Нұр Отан» партияның облыстық, қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері 300 мың теңгекөлемінде бір күндік жалақыларын аударды. Онан бөлек облыстық мәслихаттың депутаттары, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері, Имамзада Шағыртаев 1 млн теңге, Темірхан Әлімқұлов 300 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті. Облыстың үздік жастары соның ішінде «Жас Отан» ЖҚ 50 еріктісі көршілес ағайынға көмек көрсетуге жол тартты. Облыстық партия филиалындағы қабылдау бекетіне «Ақжан су» ЖШС-нен 1002 дана ауыз су әкеліп берді. Онан бөлек тұғындар тарапынан гигиеналық заттар, балалар киімдері секілді заттар жинақталуда.
–Қабылдау бекеттері тәулік бойы жұмыс жасап жатыр.  Жаңақорған аудандық және Тұран партия филиалдары белсенділері 490 мың теңге қаражат жинады. Сонымен қатар, Арыс қаласының тұрғыны, қазір Қызылордада туыстарының үйін паналап отырған Рима Тулеуоваға  50 мың теңге қаржылай және азық-түлікпен көмек көрсетілді.  Бұл жұмыстар жалғасатын болады,– дейді "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Қасымов.
Облыс әкімі жанынан құрылған штаб пен аудандардағы "Nur Otan" партиясының филиалдары мен мешіттерге азық-түлік пен киім-кешек және қаржылай  көмектерін беруге жұртшылық өкілдері әлі де ағылуда.  Жергілікті атқарушы органдар мен мекемелердің қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударуды жалғастыруда.

Ескендір Ертай.
27 маусым 2019 ж. 836 0