Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 53

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 9 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек, керекті заттар аудан атынан Арыстық ағайынға жол тартты

9 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек, керекті заттар аудан атынан Арыстық ағайынға жол тартты



25 маусым күні ақшам намазынан соң, ЖАҢАРҒАН ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ ЕРІКТІЛЕР тобының жетекшісі Еркінбек Айнақожаев және белсенділер  Қоғамбек Бейсенбиев, Қайрат Оралбеков, Арман Мажитов, Наржан Молдабеков, Данияр Досантаев жəне де тағы басқалары   азық-түлік тиелген 2 Газель автокөлігін бастап Шымкент шаһарына қарай жолға шықты. Аллаһым арыстық ағайынға жеңілдігін берсін!

Сонымен бүгін ұйымшылдық үлгісін көрсеткен жаңақорғандықтардың атсалысуымен 3 Газель автокөлігіне мен 1 Пикап көлігіне тиелген 9 тонна азық-түлік пен киім кешек, өзге гигиеналық тұрмыстық заттар Арыстық ағайындарға жол тартты.


Əрине, атсалысқанның бəрін атасақ, ұзын-сонар тізім шығады. Сондықтан ұжыммен бірлесіп берген екі-үш мекемені атасақ. "НҰР ОТАН" партиясы аудандық филиалы, Жаңақорған аудандық мешіті, Аудан əкімдігінің дербес бөлімдері, ГЦВП орталығы, аудандық емхана мен аурухана ұжымы заттай, Жаңақорған кент əкімдігі қаржылай, "Қызылқұм" ЖШС "Хорасан-1" кеніші ұжымы 300 мың теңге ұсынды. Осындай қолдау көрсеткен кәсіпкерлер мен тұрғындарға мың алғыс. Ал, қайырымдылық үшін  Каспи Голд карточкасына 450 мың теңге түсті. Игі шараның ақпараттануына қолдау көрсеткен  Нурбол Бакиров (Nurbol Noni Bakirov) қа рахмет.




Баршаңызға Алла разы болсын! Жақсылық жолында жарысайық!
26 маусым 2019 ж. 703 0