№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Оң босағаға салу» салты дегеніміз не?

«Оң босағаға салу» салты дегеніміз не?



Қалыптасқан салт бойынша, адам қайтыс бола салысымен жағын таңып, қол –аяғын түзеп, дереу арнаулы үй, шатыр немесе оңаша бір үйге алап шығып сақтайды. Арнаулы үй тігуге шамасы келмесе, марқұмның жатқан үйіндегі азық-түлік, ыдыс- аяқ түгел сыртқа шығарылып әкетіледі де, марқұмды жерлегенше сонда жатқызады.
    Қайтыс болған адамды қалай жатқызып, сүйегін қалай сақтауының да өзіндік жол-жосыны бар. Мысалы, қайтыс болған адамды үйдің оң жақ босағасына басын солтүстікке, бетті (жүзін) құбылаға ақаратып, астына стөсеніш төсеп,шалқасынан түзу жатқызады да, үстіне жеңіл, жұқа мата жауып, шымылдық тартып, көзден көлегейлеп тастайды. Міне, бұл «оң босағаға салу(жатқызу)» деп аталады.
    Әдетте, жеті-нәзірі өткенше марқұм болған кісінің бала-шағалары мен тіке туыстары қазан-аяққа араласып ас-су әзірлемейді.Тек көңіл айта келгендермен көрісіп, жоқтау айтып отырады. Алыс-жақыннан көңіл айта келгендерді күту көрші-қолаң, құда-жекжаттарының міндеті болады. 
16 мамыр 2019 ж. 1 311 0