№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сығандар бар байлығымен қоса жерленеді екен

Сығандар бар байлығымен қоса жерленеді екен


       Әрбір халықта марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі - өз алдына ерекше дәстүр. Көптеген ұлт қаралы шараны барынша қарапайым өткізуге тырысады. Алайда, сығандар сыңайлы көзі тірісінде жиған-терген дәулетімен қоса жерлейтіндер жоқ деуге болады. Бұл халықтың жерлеу рәсімі құдды бір салтанатты іс-шара сияқты өтеді, – деп жазады «жаңақорған тынысы» газетінің сайты NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.

         Сығандар христиан болып саналғанымен, біз білетін бұл дін өкілдерінен олардың салт-дәстүрлері әлдеқайда басқаша. Сыған халқы адам өлімінен кейін «о дүниелік өмірдің» барына қатты сенеді. Сол себепті, олар келесі өмірде марқұмның жағдайы барынша жақсы болсын деген ниетпен, оның бар жиған-терген байлығын қоса жерлейді. Сығандардың жерлеу рәсімі адамды жер қойнауына тапсыру емес, бір зәулім үйден екіншісіне көшу шарасына көбірек ұқсайды.
         Тіпті, зират басына баратын жолдардың өзі ауқатты адамдар үшін барынша қолайлы етіп жасалған.
Сығандардың бай-бағландары мысырлық фараондар іспетті жерленеді. Марқұмға жер астынан жеке бөлме жасалып, оны көзі тірісінде жақсы көрген заттарымен жабдықтайды.
Бейіт басына қойлатын ескерткіштің өзі сығандар үшін аса маңызды болып саналады. Онда қайтыс болған адамның ат үстіндегі немесе көліктегі суретін салады.
Марқұм жиһаз, қымбат ішімдік, техника, ұялы телефондар мен алтын бұйымдармен қоса жерленеді.
Оған қоса, оның күнделікті өмірде қолданған жеке заттары да жер астына кетеді.
Кейде қайтыс болған адамға бірнеше бөлмеден тұратын жер асты пәтер салып береді. Ең ауқатты деп танылған сыған көліктеріне толы гаражымен жерленеді.
Алайда, бұл құбылыс өте сирек кездеседі. Бұл халық өкілдерінің барлығы дерлік мұндай қадамға келіспейді.
Ең соңында, табыт жер қойнауына түскеннен кейін, жерлеу рәсіміне келген әйелдер үстіндегі алтын бұйымдарды шешіп, марқұмның жер асты үйіне лақтырады.
01 ақпан 2019 ж. 1 639 0