№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛАҒА ҚОНАҚ КҮТУДІ ҚАЛАЙ ҮЙРЕТЕМІЗ?

БАЛАҒА ҚОНАҚ КҮТУДІ ҚАЛАЙ ҮЙРЕТЕМІЗ?

"Асыл арна" сайты әлеуметтік желіге қазіргі қоғамдағы қонақ күту мәдениетін қалай қалыптастыру керек екені туралы ой саларлық дүние жазыпты...
Иә, баланың көпшіл, қонақжай болып өскені жақсы. Балаға келген қонақтың қамын жасауды әкесі айтып, үйретуі керек. Сонда бала өзін сол үйдің иесі, әкесінен кейінгі бас көтерер азаматы ретінде сезіне бастайды.
Мысалы, балаға мына сөздерді айтып, оны үлкендерді сыйлауға үйрете беріңіз:
1. «Балам, қонақтың алдынан шық»
2. «Балам, үлкен кісілердің киімін ал»
3. «Балам, қонақтарға құманмен су әкел»
4. «Балам, қонақ келгенде «төрлетіңіздер, үйге кіріңіздер» деп айтуды үйрен»
5. «Балам, қонақтарға көрпе төсе»
6. «Балам, қонақтарға қымыз ұсын»
7. «Шынтағына жастық бер»
8. «Ас ұсын»
9. «Үйдегі барды алдына тос»
10. «Балам, қонақтарды шығарып сал»
Міне, осы нәрселерді айтып, үйретіп отырсаңыз, бала қызмет ете жүріп, үлкендердің тілек, батасына ілігуге, барынша кішіпейіл, өзгелерге жұғымды болуға мүмкіндік алады. 
Оның үстіне, қонақ күту деген - ерекше сауапты амал. Қазақ «қонақ құтымен келеді», «қонақ он береке әкеліп, тоғызын сол үйге қалдырып кетеді» деп бекер айтпаған. Қонағына құрмет көрсете алатын адам Алланың разылығына, сыйына бөленеді! 

15 ақпан 2019 ж. 1 359 0