№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР ЖЕДІҢ БЕ, ҚҰДА БОЛДЫМ ДЕДІҢ БЕ?

ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР ЖЕДІҢ БЕ, ҚҰДА БОЛДЫМ ДЕДІҢ БЕ?


Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.

Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы «Құйрық бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық Қуантай Әблмәжінұлының құдалығында «құйрық бауыр» ұсынғанда Қанапия қызы Орынбасар құдағи осы қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті. Осы құдаларға қарап, былай деп әндетті:
Құда, құда дейсің ау, әй,
Құйрық бауыр жейсің ау, әй,
Құйрық бауыр жемесең,
Несіне құда дейсің ау, әй.
Үлкен құда, бас құда,
Кіші құда, жас құда,
Құйрық бауыр әкелдім,
Ауызыңды аш, құда.
Үлкен құда ардақты ай,
Кіші құда салмақты ай,
Құйрық бауыр асатам,
Тістеп алма бармақты ай.
Үлкен құда әнекей ау
Кіші құда мінекей ау.
Құйрық бауыр асаттым,
Кәделерің кәнекей ау!
Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады.
 
30 қыркүйек 2018 ж. 2 395 0