Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

«МЕНІҢ ӘСЕНІМ»


Ақылгөй. Парасатты. Шыншыл. Қамқор. Иманды. Міне, Әсен Құлымбетов жайлы сөз болғанда ойыма осы сөздер келеді. 

Зейнулла Қабдоловтың «Менің Әуезовым» деген кітабы бар. Ол туындыда ғалым рухани ұстазы жайлы тебірене толғайды. Классик жазушының болмысы мен бітімін өрнектеп, өзіне жасаған қамқорлығы жайлы сөз етеді. Осы кітаппен танысқалы «Менің» деген тіркес маған едәуір жақын болып алды. Мен де өмірімде үлкен орны бар Әсен Құлымбетовты «Менің Әсенім» деймін. Бұл жайлы талай жиында, басқосуда айттым да.
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаныңда Саусаның түлегі жайлы кітап шықалы жатыр екен. Енді өзім кітап жаза алмасам да, «Менің Әсенім» жайлы сөз тербудің реті келіп-ақ тұрғандай.
Әсен Құлымбетов – Аққорған топырағынан нәр алып, Саусаның тәлімін бойына сіңіріп, Талапта шыңдалған азамат. Ол Түгіскен кеншарының қалыптасуына, дамуына атсалысқан еңбекқор жан.
Онымен таныстығым Талап совхозынан басталды. Алдымен егін-жайға, кейіннен совхоздың төрт түлігі көбейюіне жауапты кісі болатын.
Шындықты, тура сөзді, тәртіпті жанынан артық жақсы көретін Әсекең сол кездері Талаптың бетке ұстар тұлғасының бірі-тұғын. Онымен бірге жұмыс жасаған азаматтар ауданда үздік шығып, «бас шопан» атанып жүретін. Содан Түгіскен массивы игеріле бастап, оны кіндік қаны тамған далаға жіберді. Талаптықтар шопанға ерекше жағдай жасайтын қабілет-білігін қимастықпен шығарып салғаны әлі есімде. Егін саласына жауаптының бірі болып, балдәурен-балалық шағы өткен Саусаның маңында күріш дәнін тастап, үздік өнім ала бастады.
Сол кездері мал бақтырып жүріп, қалайша егін ектіріп мол өнім алуға болады, деп ойлаушы едім. Сөйтсем, Әсекең дала заңдылығын меңгерген, зейіні ерек кісі екен қой!
Егіншаруашылығы жайлы арнайы білім алмаса да оқығандардан аз білмейтін. Әсіресе, күрішті суға бастырып, оның суын тартатын уақытын дөп басатын қабілетінің арқасында көл-көсір өнім алатын. Күріш қандай жағдайда жақсы өнім беретінін біледі.
Әсекеңнің басшылығымен Талапта шопандар «бас шопан» атанса, Түгіскенде күрішшілер жоспарды орындап, түрлі деңгейдегі сый-сияпатты иленді.
Мұның бәрі «Менің Әсенімнің» еңбекқорлығының, талапшылдығының, зейінділігінің арқасы болар.
Жаңа жоғарыда оны «Ақылгөй» дедім ғой! Ақиқатында оның ақыл-кеңесіне сол кезде совхоздың басшыларынан қосшыларына дейін құлақ асып, сөзіне тоқтайтын.
Ал, «Парасаттылығы» оның халықты үнемі бірлікке шақырып отыратынынан көрінетін. Ел болған соң «қара ала сиырдың түсіндей» жақсысы да жаманы да болмай ма? Міне, сондай жұрты ауызбірлікте болуына шамасы жеткенше ықпал етті. Тіптен, талай ушыққан жағдайдаларда ауылдың ауызбірлігін ойлап, тура қазылық еткен кездері де көп болды. Бірде «Мешіттің үстінде» деген жерді аршып, күріш егетін болдық. Ауыл ақсақалдары: «жайылымдық жер керек, жерді құртасыңдар», – деп күріш дәнін тастатпайтын болды. Сонда бұл жердің жұртқа көл-көсір пайдасы бар екенін Әскең білген:
 – Бұл дала тың жер. Өнім жақсы болады. Бір кездері бұл жерден мақтадан жақсы өнім алынған болатын. Енді күріш екпесек те тары егуге болады, – деп тарының дәнін тың топыраққа түсуіне ықпал жасады. Сонда парасат таразына салып, ауыл үлкендеріне айтқанда қариялар келісімін берді. 
Әсекеңнің «Шыншылдығы» жайлы сөз болғанда көсіліп сөйлеуге болады. Жоғарыда талай «басшыдан қосшыға дейін құлақ асатын-тұғын» дедім. Сондай-ақ, талай мәселеде қазылық еткенін де аттым. Иә, осы сөздерден-ақ оның шыншылдығын аңғаруға болатындай. Себебі, Әсекең тура сөйлейтін, шындығын, әділдігін айтатын. Содан болар, ел оның сөзіне тоқтаушы еді. Оның үстіне, сөз саптауы Абай айтқандай «жұп-жұмыр болатын. Өрнектеген сөзі сал-сүйгіне тиіп, денеңді шымырлатып, жететін жеріне жеткізетін.
«Қамқорлығын» сезінген адам көп. Өз басым Талаптан Түгіскенге келгенде жас бас агрономға тісі бататын жасы үлкендер аз болмады. Сол кезде маған шыр-пыр болып сөзбен де, іспен де көмектесіп, қамқор болушы еді. Оған мен арқа сүйіп, ағамдай сезініп, еңбек еттім. Бұл жақсылығын қалай ұмытайын?
Әр кез шариғат үкім еткен намазын жанына, бойына, иманына серік етіп, намазды далада да, үйде де оқитын. Әсен Құлымбетұлының «Иманды» жүзі көп адамның бойына иман үйіріп, намазға құлауға септігін тигізді. Оның шыншыл, әділ, қамқор қасиеттері осы иманды жүрегінен нәр алатындай. Меніңше тек иманды адам ғана елдің қамын ойлай алады.
Күріш даласында жүргенде-ақ батаның неше атасын айтып жүруші еді. Ескінің әңгімесін де жақсы айтатын. Сол кездері оны жақсы ақсақал болатын шығар деп іштей ойлап, бізге де сондай қариялық берсе игі деуші еді. Құдайға шүкір, қазір Әсекең абзал қария, елге құрметті ақсақал. Ол жақсы ақсақал болуға мінезі де, сөзі де келісетін тұлға.
Бектөре ИСМАЙЛОВ,
зейнеткер, Бесарық ауылдық огругі.
26 сәуір 2019 ж. 944 0