PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (8218)

31 желтоқсан 2018 ж.

№84 (8205)

06 қараша 2018 ж.

№79 (8200)

20 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Отырған қыз орнын табар!

Отырған қыз орнын табар!

   Біреудің ар-намысына тиюден аулақпыз. Алайда қоғамда бар қайшылықты айтпасқа болмады. Кәрі қыз кемсіту емес, әлеуметтік өткір мәселе. Өйткені демографияға кері әсері бар. Жалпы, қай алпауыт мемлекетті алсақ та ол жер ауқымдылығымен айшықты болмайды, халық санымен өлшенеді. Сондықтан бізге де халықтың көбейгені керек!


   СТАТИСТИКАНЫ СӨЙЛЕТСЕК...

   Алдымен кәрі қыз деген кім? Соған тоқталайық. Кәрі қыз –үйленбеген, ажырасқанның қатарында емес, кәзіргі заманда 25 пен 50 жас аралығындағы сұр бойдақтар. Неге? Себебі олар тууға қабілетті жас шамасы деп есептеледі. Яғни, кәрі қыз дегеніміз – көтерілмеген шаңырақ, ашылмаған гүл, туылмаған сәби!
Демограф, ғалым Мақаш Тәтімов Қазақстанда кәрі қыздар саны 360 мыңға жетті деп айтқаны есте. Олай дейтіні, ғалым статистикалық мәліметтерге сүйенді.

  Елде 25-35 жас аралығында жалпы әйелдер саны 687466 болса, ер адамдар 692171 екен. Оның күйеуге тигені – 29552. Әйел алғаны 49071. Үйленбеген еркектер 46038. Ал, 26495-і – тұрмыс құрмаған! 30-34 жас арасындағы жалпы саны 624259 қыздар құраса 607 032-і еркектер болған. Оның 11911-і тұрмысқа шыққаны, 220339-ы үйленген, 16383-і әйел алмаған, 8809-ы – кәрі қыз! Әрбір 1000 еркекке 1028 әйелден келеді екен!

  Неге кәрі қыздың саны күрт өсті, оның астарына үңілуге тағы тура келді. Біріншіден, нарықтық қоғамға бейімделген жастар тым есепшіл. Себебі, жігіт оқыған ба, мамандық бойынша жұмыс істей ма, тіпті көлігінің бары да маңызға ие. Бір сөзбен айтқанда, «тең-теңімен, тезек қабымен»деген заман осы.

  Екіншіден, карьера қуалайтын қыздар көбейді. Олар атақ-абырой, мансап деп жұмыстың соңында жүріп, өмірдегі басты парызын естен шығаруда. Сол карьераның соңы жалғыздыққа соқтырарын сезсе игі. «Ақ боз атын» күткен арулар өмірлік жарынан құр қалып жүргендер тым көп.

  Үшіншіден, қазақ қоғамында әйелге, қызға деген қамқорлық азая бастағандай. Мәселен, Туркменстаннан қыз алсаңыз, сол мемлекеттің қазынасына жігіт ақша төлейді. Бізде керісінше қызды тегін алады, азаматтық алу үшін ғана некелесетіндер одан көп, сайып келгенде сұраныс жоқ. Біздің қыздар керісінше өздері кеткісі келеді, жалған неке, оның арғы жағында неше түрлісі бар...

КЕҢЕСТІК ҮКІМЕТТІҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ

  Кеңестік дәуірде өмір сүрген кісілердің есінде болар, 1941 жылдың 21 қарашасында енгізілген бойдақ салығы болған. Ол бойынша отбасы құрмаған және балалы болмаған 20-45 жас аралығындағы қыз-келіншектер мен 20-50 жас аралығындағы жігіттер жалақысының 6 пайызын мемлекет қазынасына аударып отырған. Өз кезегінде бұл бастама соғыстан кейінгі жылдары халық санының артуына, елдегі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуге оң ықпал еткені ақиқат.
Осы заң өз күшін жойғаннан кейін бала туу күрт кеми бастады, дейді демографтар. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қазіргі демографиялық ахуал жаман емес. Әсіресе, Жаңақорған ауданында жағымды жаңалық көп.
Өткен жылы 1959 бала дүниеге келген. Жалпы, қой жылы бала және ана өлімі тіркелген жоқ. Дегенімен, кәрі қыздың қатары кеміп кетті деуге келмес, қайта көбеймесе. Оны санамай-ақ қояйық. Цифрмен сый тарта алмаймыз. Әйтсе де, бір мәселені айтқан жөн.Яғни, оң жақта отырған қыздар бала таппағанымен қоймай қоғамға қайшылық туғызды. Сондай-ақ, жетіліп тұрған қыз бала уақытысында бала көтермесе денсаулығына өте зиян.

МЕДИЦИНА НЕ ДЕЙДІ?

  Нәресте өмірге алып келмеген қыз балаға жоғарыда «зиян» дедік, бұл жөнінде аудандық емхананың акушер-гинекологы Рабиға Баязова тарқатып берсін.
– Медицина 27-28 жасқа толғандар көбiне бiрiншi баласын ота жасау арқылы дүниеге алып келеді. Кейде, 45-49 жаста бірінші сәбиін сүйетіндер де кездесіп жатады. Әрине, 18 жас пен 35 жастың айырмашылығы жер мен көктей. Мәселен, олардың арасында жыныстық қатынасқа ерте тұратындар да бар. Көпшілігі 30 жасқа дейін оқу мен мансап қуып жүрген кезде сәби сүйгеннен гөрі түсік жасағанды тиімді көреді. Түсікті жеке клиникаларда жасатады да, одан кейін кешенді толық ем жүргізілмейді. Оның арты бедеу болуға немесе түрлі созылмалы ауруларға соқтырады. Кейін жүкті болудан қорғану туралы дәрігерлерден кеңес те алмайды. Қыздардың көбі мұндай ақпараттарды көшеден естиді. Мектепте дәрістер де оқылмайды.
Енді ауру түрлеріне келсек, жатыр мойнының қатерлі ісіктері, атап айтқанда, жатыр мойыны полит, жатыр фибриомиома, жатыр қосалқыларының кисталары нашарлайды. Әрі гормондардың бұзылуы әсерінен қалқанша және сүйек бездерінде ісік пайда болады. Бұл ауру түрлері әйел адамын психикалық, яғни ашуланшақ, шаршаңқы және шыдамсыз күйге түсіреді. Бұл қыздардың ұзақ өмір сүруі емес, керісінше, ерте қартаю қаупін тудырады, – дейді Р.Баязова.

ҚЫЗДАРДЫҢ ӨКІНІШІ

  Бірде «Алаш айнасы» интернет газетінің оқырманы өз ойымен бөліскенін оқыдым.
Онда: «Кезінде бір жігітпен арада махаббат болды. Өте жақын болдық, тіпті үйленуге де бардық. Алайда, менің оқуым, жұмыс істеуім керек болды. Бір сөзбен айтқанда мансабымды (карьера) жалғастырып, биік белеске жету тиіс еді. Ол ойым жүзеге асты. Қазір жасым отыздан асқалы қашан, үй, жұмыс және машинам бар. Менің тұрмысқа шықпай қалғаныма ата-анам кінәлі деп отырған жоқпын. Дегенмен мен үйдің үлкені болғасын ба, олар маған үнемі «оқуыңды жақсы оқы, сен жоғары оқу орнына өз күшіңмен түсуің керек, мықты маман бол» деп тәрбиеледі. Мен ата-анамның үмітін ақтау үшін, әрі ізіме ерген інілеріме көмектесуге тырыстым. Сөйтіп жүргенде, «отыздан асып барамын» деген халге де жетіппін» деген өкініш-назы жазылыпты.
Ал, 35 жастағы жаңақорғандық Маржан әлі тұрмыс құрған жоқ. Одан мұның себебін сұрағанда:
– Қазір қыздардан гөрі жігіттер тым талғампаз болып кетті. Олар есеп-қисаппен отбасы құратын болды. Болашақ қалыңдығында ең болмағанда бакалавр білімі болғанын қалайды. Одан кейін қыздың әке-шешесінің тұрмыстық жағдайын сарапқа салады. Әрі түр-келбетіне де қатты көңіл бөледі.
Менде жоғары мектептің дипломы жоқ. Әке-шешемде адал еңбегімен нан тапқан адамдар. Мектеп бітіргеннен кейін, іні-қарындастарымды оқыту үшін жұмыс істедім. Енді өмірдің ең мәнді, әрі ең қызықтысынан айырылып қалғанымды түсініп, өкініп жүрмін, – деп жауап қатты.

КЕЙУАНАНЫҢ КЕҢЕСІ...

  Енді, өткенге көз тастап көрсек. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір шаңыраққа келін болып түскен келіндер бүгінде әже атанып, кем дегенде оншақты балаға жарық сыйлады. Газеттің өткен санында Күлайым Нұридинқызы әженің 15 құрсақ көтергенін оқыған боларсыздар. Осындай үлгілі қарт аналар ауданда жетерлік. Соның бірі Есенкүл әже.
– 16 жастан асқанда тұрмысқа шықтым. Жұбайым мұғалім, мен үй шаруасында болып, бала күтумен айналыстым. Құдайдың бергені болар 10 құрсақ көтердім. Бәрі отбасылы, кәзір олардан 31 немере, 14 шөбере сүйіп отырмын. Шынын айтқанда, мен бақытты анамын. Менің өзімнен кейінгі келіндерге, қыздарға айтарым, келбетімді сақтаймын немесе жұмыс бастымын деп перзенттің санын шектемеңдер. Одан да, ат төбелдей аз қазақтың санын көбейтуге үлес қосыңдар қарақтарым, – деп жастарға ақылын айтты қарт ана.
Иә, «қызым саған айтам, келінім сен тыңда» деген мақалдың астарын енді түсінген боларсыздар. Сондықтан, осындай алтын құрсақты аналардың санын арттыратын келіндер неге көбеймеске. Көбейген шын өмірде де сауап іс екенін де ұмытпаған жөн.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

14 қаңтар 2019 ж. 168 0