№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бабаға мінәжат – ұрпаққа ұлағат

Бабаға мінәжат – ұрпаққа ұлағат


 
Қоғамның дамуы, алға басуы адамзат өмір сүру ережелерінің сақталуымен сипатталады. Адам өмір сүру ережелері туралы мұсылман әлемі ғұламалары жазған еңбектерде айқын жазылған. Өйткені оның барлығы Жаратқан Ие тарапынан түсірілген Құранда қамтылған. «Құран аяттары бойынша амал еткен Мұхаммед (С.А.У) Пайғамбарымыздың сүннетінде анық парыз етілген амалдармен таныс болып, соны орындауға ұмтылу керек. Аллаһ Елшісінің ұрпақтарын Ислам дінін дүниенің төрт түкпіріне жер-жерге тарату үшін аттандырғаны белгілі. Міне осы себептен Орта Азияға келіп қоныстанып, әрқайсысы сол ұлттың тілінде сөйлеп, сол халықтың ұстаздары атанған ұлық есімдер қатарында Әбулайс Насыр бин Мухаммад бабамыздың орны бір бөлек.

Әбу Насыр бин Мухаммад Екінші имам ағзам деп аталып, атағы бүкіл мұсылман еліне мәшһүр болған жан. Қазірде шет мемлекеттегі кітапханаларда бұл кісінің қолжазбалары, кітаптары бар екені белгілі болды. Бұл кісі туралы белгілі академик Батырхан Валиходжаев 1994 жылы «Абулаистер шаңырағы» деп аталатын кітап жазды. Зерттеуші онда әулет тарихына терең тоқталады.
Ол Насыр бин Мухаммад бабамыздың Меккеде жарық көрген кітабын қолға түсіреді. Ол «Жәннаттың кілті» деп аталады. Мұнда бір нәрсеге мұқтаж болған келгенді құр қайтармау, жарты құрма болса да қайыр қылу жөнінде баса айтылған.
Екінші кітабы «Асасыл-Ысламда» ораза, намаз – тек иманды кісінің міндеті. Иман келтірмейінше Алланың парызы орындалған болмайтыны айтылады.
Бұл бабамыз 983 жылы дүниеден өткенде оның өзі өмір сүрген үйі алдына жерленіп, үстіне күмбез салынған екен. Кейін ол кісінің ұлы Әбдулайс Фазлуллах күмбезді жаңартып (1450 ж) жанына медресе салдырған. Кеңес дәуіріне дейін медресе жарамсызданып, оның орнында қазірде №15 Абулаис атындағы мектеп бар. Ол кісі өмір сүрген аумақ Абулаис махалласы деп аталады.
Қожа Ахмет Иассауи, Әлішер Науаи осы бабаларымыздан білім алып, ұстаз тұтқан. Қожа Ахмет Иассауидің тұстасы Абулаис Жақып.
– Имам Насыр бин Мухаммад немересі Жақып Абулаис (Қылауыз Ата) Сырдарияның батыс бетіндегі халықтың діни сауатын ашу үшін бабаның рұхсатымен Жаңақорған жеріне Қорасан Атадан 150-200 жылдан соң келіп қоныстанып, имандылық тәрбие-тағлымын жүргізген. Оның ағартушылық та, емшілік те, ғалымдық та қасиеті болған.
Ол адамдарды жиып, Сырдариядан су шығару үшін арық қаздырған. Оның асасымен сызып көрсеткен жерінен су шығып, халық егін салып, мал өргізген. Жақып атаның аузынан шыққан сөз қылы болды деп ел оны «Қылауыз ата» деп атап кеткен. Қожа Ахмет Иассауи Жақып атаны «Жол бастаушым» деп санаған. Арабша Қылауыз деген сөз «жол бастаушы, ел бастаушы» деген мағынаны береді.
Қылауыз Ата ұрпақтары 1945 жылы 40 күн ішінде баба басындағы кесенені жаңартып, ас берді.
10 қазан 2018 ж. 889 0