№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!

ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!


Ұстазды ұлықтау – ұлағатты іс. Осы міндет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрініс тапты. Ендеше, ұлттың кемелді жолында бағдаршам болатын ұстаздар қауымын құрметтеу міндет. №52 Б.Аралбаев атындағы мектептің мәжіліс залында осындай ізет пен салтанатқа куә болдық.
Кәсіби мерекемен бір-бірін құттықтаған ұстаздар қауымының көңілінде шаттық, жүзінде жылулық сезіледі. Тіпті, мәжіліс залын нұрландырып жібергендей. Сахна төрінде өнерлі ұстаздар әннен шашу шашып, ән-думан басталды.
Салтанатты шараны аудан басшысы Ғалым Әміреев ашып:
– Абай: «...Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға» деді. Тауып айтылған сөз. Ұстаз ізденуді тоқтатқан уақытта балаға үйрететін тәлімі таусылады. Ал, жаңартылған білім бағдарамасы – ұстаздарды жаңашыл, іздемпаз болуға үндейді. Яғни, адами капиталды қалыптастыратын ұстаздар қауымы заманауи талап-міндеттерді толық игеруі тиіс, – деді.
Расында, дамыған елдерде халықтың 50 пайызы ой еңбегімен айналысады, ұлттық өнімнің 40 пайыздан астамы білімнің ұдайы дамуы арқылы алынады. Үшінші жаңғырудың жалғасы іспеттес болған Жолдауда білім берудің жаңа сапасына көтерудің негізі адам капиталы екені айтылды. Демек, ХХІ ғасырда адам капиталынсыз өркендеудің жолын табу қиын.
Елбасы барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін айтты. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады.
Әкімнің сөзінше, республика бойынша Сыр өңірі әлеуметтік салаға инвестиция салудан көш басында. Әсіресе, заманауи типтік жобадағы мектептер салудан белсенді. Мәселен, 2000-2010 жылдар аралығында 10 мектеп, 2010-2018 жылдары 16 мектеп жаңадан пайдалануға берілді.
Осыған дейін Астана, Атырау қаласындағы мектептер соңғы үлгідегі «Н1 – ТД75» интерактивті панелін пайдаланып келсе, биылдан бастап біздің мектептер сабақ процесінде қолданады. Оның бірнеше басымдығы бар. Атап айтқанда, оқушының сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Тақтада тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге болады.
Шара барысында аудан басшысы уақыт ағымына сай жұмысын үйлестіріп жүрген озат ұстаздарды марапаттады. Олардың ішінде, «Ы.Алтынсарин» атындағы медальді Орынбасар Абдуллаевтың омырауына тақты. Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» Роза Низанбаева мен Меруерт Мелденова бар. Ал, министрліктің «Алғыс хаты» Мира Жандарбековаға табысталды. Қызылорда облысы білім басқарма басшысының «Құрмет грамотасы» Ардақ Камаковаға берілді.
Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Гүлнар Қошқарова, Жазира Абибуллаева, Ләззат Куатбекова, Бану Дәнебекова, Виктор Ногай, Шолпан Сағымбаева, Меруерт Бердіқожаева, Гүлжан Байдалиева, Гүлнар Сапарбаева, Баян Мусалиева, Қызғалдақ Нәрзілдаева, және Оразгүл Жүсіпова марапатталды.

Р.S.: Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік тұрмыс-деңгейін көтеруге бағытталған Жолдауында ұстаз мәртебесі ерекше аталды. Демек, алдағы уақытта ұстаздарды сіңірген еңбегіне қарай ұлықтау басымдыққа ие болады...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
09 қазан 2018 ж. 1 511 0