№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ҰСТАЗҒА ХАТ


Әрине, әрбір адамның тұлға болып қалыптасуына, өмірлік көзқарасы шыңдалуына, бітім-болмысы мен қабілет-қарымы тұғырлануына ата-ананың алатын орны зор. Сондай-ақ, мектеп ұстаздарының да ықпалы ерекше. Кейде қырағы ұстаздар оқушының келешектегі кемелді өмірін болжап, бағыт-бағдар беретіндей көрінеді. Осындайда тәлімді тәрбие, мазмұнды ілім берген ағартушы ұстаздар есіне түседі екен...

1991-1993 жылдары. Бастауыш сыныпта әріп танып, дүние таным қалыптаса бастаған шақ. Гүлзинат Омарова сыныптағы оқушыларға идеал болатын. Үлгерімі нашар оқушының дәптерін «Үлгілі дәптер» бұрышына іліп қойып, тәлімгерді оқуға ынталындырып, білімге деген қызығушылықты арттыратын.
Әлі есімде «Пәленшенің жазуы қандай жақсы? Оның дәптері әне «Үлгілі дәптерлердің» арасында тұр. Енді есепті жақсы шығарып, көбейту кестесін жаттап алуы керек. Қазір минутына аз оқығанмен, ертең-ақ бәрінінен жылдам оқитын болады», деп мақтап, мадақтап, алдайды екен ғой! Аңғал баланы көтермелегеннен кейін нашар оқуға құқығы да қалмайды екен. Білем бұл әдіс бүгінде де бар. Бірақ оқушылар сол кездегідей сенгіш болмай қалды ма? Әлде біздің Гүлзинат апайдай емес пе? Ол жағын білмеймін.
Студенттік кез. Қателеспесем үшінші курс. Жаңа сабақ, биохиямия басталды. Тәжірибесі толысқан, жаратылыстану ғылымдарының кандидаты, профессор дәрісті бастады. Лекция оқуда. Ара-тұра сұрақ қойып, жауабын алуда. Сұраққа жауап берушілер арасында белсенділік танытып, көзге түсеуге тырыстым. 
Профессор:
– Котелизатор деген не?
– Қышқыл мен темірдің айырмашылығы қандай? – секілді жеңіл-желпі сауалдар қоюда.
Е, мұндай сұрақтарды мектепте химиядан берген Алтынбай Мұстапаев күнде қоюшы еді. Сондықтан ұзақ жылдар бойы есте сақталып қалыпты. Оқушы кезде «ағай бізді неге қинай береді?» деуші едік. Мәселенің мәнін түсінбептік.
Профессор сәлден кейін лекциясын тоқтатып: – Сен бала тақтаға шық. Реакцияның неше түрі бар? – деп қолын нұсқады.
– Бес түрі бар.
– Онда шығарып бер, – деді ғалым.
Борды алып, есімді қалған реакция түрлерін шығара бастадым.
Дәріс залдағы тыныштықты бұзып: «Байгенжеев, Сіз сынаққа да, емтиханға да келмей-ақ қойыңыз. «Бес» қоямын. Ұстазыңа мың рақмет!», –  деп сабақтың дәл ортасында жатаханаға қайтарды. Міне, осыдан кейін Алтынбай ағайдың қадірін түсіндім.
Мұнымен мақтанайын дейтін ойым жоқ. Ұстазымды мақтағым келеді. Еңбек сол кісінікі. Тек біз талаптан туындаған тапсырманы орындағандықтан, санада ұзақ уақыт ұмытылмай жүрді. Бар болғаны осы. Оның «Неге?» дейтін үш сұрағына жауап берсек қуанатынбыз. Төрт алсақ басымыз көкке бір елі жетпей қалатын.
Әрине, мұндай игі дәстүр бүгінде де бар. Мақтаулы ұстаздар көп. Аудан мектептерінің жетістігі де мақтауға тұрарлықтай. Заманауи технологиямен жабдықталып, оқушыларға сапалы білім берілуде. Осыдан болар білім саласында серпіліс байқалады...
Нұр-КЕНЖЕ.
28 қыркүйек 2018 ж. 4 642 0