№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АҒАЙЫН, ШҮКІРШІЛІК ЕТЕЙІК!

АҒАЙЫН, ШҮКІРШІЛІК ЕТЕЙІК!


Өйткенде екі адам сөз таластырып отыр екен. Келісе алмай отырғаны: нарықтың нанын жеген мен қалтаның қамын жегеннің айырмасы жайлы пікірі бір арнаға тоғыспайды. Расында, айырмасы бар ма? Бар. Нан жегендер тойғанына тоба қылғандар. Қалта үшін қармап-қамданғандар құлқынның құлы, қанағатсыздау топты құрайды.

Әлемде бай мен кедейдің арасы алшақтап барады. Тіпті, мемлекеттің тірегі болатын орта таптар қалыптаса алмай жатыр. Әсіресе, мұндай тепе-тендік заңдылығы дамушы елдерде қатты сезіледі. Оны біздің қоғамда теріске шығара алмайды. Әрине, бәрін нарыққа итере салуға болар еді. Бірақ, замана ағымына бейімделе алмай, еріншектік, жалқаулықтың құрсауында жүру кедейлікке бастар төте жол болып тұр.
Қазір жаһанда бір реттік, біржылдық өнімге бетбұрыс басталды. Қытайдан шыққан кез-келген тауардың бір жылдан асатын сапа стандарты байқалмайды. Тез сынғыш, тынғыш. Тіпті, Еуропа елдері де бір реттік өнімге иек арта бастады. Оған Голландияның гүл бақтары дәлел бола алады. Онда жылдық бақша тұқымын сатады. Екінші жылға жерді қанша баптасаң да тұқым  өнім бермейді. Нарықтың діттегені осы ма еді, мұны ешкім дөп баса алмайтын шығар...
Осындай жәйларды ойланып, адам үшін емес, ақша үшін арпалыстың заманы басталған секілді. Бүйте берсе, бүлік көбейеді. Осындайда қазақтың «барға қанағат ет» деген бір тоқтамы еске түседі. Шүкіршілік етейік, ағайын!
Нұр-Кенже.
27 қыркүйек 2018 ж. 1 103 0