№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЙЕЛДЕР САНЫ ЕРЛЕРДЕН АЗ ЕЛДЕР

ӘЙЕЛДЕР САНЫ ЕРЛЕРДЕН АЗ ЕЛДЕР

Соңғы уақытта әлемде әйелдер саны жетіспейтін, сол себепті отбасы құру мен балалы болу көрсеткіші төмендеген елдер саны артқан. Қазақстанда ерлер мен әйелдер саны сәйкес келеді. Кей статистикалық деректер бойынша әйелдер саны басымдау. Бастысы – демографиялық тепе-теңдік бар. Шаңырақ көтеру мен жар таңдау мүмкіндігі «шектелмеген». Ал біз айтқалы отырған кей елдерде жар таңдамақ түгіл, жар табу қиын. Әйелдер санының аз болуы түрлі саяси жағдайларға тікелей байланысты. Соғыс болып жатқан жерлерден әйелдер қашса, бір елдерде жұмыссыздық салдарынан ерлер өзге елге кеткен. Тіпті кей елдердің басшылығы өз елдеріне келіп, жігіттерге тұрмысқа шыққан қыздарға сыйақы төлеуге де дайын.
Швеция
Скандинавия түбегіндегі бұл ел әлемдегі ең дамыған елдердің қатарында. Десе де шведтердің бас қатыратын мәселелері жетерлік. Соның бірі - демографиялық тепе-теңдіктің бұзылуы. Швед қыздары үй алу үшін өзге елдерге жиі қоныс аударады екен. Швед билігі елде ерлер саны артқанын 2016 жылы хабарлады.
Қытай
Көрші Қытай еліндегі “Бір отбасы – бір бала” ұстанымы елде демографиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеліп соқты. Себебі көп отбасы ер баланы өсіруді қалайды. Ал ержеткен жігіттер жар табуда қиналады. Аға-әпкесі болмай, жалғыз өскен қытай балалары өзімшіл де болып келеді.
 Филиппин
 Елдегі демографиялық тепе-теңдіктің бұзылуы еңбек нарығындағы дағдарысқа да себепші болды. Филиппинде статистика бойынша 102 ер адамға 100 әйелден келген. Алайда соңғы жылдары филиппин қыздары жұмыс іздеп өзге елдерге кете бастағандықтан демографиялық жағдай қиындаған. Норвегия Скандинавия түбегіндегі екінші бір ел Норвегияда да ерлер саны артқан. Мұны ел басшылығы сырттан келген босқындар санымен байланысты деп те түсіндіріп отыр.
Ауғанстан
 Ауғанстанда соңғы 10 жыл ішінде әскери қақтығыстар жиі болғанмен, ерлер саны азайған емес. Есесіне саяси хал-ахуалдан зардап шегіп, елден жырақ кеткен әйелдер саны көп.
 Италия
Италияда ерлер мен әйелдер санының арасы аса алшақ емес. Десе де ерлер саны басым. Елде мансап қуатын, гендерлік теңдікті қолдайтын қыздар ерте тұрмысқа шығу мен бала сүюге құлықты емес.
Мысыр
Мысыр елінің 75 %-ын ерлер құрайды екен. Бұл статистика 25 жасқа дейінгі жастар арасындағы көрсеткіш. Жоғарыда айтқандай, бұл елде жар таңдау түгіл, жар табу қиын. Соның салдарынан елде әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық  саны да едәуір жоғары.
Исландия
Бірнеше жыл бұрын Исландия үкіметі өз еліне келіп, исландиялық азаматқа тұрмысқа шыққан шетелдік қыздарға өтемақы беретіні жайлы ақпар тарады. Бірақ бұл жаңалықты ел билігі растаған жоқ.  Елде ерлер саны басым.
Иран
Таяу Шығыстағы мұсылман елінде көп жылдар бойы қыз баласына қояр талаптары көп болды. Соңғы жылдары ғана ирандық қыздар жоғары білім алып, мансап жолын құруда. Тіпті Еуропа асқан жастар қатарында қыздардың үлесі басым болған. Нәтижесінде елде ерлер жар іздеп сарсаңға түсе бастаған.
Дереккөз: Massaget.kz
26 маусым 2018 ж. 1 560 0