Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бес жасында еврейлер асырап алған қазақ жігіті алғаш рет туған еліне келді

Бес жасында еврейлер асырап алған қазақ жігіті алғаш рет туған еліне келді


Қазақстандық Дәурен есімді азамат осыдан 15 жыл бұрын жат жұртқа аттанып, америкалық отбасының баласы атанған. Бүгінде 20-ға келген ол туған еліне алғаш келіп, Қазақстан жайлы өз әсерлерімен бөлісті деп хабарлайды Еуразия біріншіарнасына сілтеме жасаған 
NUR.KZ.
20 жастағы Дәуреннің айтуынша, ол кішкентай күнінен Қарағандыдағы балалар үйінің бірінде тәрбиеленген. Тек бес жасында ғана оны америкалық отбасы бауырына басып, асырап алған.
"Ол кезде жасым кішкентай болғандықтан көп нәрсе есімде қалмапты. Бірақ жетімдер үйіне барған сәтімде, өткен шағым еміс-еміс есіме түсті. Тіпті Алеша деген досым мен Людмила апайды да есіме алдым", - дейді бозбала.
Дәуренді асырап алған еврейлер жанұясы болса Дәуренге ұлтының қазақ екенін үнемі айтып отырыпты.
Тіпті туған ата-анасын табу мақсатында іздеу жұмыстарын қолға алып, ДНҚ сараптамасын да жасатыпты.
"Мен өзіме ДНК сараптамасын жасатқанымда қанымда қазақтың және түріктің қаны бар екенін білдім. Туған анамның да аты-жөніне дейін анықтадым. Бірақ ол кісіге іздеу салмадым, ол адамнан гөрі мені асырап, жеткізген, мен үшін барын берген қазіргі отбасыма алғысым шексіз", - дейді 20 жастағы жігіт.
Ал бозбаланы бауырына басқан Паркерлер отбасы болса Дәуреннің есімін неліктен өзгертпегендерін айтып берді.
"Дәуренімізге Паркер тегін бергенімізбен, оның атын өзгертуге дәтіміз бармады. Себебі ол сол кезде өз атын білетін, әжептәуір есі кіріп қалған бала еді.
Әрине бастапқыда бізді жатырқап, тұйық болып өскен еді. Кейін ашылып, ағылшын тілін үйреніп бізге үйренісіп кетті.
Біз Дәуренді ешқашан өз балаларымыздан бөліп жарған емеспіз, оны тіпті оларда артық жақсы көреміз", - дейді жігітітң қазіргі ата-анасы.
27 маусым 2018 ж. 1 427 0