№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ


Мектеп – жарқын болашаққа жол бастайтын білім ұясы. Жеткіншектердің бар ерік-жігерін талапты білімге бағыттауды тың әдісін түйіндеген №54 Ж.Қыдыров атындағы орта мектеп ұжымы алғашқы қоңырау мерекесін ерекше бағытта өрбітті.
№54 Ж. Қыдыров атындағы мектеп – ҰБТ көрсеткішімен соңғы жылдары көш бастап тұрған білім ұясы. Ерекше білім беру тәжірибесі қалыптасқан мектепте өткен жылы аудан әкімі Ғалым Әміреевтің бастамасымен «Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – білім сапасынның негізгі көрсеткіші» атты аудандық семинар-практикум өткен еді. Осыдан-ақ, білім ордасының білім беру жүйесінде айрықша орны бар екені аңғарылады. Біз озық тәжірибе қалыптасқан мектептің алғашқы білім күні қалай өткізілгеніне куә болдық.
Кең байтақ еліміздің барлық орта білім беру ұйымдарымен бірге №54 Ж. Қыдыров атындағы мектепте де алғашқы қоңырау соғылып, қоңыр үн үлкен-кішінің жүрек қылын тербеді. Бұл әрбір тұлғаның есінде мәңгі қалатын қуанышы бөлек, шаттығы шалқар сәт. Осындай аяулы сезіммен 46-сы бүлдіршін бірінші сыныптың табалдырығын аттады. Алғаш рет мектеп формасын киіп, тұлымына ақ бантик таққан қыздарды жетектеген ұстаз Оразкүл Тәттібаева мен Жадыра Айходжаева сап түзеп балаларды ортаға алып шықты. Мерекелік шарада мемлекеттік Әнұран айтылып, көкбайрағымыз көкте желбіреді. Рухты асқақтатқан кеште 5 «а» сынып оқушысы Меруерт Серікова «Ұстазым» әнін, Дінмұхаммед Әбутәліп «Мектепке сағыныш» әнін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Даярлық сыныпта тіл сындырып, 42 әріппен танысқан бүлдіршіндер бірінші сыныптың бағдарламысын меңгеруге дайын екенін байқатты. Үш тілде өнер көрсетіп, періште тілегін жеткізген балақайлардың өнеріне ел ризашылығын білдірді. Әсіресе, Жансезім Алидің «Біріншіге барамын» әнін айтқанда тәтті үні жүректен-жүрекке жетті. «Бүлдіршіндер» әнін орындаған Айғаным, Нұрхан және Інжу есімді балалар балалық бал шақтан сыр шертті. Салтантты шарада 1-сынып оқушылары ант тапсыру рәсімі өтті.
Көпшілік күткен қоңырау соғу салтанатын Алихан Ерданаұлы, Гүлім Әдиқызы, Қыдырәлі Ералыұлы және Шапағат Мейрамбекқызы жүргізді. Күміс коңырау үні сылдырлап сала бергенде көпшілік тік тұрып, қошемет білдірді.
Көңілге керемет күй сыйлаған кеште ауыл әкімі Әлібек Абдуллаев, мектеп директоры Нұралхан Түктібаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Рысжан Төлепбергенова, ауыл имамы Сәбит Ахметов, ардагер-ұстаз Шәріпбек Пернебаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Омар Төребеков алғаусыз тілегін жеткізді.
Білім беру саласында мол тәжірибесі қалыптасқан білім ордасында алғашқы білім күнінде бірнеше шаралар өткізуді жоспарлапты. Бірінші қыркүйек күні барлық сыныпта «Менің Отаным-Қазақстан!» және «Мен өз елімнің патриотымын!» атты алғашқы білім сабақтары оқушылардың еркін көсілуіне ықпал етті. Сондай -ақ, 2,3,4- сыныптарда «Мен кішкентай патриотпын!» білім сабақтары, 5,6,7,8-сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын!» тақырыбына ерлік сабақтары оқушылардың жігерлігін байқатты. Сондай-ақ, 9,10-сыныптар «Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі», 11- сыныпта «Астана – менің жүрегім» атты бейбітшілік және келісім сабағында оқушылардың ізденісі жоғары екені байқалды. Оқу жылының алғашқы күнінде күрделі шараларды тиімді ұйымдастыра білген мектеп ұжымы ұстаздарының білім бәсекелестігінде бәсі жоғары екені байқалды.

Мақпал ПАТЕНОВА.
04 қыркүйек 2018 ж. 2 901 0