№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ТҮГІСКЕНДІ ТҮЛЕТКЕН ТҰЛҒА

ТҮГІСКЕНДІ ТҮЛЕТКЕН ТҰЛҒА

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деді. Расында, уақыт керуенінде жақсының аты өшпес өнеге ретінде сәуле шашады екен. Сондай тәлім мен тағылымға толы тұлғаның бірі – Смайыл Жұмаділлаев.
Оның Түгіскен тыңына сүбелі үлесі сіңді. Ол білікті басшы, шебер ұйымдастырушы, игілік пен қамқорлық нышандай танылған тұлға. Еліне еңбегі елеулі азаматты ұрпақтары ұлықтап, алыстағы, жақындағы, ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосты. Алдымен Қожакент ауылдық округінің клуб үйінде Смайыл Жұмаділлаевтің өмір белестеріне құрылған бейнесюжет көрсетілді. Одан кейін Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының «Перзент парызы» қойылымы қойылды. Театрландырылған қойылымнан тұлғаның ел берекесі мен бірлігін арттыру жолындағы игілікті істеріне куә болдық.
Тағлымдық мазмұны кең шараны аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков ашып берді.
– Оның тәлімді бастамалары мен мазмұнды ғұмыр жолы бізге үлгі-өнеге. Әсіресе, кіндік қаны тамған ауылдың келешегіне алаңдап, оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кемелденуіне мән беріп, ауылдастарының ахуалы жақсаруы жолында еңбек етті. Оның іскер-ұйымдастырушылық, биік адамгершілігік қасиетінен ауылдастары шуақ, нәр алды. Принципшіл, талапшыл басшы бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын. Сондықтан, ісінің нәтижесін көре білді, – деді Ғалымжан Жарқынбекұлы.
Ағамыздың ғұмыр дерегіне қарағанда, еңбек жолын 1963 жылы Ташкент облысы, Ахан-Гаран кеңшарында бөлімшенің аға аграномы болып бастаған. Ал, 1967 жылға дейін ОртаЧирик ауданы, Киров кеңшарында аға аграном болып кызмет етті. 1967-1977 жылдары Жаңақорған ауданы КОКП-ның ХХІІІ-сеъзді атындағы кеңшарда агроном, бас агроном қызметін атқарды. 1977-1995 жылдары аралығында басшылық қызметтерде өзінің қабілет-қарымын көрсете білді. Нақтысын айтқанда, «Түркістан» кеңшарының директоры, КОКП-ның ХХІІІ-сеъзд атындағы (Қазіргі Қожакент кеңшар) кәсіподақ ұйымын басқарды.
Түгіскен кеңшарының директоры болып істеген уақытында әр гектардан алынған орта өнім 54 центнерден айналса, бірнеше мәрте 120 мың центнер астықты Үкімет қоймасына облыста алғашқы болып тапсырып отырды.
Түгіскен совхозы 1983 жылдың қортындысымен Республика бойынша бірінші орынды жеңіп алып, КПСС-Орталық комитеті Министрлер Кеңесінің, орталық комитет кәсіподағы ВЛКСМ-ның ақшалай сыйлығымен, дипломымен наградталды.
Тұлғаның тәлімді ғұмыр дариясынан мәнді мәліметтерді ауылдық округтің әкімі Асылбек Айтжанов келтіріп, оның бекзат болмысынан үлгі-өнеге алатынын айтты.
Сахна төрінен Социалистік Еңбек ері Арапбек Әбиев, аудандық мәслихаттың депутаты Азия Қыстаубаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов көтеріліп, тұлғаның адамдық, адалдық қасиеттін айтты. Түгіскен тыңын көтерудегі күндіз-түнгі еңбегі мен республикалық деңгейдегі басшылармен қарым-қатынасын сөздің арқауы етті.
Смайыл Жұмаділлаев жайлы Дінмұхаммед Қонаев: «...Исмайл секілді елжанды азаматтар арқылы Түгіскен тыңын игерудің табысты нәтижесін байқауға болады», депті.
Мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов: «Мен өмірде екі адамға әліге дейін таң қаламын. Алып держава ашса алақанында, жұмса жұдырығында бола тұрып, билік тізгінін өз еркімен берген Ельцинді көрдім. Екінші мұндай мәрттік қасиетті Смекеңнен көрдім. Ол құлдырау алдындағы  Түгіскен совхозына серпіліс әкеліп, аяғынан тік тұрғызып, бағын көтеріп тұрып, өз еркімен директорлық қызметін тапсырған тұлға. Бұлай жасау өте сирек кездесетін ерекшелік, ердің ері ғана солай шешім қабылдайды», депті естелігінде.
Мемлекет және қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімов, Оңалбек Сәпиев, Жаңақорған ауданын басқарған Ғафур Мұхамеджанов, Ахметжан Жанпейісов, Сәмит Далдабаев және т.б. осы тақылеттес тұлғалар пікірлерін білдіріпті.
Мазмұнды шараның түйіні қарымды қаламгер Қаныбек Әбдуовтың «Түгіскенді түлеткен тұлға» атты кітабының тұсаукесерімен түйінделді.
Смайыл Жұмаділлаевтің тұлғалық болмыс-бітімі мен азаматтық қарым-қабілетін арқау еткен кітапта ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы серпінді істері, отанға деген жанашырлық, ел байлығын еселеу секілді ауыл өмірінің айшықтыры, патриоттық сезімі сабақталып, шаруашылық құрылысының жарқын тұстары арқау болыпты.
Расында, жазушының кітабынан Түгіскен тыңы ерлерінің қажырлы еңбегі, өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа үлгі еткенін танисыз.
– Халықтық тұлға ретінде үлкен ілтипатқа ие болуы кімнің де болса назарын аудармай, бейтарап қалдыруы мүмкін емес. Сондықтан тау алыстаған сайын биіктей түсетіні секілді, Отан үшін, мемлекет үшін, ел иігілігі үшін адал еңбек етуге құлшына кірісіп, беріле тер төккен Смайыл Жұмаділлаевтің тұлғасы да уақыт өткен сайын асқақтай түсетініне шүбәміз жоқ, – деді кітаптың авторы.
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында өрбіген шараның келесі күні ас беріліп, тұлға рухына Құран оқылды. Ауылдастары Смекең жайлы естеліктерімен бөлісті...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
15 тамыз 2018 ж. 1 260 0