№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, ДҰҒАГӨЙІМ!

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, ДҰҒАГӨЙІМ!

     «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы қара сөздерден гөрі, өлеңмен сөйлеген әлдеқайда жеңіл болған, ол аузын ашса болды өлең құйылып-төгіліп, саулап жүре берген» [1]. Міне, сындай өлең хат формасында жазылған хат абақтыда отырған Бұқарлық ишанға арналған.
«Шығармадағы мазмұнды, форманы таныту жолдары алуан түрлі. Ол шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне, композиялық, сюжеттік құрылымына, тілдік ерекшеліктеріне қарай түрленіп отырады. Ал соңын бәрінде есте ұстайтын нәрсе шығармадағы ой мен өрнек тұтастығын естен шығармау» [2. 9] керектігін ескерсек, Мәшекеңнің абақтыда отырған тақуа, діндар досына бұл Алланың сыны екендігін ескертіп, бәрі де уақытша екенін хат өлең желісінде айтады.
Хат «Ассалаумағалейкум, дұғагөйім» [3. 319], деп дәстүрше бастайды. Мәшекең келесі жолдарында: «Өтініп хат жазайын мұнан кейін. Бармадық көңіл сұрай, ұяттымыз, Қағазбен дұғаңыздан мен тілеймін. Баруға мен осынша ой ойландым» [3. 319], - деп өзінің абақтыдағы тақуа, діндар кісіге бара алмағанын қынжылып, ұзақ жолды жақындату, қысқарту мақсатында ақ қағазға сия бүркегенін айтады.
«Судан пәк, ақ едіңіз жауған қардан,
Құданың (құдайдың) анық сүйген құлы екенсіз...
Жан едің шырын сөзлі, жүзін нұрлы,
Көгерген көлеңкеңде талай сорлы», [3. 319] дей ишанның келбетін аша түседі.
Хаттың адресантының нақты есімі көрсетілмесе де «Бұқарай-Шәріфте өсіп едің», деп туған жерін баяндайды.
Хат өлең мәтінінің негізгі орамында Мәшекең «Береді сүйген құлға бұл пәлені (бәлені), Әр түрлі күйге салып тәңірім, әні», - деп, әлемдердің раббысы Алла Тағала сүйген құлына сынағы болатының ескертіп, ары қарай Хазіреті Жүсіп пайғамбардың қиссасын сабақтайды:
«Құдықта Жүсіп нәби қалған еді,
Апарып ағалары салған еді.
Жүгіне ауған түйе байлау болып,
Мысырға құл орнына барған еді.
Көп пұлға ғазиз Мысыр алған сатып,
Көркіне жан біткенді таңырқатып,
Онан соң Зылиқаның жаласымен,
Зынданда он екі жыл қалған жатып.
Зынданда қызыл гүлдей жүзі солды,
Кәмелет әбден жетіп күні толды.
Артылып ақыр (ахыр) ғиззат шарапаты
Мысырға салтанаты патша болды [3. 220].
Осылайша абақтыда жатқан тақуа рухани досына демеу болып, бір күні, «Иншалла, көрісерміз есен-аман.., Ай, тақсыр, көріскенше қош аман бол!», - қимастықпен қоштасады.
Хат өлеңде «қайталама, қосарлама қос сөздер көп кездеседі [4. 61] (есен-аман, күннен-күнге, көр-жермен), сондай-ақ, әдеби хаттардан әдеби көркем шығармаға тән барлық ерекшеліктерді көруге болады [4. 61] .
Осы хатта мінот (минут)
ӘДЕБИЕТТЕР.
  1. Қалижан У. Мәшһүр-Жүсіп: Зерттеу. –Алматы:»Атамұра», 1998. -30 бет.
  2. Мәшһүр-Жүсіп Қуандық Пазылұлы. Көркем сөздің құдыреті, -«ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2000 ж., 288 б.
  3. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары 1 том – Павлодар: ЭКО, 2003 ж. – 436 б.
  4. Әбікенова. Г.Т. Қазақ тіліндегі эпистолярлық стилдің лингвистикалық сипаты. Монография. Семей: 2008. – 158 б.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
 
15 шілде 2018 ж. 1 018 3

Гость Jeahulalf от 11 ақпан 2019 10:10
isotretinoin delivered on saturday Hawaii Lioresal Generique online pharmacy Canadian Meds No Prescription

Гость Jeahulalf от 3 наурыз 2019 16:12
Viagra Bestellen Versand cheapest brand name levitra Where Can I Buy Bentyl On Line Australia Price Accutane Online Canada No Prescription Orlistat Fast Delivery

StevBlubof от 8 мамыр 2019 08:48
Bupropion No Prescription Hydrochlorothiazide 25mg Price Best Website online pharmacy Uso Viagra Hombre Viagra Effets Indesirables