Сарказм
Бірде Момышұлының үйінде адамдардың мақал-мәтелдерді орынды-орынсыз қолдана беретіндігі сөз болып қалады. Осыған орай Баукең өз пікірін төмендегіше білдіреді: Мұны саған айтып отырған себебім, бұдан былай мақал-мәтелдерімізге абайлап қарағын. «Аузын ашса , көмекейі көрінеді» деген мақалда қанша ой, сыр бар?Бұл кісіні тірідей іреу ғой. Бұл, түсінсең, ақымақтың ар жағындағы біреу ақымақ екенін өзі таныстырады деген сөз.
«Семіздікті қой көтереді». Қандай тауып айтылған?! Бұл – қоғамдық, саяси мақал. Мұнда: «Бақытты көтере алмай жүрсің? Қой құрлы жоқсың ба, ит – ау?!» – деген сарказм сезімі мол. Өзін өзі таразылай алмайтындарды бұдан артық қалай мазақ етерсің? Түсінсең, бұл – сынның көкесі.
P.S. Дана халқымның «ойнап сөйлесеңде ойлап сөйле», «Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі» деген даналық сөзі қалай дөп тауып айтылған?!
Пікір 1