Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Ерлік пен еңбектің ері

Ерлік пен еңбектің ері

Кешегі қасіретті қан майданда жауға қарсы соғысып, от пен оқтың ортасынан аман оралған қайсар ерлер қатарында Әнуар Әбутәліпов атамыз да бар. Туған ауылымыздан шыққан Кеңес одағының батыры туралы ерлік хикаяларына бала күнімізден құлағымыз қанық. Жаужүрек қазақ сарбазының жауынгерлік жолы – Отан үшін от кешкен қайсар ұрпақтың шынайы шежіресіндей.
Батырдың есімі бүгінде біз қанат қаққан қасиетті білім ордасы – Түгіскен ауылында­ғы №209 мектепке берілген. Жас өренге білім мен тәрбие берумен қатар, ұрпақ бойына патриоттық рухты сіңіретін оқу ошағында батыр атында мұражай ашылған. Онда қойылған сұрапыл соғыстан сыр шертетін майдан даласынан жеткен жәдігерлер өшпес тарихтың тірі куәсіндей сақталып келеді.
Батыр атамыз Венгрия жеріндегі Тисса өзе­нінен 47 рет жүзіп өтіп жаралы жауынгерлер мен оқ-дәріні арғы бетке өткізіп, өшпес ерлікпен көзге түсті. Осы бір оқиға – оның батырлық болмысының бір көрінісі ғана. Жан алысып, жан беріскен әрбір шайқас оның ерік-жігерін шыңдап, жүрегіндегі Отанға деген сүйіспеншілікті одан әрі арттыра түсті. Әсіресе 1944 жылы Псков өңіріндегі қантөгіс шайқастар – Әнуар Әбутәліповтің нағыз жауынгер ретінде шыңдалған тұсы болды. Қарша бораған оқ астында батылдық танытып, жау шебін бұзып өткен сәттер қаһарман қазақ солдатының ерлігін көпке мойындатты. Оның взводтың алға жылжуына мүмкіндік жасап, жеңіс жолында жанын пида етуге даяр болған ерлігі – тарихтың қойнауына алтын әріптермен жазылды. Сол бір ерекше ерлігі үшін ол 1945 жылы Кеңес одағының батыры атағына лайық деп танылды.
Әнуар Әбутәліпов тек майдан даласының ержүрек сарбазы ғана емес, бейбіт өмірдің де берекесін арттырған даңғайыр диқан. Ел игілігі жолында аянбай еңбек етті. Ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп, ел бірлігін нығайтуға, тәуелсіздікке берік сенім ұялатуға бар күш-жігерін сарп етті. Оның тағылымды өмір жолы – бір адамның ғана емес, тұтас бір ұрпақ тағдырының айнасы, тарихтың бір қазынасы.
Тарихтың әр тарауында ел мен жер үшін жанын қиған, жүрегін жұлып беруге даяр болған ерлердің саны аз емес. Солардың ішінде тағдырдың талай тәлкегіне қарсы тұрып, өр рухымен от кешіп, есімі ел жадында алтын әріптермен жазылған жандар ғана – шын мәніндегі батырлар. Олар – ұлттың тірегі, болашақтың шамшырағы.
Дарын ӨСЕРБАЙ
26 сәуір 2025 ж. 398 0