«II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» Симпозиумы басталды
Қожа Ахмет Ясауиатындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» симпозиумының ашылу салтанаты өтті. Айтулы жиынның басты мақсаты – Қазақ тілі мен қазақ ғылымы жанашырларының басын біріктіріп, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың негізі мәселелерін талқылау; және жасанды интеллект жүйесін пайдалана отырып, қазақ тілінің терминологиясын дамыту. Сондай-ақ, ғылым тілінің келешегіне байланысты шешімдер мен ұсыныстар жасау.
Симпозиум – «Жаһандық жас ғалымдар» фото көрмесінің көрсетілімімен басталды. Жиынға шетелдік делегация өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, белгілі қауым өкілдері, қоғам мен мәдениет қайраткерлері, оқытушылар және студенттер қатысты.
Бұл симпозиумының пленарлық жиынының маңызы айтарлықтарзор. Қазіргі ақпарат заманында, жаhандану дәуірінде уақыт өте ұшқыр болғандықтан, ортақ ой, ортақ мақсатөте маңызды. Соныменқатар, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен «Тіл-Қазына» ұлттықғылыми-практикалық орталығы әзірлеген жасанды интеллект жобалары таныстырылып, қазақ тіліндегіғылыми терминологияның даму бағыттары туралы пікірлер айтылды.
Салтанатты жиында Мемлекетжәне қоғам қайраткері, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Шерубай Құрманбайұлы Түркістан облыстық филиалының төрағасы қызметіне Жанар Темірбековатағайындалғанын баршаға жариялап, құттықтады. Сондай-ақ, жиын барысында «Асыл ағаш, асыл шөп: Қазақстан флорасының жетекші тұқымдастары» 16 томдық сериясыныңтұсаукесерін жасады. Бұлкөптомдық анықтағыш – табиғатты зерттеушілер, фермерлер, агрономдар, орманшыларжәне өсімдіктер әлеміне қызығатын барша жанға арналған маңызы бар еңбек. Айтулы симпозиум еліміздің түкпірінен жиылған ғалымдардың баяндамаларымен жалғасын тапты.
II Қазақ тілі – Ғылым тілі: Жасанды интеллект және терминология симпозиумы аясында «Халықаралық ғылым дипломатиясы» Workshop өтті. Университетімізде өтіп жатқан «II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» симпозиумы аясында «Халықаралық ғылым дипломатиясы» тақырыбында Workshop ұйымдастырылды. Бұл шара ғылыми зерттеулер мен тіл мәселелері жөнінде маңызды пікірталастарға арқау болды.
Симпозиумның ұйымдастырушылары арасында Bilig журналы бар екендігін атап өтсек, бұл қазақ тілінің ғылым тілі ретінде мойындалуына үлкен қолдау білдіретін халықаралық платформалар. Шара ғалымдар мен жас зерттеушілер үшін өз зерттеулерін танытып, пікір алмасуға мүмкіндік берді. Шараның ашылуында университет ректоры Жанар Темірбекова ғылыми журналдардың дамуы мен олардың сапасын арттыру туралы сөз қозғап, қазақ тіліндегі ғылыми басылымдарды халықаралық деңгейге көтеру мәселесін көтерді. Олқазіргі таңда ғылыми мақалалардың сапасын жоғарылату және олардыңиндекстелуі мен дәйексөз алуын жақсартумаңызды міндеттердің бірі екенін айтты.
Сондай-ақ, университет ректор өкілі Нажи Генч, жасанды интеллекттің ғылыми мақалалар жазу мен зерттеулерді іздеудегі рөлі туралы пікір білдірді. Олжасанды интеллекттің ғылыми жұмыстарды тиімді жүргізуде айтарлықтай үлес қосып жатқанын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Қарлығаш Сәкенова қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру жолындағы міндеттерді сөз етті. Оныңайтуынша, жаңа дәуірдің талаптарына сәйкес, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қазақ тілін дамытуға үлкен мүмкіндік бар.
Bilig журналының редакторы Фырат Пурташғылыми басылымдардың жұмысын және ғалымдардыңмақалаларын жариялау туралы өз ойыменбөлісті. Шара барысындағылыми мақалалардың сапасын арттыру және оларды халықаралық индекстелетін базаларға енгізу мәселелеріталқыланды.
Workshop барысында «Халықаралықиндекстелетін базалардағы журналдардың мақала жәнежариялау саясаты», «Сапалымақала жариялау процессін ұйымдастыру техникалары және жасанды интеллект мүмкіндіктері», «Ұлттық және халықаралықиндекстелетін базаларға ену жолдары» тақырыптары талқыланды. Жиынға қатысқан ғалымдар мен студенттер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, пайдалы ақпараттар алғанын айтты.
Бұл симпозиум маған студент ретінде ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарсапасын арттыру, жасандыинтеллекттің ғылыми жұмыстағы рөлі, халықаралық индекстелген журналдарда мақала жариялау жолдары туралы білім мен тәжірибе берді. Сонымен қатар, ғылыми дипломатия мен қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға мүмкіндік туғызды. Жалпы, сіздің ойыңызша Халықаралық ғылым дипломатиясы қазақ тіліндегі ғылымның дамуына қалай әсер ете алады?
