№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ АУДАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ АУДАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ



«Руханият» орталығында ҚР жаңа Конституциясы жобасына арналған басқосу болып өтті. Аудандық коалиция өкілдері ардагерлермен жүздесіп, Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мәні мен қоғамға тигізер әсерін түсіндірді.
Кездесуге аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек пен коалиция мүшелері Серқожа Ыдырысов, Өмірсерік Тақырбасов, Серік Мұсабаев, Аллаберген Ахметов қатысты.
Жиын ресми баяндамадан гөрі, өмірлік тәжірибе мен шынайы пікірлерге құрылған ашық әңгіме алаңына айналды.
Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті күшейту, азаматтық қоғамның рөлін арттыру секілді маңызды тақырыптары сөз болды. Ардагерлер өз тәжірибесімен бөлісіп, ойларын ортаға салды, жаңа Конституцияның қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін айтты.
11 наурыз 2026 ж. 633 0