Топ-баннер
Топ-баннер2
» » КЕНШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ – ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ

КЕНШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ – ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ



Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жорабек Нұрымбетов, Нуридин Амитов, Бауыржан Сандыбаев және аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек, коалиция мүшелері Ыдырысов Серқожа, Арман Мажитов пен Ахметов Аллаберген ел экономикасының тірегі саналатын кеншілермен яғни «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ еңбек ұжымымен кездесіп, ел дамуы мен қоғамдағы маңызды өзгерістер туралы пікір алмасты. Еңбек майданында жүрген азаматтармен ашық әңгіме құрып, олардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау – кездесудің басты мақсаты болды.
Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек адамдарының қоғамдағы орны, сондай-ақ Жаңа Конституция жобасының маңызы кеңінен сөз болды. Кеншілер өздерін толғандырған мәселелерді айтып, елдің болашағына қатысты пікірлерін білдірді.
Жиын барысында жалпыұлттықө коалиция мүшесі Жорабек Нұрымбетов жаңа Конституция жобасындағы ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы мәселесіне түсініктеме берді.
– Бүгін біз ел тағдырына тікелей қатысты маңызды мәселе жөнінде бас қосып отырмыз. Жаңа Конституция – мемлекеттің тірегі, халықтың құқығы мен еркіндігін қорғайтын басты заң. Сондықтан оның әрбір бабы елдің мүддесіне қызмет етуі тиіс. Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және мемлекеттің тұрақты дамуына жол ашу. Бұл құжатта адам құқығы, әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігі сияқты негізгі құндылықтар басты назарда. Өйткені мықты мемлекет – ең алдымен өз азаматтарының құқығын құрметтейтін мемлекет, – деп атап өтті.
Жиын барысында айтылғандай, елдің дамуы мен тұрақтылығы – адал еңбектің, бірлік пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі. Сондықтан еңбек адамдарының үні әрқашан ескеріліп, олардың ұсыныстары қоғам дамуына бағыт-бағдар береді.
Осындай кездесулер халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенділігін арттырады. Өйткені, мықты мемлекет – еңбекқор халықтан құралады. Ал елдің жарқын болашағы – бүгінгі адал еңбек пен саналы таңдаудан басталады. Кездесу барысында олар Жаңа Конституция жобасында ұсынылған негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі баяндап, бұл түзетулердің әр азаматтың өміріне қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндіріп, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында Конституциялық бастамалардың мәні, олардың қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, алдағы референдумның ел болашағы үшін маңыздылығы айтылып, әр азаматтың белсенді ұстанымы мемлекет тағдырына тікелей әсер ететіні атап өтілді. Еңбек адамдары өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейдегі сұрақтарына нақты жауап алды. Ашық диалог форматында өткен жиын өзара түсіністік пен сенімді арттырды.Мұндай кездесулер – қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, халықтың саяси сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

#ХалықпенКездесу
#ЕңбекАдамы
#ЖаңаКонституция
#ЕлБолашағы
#СаналыТаңдау
10 наурыз 2026 ж. 64 0