ЕҢБЕКҚОР ХАЛЫҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
Еліміздің тұрақтылығы мен болашағы – әр азаматтың белсенді ұстанымы мен саналы таңдауында. Жаңа Конституция – тек заң мәтіні емес, ол халықтың үні мен елдің тірегі. Әр бап, әр түзету – әділетті қоғамды, тұрақты мемлекетті және болашағы сенімді ұрпақты қамтамасыз ететін нақты қадам. Осы мақсатта, Жаңақорған шипажайының қызметкерлерімен жалпыұлттық коалиция мүшелері Жорабек Нұрымбетов, Нұриддин Амитов, Бауыржан Сандыбаев және аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек, коалиция мүшелері Арман Мажитов, Ыдырысов Серқожа, Ахметов Аллаберген арнайы келіп, ел дамуы мен қоғамдағы маңызды өзгерістерді талқылады.Кездесуге 100-ге жуық қызметкер қатысып, өз ұсыныстары мен ойларын ашық ортаға салды. Келелі әңгіме барысында еңбек адамдарының мәселелері, шипажай қызметін дамыту, әлеуметтік қолдау, сапалы қызмет көрсету және Жаңа Конституцияның маңызы кеңінен талқыланды.
Жалпыұлттық коалиция мүшесі Жорабек Конституциялық өзгерістерге тоқталып, жан-жақты түсініктеме берді
– Еңбек – елдің тірегі. Сіздердің еңбектеріңіз – қоғамға, елге қызмет етудің ең көрнекті үлгісі. Жаңа Конституция әр азаматтың құқығын қорғайды, әділетті қоғам құруға жол ашады және тұрақты дамуға сенімді қадам болмақ. Қызметкерлердің пікірі мен ұсынысы – мемлекеттің шешімдерін қалыптастыруда маңызды, – дейді ол.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз сұрақтарына нақты жауап алды, ойлары тыңдалды және ұсыныстары ескерілді. Мұндай кездесулер халық пен биліктің арасындағы сенімді нығайтып, әр азаматтың белсенділігін арттырады.
Еңбекқор халық – елдің тірегі. Саналы шешім мен бірлік арқылы ғана қоғамымыз жарқын болашаққа қадам басады.
#ЕңбекҚуаты
#ХалықпенКездесу
#ЖаңаКонституция
#ЕлБолашағы
#СаналыТаңдау




