ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘР ҚАДАМДА САНАЛЫ ТАҢДАУ
Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын қорғаудың, әділетті қоғам мен тұрақты мемлекеттің тірегі. Осы маңызды бастаманы түсіндіру және халықтың ой-пікірін тыңдау мақсатында «Жаңақорған Транзит» ЖШС еңбек ұжымымен кездесулер өтті.Жиынға Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жорабек Нұрымбетов, Нуридин Амитов, Бауыржан Сандыбаев және аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек, мүшелері Арман Мажитов, Ыдырысов Серқожа, Ахметов Аллаберген қатысып, ел дамуы мен маңызды саяси өзгерістерді талқылады. 100-ге жуық қатысушы өз ойларын ашық айтып, кәсіпорын мен қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салды.
Кездесу барысында жалпыұлттық коалиция мүшесі Бауыржан Сандыбаев сөз алып, ұжым қызметкерлерімен еркін пікір алмасты.
– Әр дауыс – елдің болашағына жасалған нақты қадам. Жаңа Конституция – бұл тек заң емес, бұл – әрбір азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғап, қоғамымыздың әділетті әрі тұрақты дамуына жол ашатын құжат. Біз бірге талқылап, бірге шешім қабылдаймыз. Адал еңбек пен ашық пікір – мемлекеттің күш-қуаты мен сенімінің кепілі, – де ол.
Кездесу барысында еңбек адамдарының пікірлері тыңдалып, ұсыныстары мұқият қаралды. Ашық диалог форматында өткен жиын халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамның әр мүшесіне өз еркін пікірін білдіру мүмкіндігін берді.
Мұндай кездесулер – елдің болашағын бірге жасауға, азаматтардың белсенді ұстанымын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Өйткені мықты мемлекет – еңбекқор халық пен саналы таңдаудан құралады, ал елдің жарқын келешегі – бүгінгі дұрыс шешімдер мен ашық әңгімеден басталады.
#ЖаңаКонституция
#ЕлБолашағы
#СаналыТаңдау
#ЕңбекАдамы
#ХалықпенБірге




