№14 (8828) 22

22 ақпан 2025 ж.

№13 (8827) 18

18 ақпан 2025 ж.

№12 (8826) 15

15 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » » ҰРПАҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

ҰРПАҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ


Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сондықтан болар жас өреннің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру бүгінгі күннің басты мақсатына айналды.


«Меруерт» балабақшасында өрбіген «Қолөнер шеберханасы» атты әжелер, аналар, әкелер мектебінің шеберлік сағатынан ұлттық ғұрпымыздың адамзатқа берер тәлімін ұғына түстік. Балабақша меңгеруішісі Гүлмира Нәбиева, әдіскері Сауле Күнқоджаева шеберлік сағатта әр тәрбиешінің өзіндік жұмысын саралады. Көпшілік басқосқан шарада әкелер мектебінің төрағасы Серік Ибраймов, аналар мектебінің төрайымы Сымбат Әлімбетова, әжелер мектебінің данасы Гүлжамал Тойлыбаевалар тебірене сөз бастап, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттады.
– Ұлы ақын Абай атамыз «Адамды заман билемек, заманға жаман күйлемек» дейді. Бұл әлемдік даму жолын түсінуге мүмкіндік береді. Біз үшін жасанды, виртуалды, әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өзіміздің ұлттық болмысымызды, ұлттық бірегейлігімізді және рухани ерекшелігімізді сақтап қалу аса маңызға ие. XXI ғасырда рухы биік, әлем мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай белес тұр. Бұл ең маңызды мәселеледе жасөрендеріміз өзінің ұлттық құндылығы мен ел тарихын жақсы меңгерсе жаһандық көштің белесінен көрінетіне сенемін, – дейді тәрбиеші Сымбат Мекебаева.

Мақпал МАРҚАБАЙ
28 қаңтар 2025 ж. 282 0