Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ұлттық құндылық – балабақшадағы тәрбие негізі

Ұлттық құндылық – балабақшадағы тәрбие негізі


Бала тәрбиесі – ұлт болашағының іргетасын қалыптастырудың басты кепілі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды балабақшада насихаттау және балалардың санасына сіңіру – аса маңызды мәселе. Өйткені балабақша – баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы алғашқы қадамдарының бірі.


Ұлттық құндылық дегеніміз – ұлттың мәдениеті, тілі, дәстүрі, өнері, дүниетанымы және тарихи мұралары. Бұл құндылықтар бөбектерге өз халқының бай мұрасын түсінуге және оны құрметтеуге жол ашады. Тәрбиеленушілер бойына осы құндылықтарды сіңіру түрлі бағыттарда көрініс табады.
Балабақша бағдарламасына қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын енгізу өте маңызды. Мысалы, «Тұсау кесер», «Бесікке салу» сияқты салт-дәстүрлердің мәнін балаларға түсіндіру, ойын түрінде көрсету, ертегілер арқылы жеткізу балалардың қызығушылығын арттырады.
Тіл – ұлттық болмыстың негізгі тірегі. Балаларға қазақ тілін ойындар, әндер, мақал-мәтелдер арқылы үйрету олардың тілді сүюіне ықпал етеді. Қазақ ертегілерін тыңдау, кейіпкерлердің бейнесін сомдау – тіл үйретудің қызықты әрі тиімді тәсілі.
Қазақтың ұлттық ойындары балаларды шы­дамдылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. «Қыз қуу», «Теңге алу», «Асық ойнау» сияқты ойындарды балабақшада ұйымдастыру балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке баулиды.
Балаларға ұлттық ою-өрнектердің мәнін түсіндіріп, оларды сурет салуға немесе қолөнер бұйымдарын жасауға үйрету шығармашылық қабілеттерін дамытады. Сондай-ақ домбыраның үнімен таныстыру, ұлттық ән-күйді тыңдату арқылы өнерге деген сүйіспеншілікті оятуға болады.
Тәрбиешілер ұлттық құндылықтарды балалардың жас ерекшелігіне сай қызықты әрі түсінікті түрде жеткізуі қажет. Олар ұлтжанды, мәдениетті, тарихты жақсы білетін маман болуы тиіс.
Балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеу – балалардың болашақта өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтейтін, өзіне сенімді, елжанды азамат болып өсуіне жол ашады. Бұл – ұлт ретінде мәңгілік ел болуымыздың кепілі.

Ұлмекен ЕРМАХАНҚЫЗЫ
24 желтоқсан 2024 ж. 2 596 0