» » » Ұлттық құндылықтар ұлықталған семинар

Ұлттық құндылықтар ұлықталған семинар


Наурыз – көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады.
Осы ретте Сүттіқұдық ауылындағы №13 «Гүлдер» бөбекжай-балабақшасында «Ұлттық мұра – қазынам» атты аймақттық семинар өтті.


Семинарда қазақтың ұлттық «Бестемше» ойыны ойна­тылды. Ересек тобының ата-аналар арасында сайыс өткізілді. Қатысушылар мақал-мәтелдер жарыстырып, қолөнер, ұлттық салт дәстүрі, әдет - ғұрыптарға байланысты сұрақтарға жауап берді, өз өнерлерін көрсетті. Шарада ұлттық өнер туындыла­ры, сәндік-қолданбалы бұйымдар, музыкалық аспаптарды таныстыру, асық терапиясы, қазақтың ұлттық оюлары, ши тоқу, ханталапай ойынын ойнату балалардың ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттырды.
– Қорытынды кезеңінде семинарға қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, ой пікірлерін ортаға салды. Бүгінгі бақшадағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың иесі. Сондықтан алдымызда отырған бүлдіршіндер алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Балалардың шығармашылық бағытын жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы, – дейді бала бағбандары.
Осы ұлттық құндылықтарға бағытталған семинарға қолдау білдіріп, демеушілік жасаған ата-аналар Күлшара Мүспенова, Дауылбай Есіркепов, Баурыржан Жазыбаев, Жадыра Байсалды сынды ата-аналарға балабақша ұжымы алғыс білдіріп, ерекше ықыластарын жеткізді.

Лаура ДҮЙСЕНБЕКОВА

23 наурыз 2024 ж. 248 0