Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Ұлттық құндылықтармен үндескен семинар

Ұлттық құндылықтармен үндескен семинар

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – шығармашыл, белсенді, интеллектісі жоғары, білімді және кәсіби сауатты жастарды қалыптастыру. Осы мақсатта Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 12 желтоқсан күні “Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы” тақырыбында Құттықожа ауылындағы №164 орта мектебінде облыстық семинар өтті.


Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихын ұмыт қалдырмай ұрпақ санасына сіңіру бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта ұйымдастырылған семинарға облыстық «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Фархат Досаев аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Есенбаев Бекжан Шахизатұлы жылы лебіздерін білдіріп, өскелең ұрпақты қазақы мінезбен, ұлттық құндылықпен тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты ұстанымы болуы тиіс. Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу – үлкен міндет екенін атап өтті.

Семинардың мақсаты – оқушы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау барысында өзекті негіздері, тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүріне, рухани мәдениетке тәрбиелей отырып, ұлттық рухының кемелденуіне бағдар беру, тәжірибе алмасуды негіз етіп алыпты.

Ұстаздар басқосуының негізгі міндеті – мұғалімдердің құзіреттілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндігін кеңейту негіз болып отыр. Оқу жылында тәрбие үдерісінде ерекше қолға алынып жатқан бағыттардың бірі – ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысының ұйымдастырылуы.

Семинар барысында мектепте "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" сыныбын облыстық тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Фархад Лиясұлы мен аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Аллаберген Сахымбекұлы салтанатты түрде ашып, ізгі тілектерін білдірді.

Семинардың қоржыны бастауыш сынып бірлестігі ұйымдастырған "Ата дәстүрі – асыл қазына" атты даналық мектебінің көрінісімен толықты десек қателеспейміз. Одан әрі "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының "Сен жанбасаң лапылдап" тақырыбында Құрбаназарова Дариға, "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер" тақырыбында Кеңесқызы Жайдар, "Атадан өсиет – анадан қасиет" тақырыбында Әшімбекова Нұргүл ұстаздардың өткізген сабақтарымен жалғасты. Сонымен қатар, оқушыларға ұлттық құндылықтар негізіндетәрбие беруді көздейтін жобалар бойынша "Айтыс - қазақтың төл өнері" тақырыбында Жетпісова Гүлмира, "Асық ойыны ұрпаққа аманат" тақырыбында Ермаханова Гүлназ, "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында Утжанова Жазира жүргізген сынып сағаттары шараның шырайын аша түсті.

Қорытынды кезеңінде семинарға қатысушылар ойпікірлерін ортаға салды әрі мектептің "Таңшолпан" театры әннен шашу шашып, оқушылар мың бұрала билеп, «Көлеңке» театры ерекше қойылымды ұсынып, «Үкілі домбыра» ансамблі күмбірлеген күйлерімен шараның көркін келтіріп, оқушылардың жан-жақты, өнерлі қырларын көрсете білді.

Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың иесі. Сондықтан алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық бағытын жанжақты дамыту әрі ұлттық құндылық дәнін себу – бүгінгі күннің басты талабы екенін атаулы семинарда жан-жақты талқылады.

Ақниет МАДИХАНОВА,
аудандық білім бөлімінің әдіскері
20 желтоқсан 2023 ж. 4 305 0