Абай афоризмдерінің әлем афоризмдерімен үндестігі
Аннотация
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Абай афоризмдерінің әлем афоризмдерімен үндестігі
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері:Зерттеу жұмысының мақсаты – Абай афоризмдерінің әлем афоризмдерімен үндестігін қарастыру. Бұл мақсат негізінде төмендегідей міндеттер шығады:
- Абай афоризмдерін жинау, жүйелеу;
- Абай афоризмдерінің топтап, жіктеу;
- Абай афоризмдерінің әлем афоризмдерімен үндестігін айқындау;
Ғылыми жоба жұмысының дереккөздері:Абай Құнанбайұлының шығармалары, Қ. Өмірәлиевтің «Абай афоризмдері» еңбегі, Е.Шаймерденұлының «Даналық дидары» еңбегі.
Жоба жұмысының кезеңдері:
2023 жыл (қаңтар – маусым): Абай афоризмдерін жинақтау;
2023 (шілде – желтоқсан): Абай афоризмдерін топтау, жүйелеу;
2024 (қаңтар – маусым): Абай афоризмдерінің әлем афоризмдерімен үндестігін айқындау;
2024 (шілде – желтоқсан) жоба жұмысын жүйелеп, қорытындылап, қорғауға дайындау.
Жобаның құрылысы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Аннотация
Тема научной работы: гармония афоризмов Абая с афоризмами мира.
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаты. Ғылыми жоба жұмысында Абай афоризмдері әлемдік деңгейде айтылып, қолданылып жүрген афоризмдермен салыстырыла, салғастырыла зерделенді. Ақын афоризмдері тілдік тұлға – Абайдың, танымдық әлемімен астасқан, өз алдына образды поэтикалық көркемдігі күшті құнарлы ойға негізделген, әмбебаптық қолданысқа ие сөздер. Абай афоризмдері – даналықтың бір түрі, ұтқыр логикалық жүйеге негізделген, астарлы мағынаға құрылған поэтикалық ұтымды сөз ақынның танымдық әлемі мен тұлғалық болмысын көрсетеді.
Зерттеудің өзектілігі. Афоризмдердің өзіндік айқын қасиет, белгілері бар ма, басқа түрлерден айырмашылығы бар ма деген сұрақтарға жауап іздеу және табу өте өзекті. Әрбір жанрды оқшаулайтын қыры алдымен поэтикалық амал-тәсілдерді екшеп, талғап қолданудан көрінеді. Дегенмен, бұл пікір әр жанр басқа жанрда кездеспейтін тәсілдерді ғана қолданады дегенді аңғартпайды. Тіл образдылығын, жандылығын, шұрайлылығын арттыруда қолданылатын көріктеудің әртүрлі тәсілдері әдебиеттегі барлық жанрларға тиесілі. Алайда, әр жанр осы көркемдеу тәсілдерін өзінің мақсат, мүддесіне орайластыра пайдаланады. Бұл мәселеге жауап табу үшін афоризмнің көркемдік кестесін жасайтын әр түрге жеке-жеке тоқталып, нақты тұжырым жасауға тура келеді. Афоризмнің жасалуында өзге жанрларға мүлде ұқсамайтын өзгешелік бар. Өйткені, оның жасалуындағы ерекшеліктер онымен тектес жанрларда да байқала береді. Мысалы, афоризмдердегі қара сөз түріндегі, өлең түріндегі жасалулары тектес жанр мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік сөздерде де кездесіп отырады. Басты мәселе – афоризмнің олардан дара тұратын айқын ерекшелігін тани білуде болып отыр. Афоризм жанрына тән басты ерекшелік − ойды образға орап, барынша жұмыр да жинақы, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айтуға бейімділігі, икемділігі күшті болып келетіндігінде әрі онда басы артық сөз атымен болмауында. Сөзді алтынға балап барынша үнемдеп, қырып-жонып тазартып, дәл де орнымен қолданады. Мысалға, кейде «ретін, жөнін тапса, бітпейтін іс жоқ, бәрі де бітеді» деп айтайын деген ойымызды «қалауын тапса қар жанады» дей салсақ болғаны, алғашқы айтайын деген ойымызды әлдеқайда әсерлі әрі дәл бейнелеп береміз. Бұл афоризмнің өзіндік бір ерекшелігі болып табылады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері:Зерттеу жұмысының мақсаты – Абай афоризмдерінің әлем афоризмдерімен үндестігін қарастыру. Бұл мақсат негізінде төмендегідей міндеттер шығады:
- Абай афоризмдерін жинау, жүйелеу;
- Абай афоризмдерінің топтап, жіктеу;
- Абай афоризмдерінің әлем афоризмдерімен үндестігін айқындау;
Ғылыми жұмыстың зерттеу әдістері:Жұмысты жазу барысында синхрондық тұрғыдан зерттеуде баяндау, жүйелеу әдістері пайдаланылды.
Ғылыми жоба жұмысының дереккөздері:Абай Құнанбайұлының шығармалары, Қ. Өмірәлиевтің «Абай афоризмдері» еңбегі, Е.Шаймерденұлының «Даналық дидары» еңбегі.
1 Афоризмдердегі құрылымдық, функционалдық, логикалық байланыстар
Әлемдік өркениетті адам баласының өмір сүру тәжірибесі сәулеленген ерекше қолтаңба десе де болады. Оның болмысы бөлек, өзеге ортақ екі қанаты бар: бірі – материалдық екіншісі – рухани мәдениет деп аталады. Ой – рухани мәдениет мәйегі болып табылады. Ол материалдық мәдениет жасаудың негізгі құралдарының бірі ретінде қандай маңызды болса, өз қисыны, өз шарттары бар және өз мақсат-мұраттарына сәйкес жаратылып, дамитын төлтума болмыс ретінде де сондай қастерлі дүние. Афоризм – ойдың материалдық бейнесі. Бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз! Ол шағын көлемге кең мағына сыйғызып, ой білдірудің ең тиімді әрі әсерлі тәсілі. Бұл ретте афоризмнің өзегі – философия, яғни ғылым да, болмысы – көркем әдебиет. Ал адам жанын баурап, жүрегін жаулап алатын сиқыры – өнермен, эстетика табиғатымен қабаттас, бауырластығынан.
Афоризм (aphorismos) деген сөз көне грек тілінде шағын үзінді, «бүтіннің бөлшегі», «үзік», «фрагмент», «қысқаша анықтама» деген мағынаны береді. Бұл термин орыс тілінде XVIII ғасырдан бастап ғылыми айналысқа енді. Бес жыл түзілген «Ресей Академиясының сөздігі, еркін тәртіппен орналастырылған» («Словарь Академии Российской, производным порядком расположенный», 1789 – 1794) атты жинақтың 1789 жылы жарық көрген бірінші томының 63-ші бетінде «афорисм» деп көрсетілген. Бұл терминді қазақ ғалымдарының арасында тұңғыш қолданған Ш. Уәлиханов болуы бек мүмкін. Ол: «Қазақтардың ұшан-теңіз өлең-жырлары... әлдебір дәуірлерде ақылды бабалары шығарған мәтелдері мен афоризмдері бар» деген ой жазған. Бұл жерде әйгілі ғалым терминнің мағыналық, құрылымдық және ұғымдық ерекшеліктерін дөп баса отырып, екі мәселеге ерекше маңыз беретіндігін байқау қиын емес. Біріншісі – афоризмнің белгілі бір авторға телінулі және ақыл-кеңес беру сипатында болатындығы (бұл ой «ақылды бабалары шығарған» деген сөздерден анық аңғарылады), екіншісі – оның мақал-мәтелдердің бір түрі емес, солармен қатар қолданыстағы жеке жанр болып табылатындығы («мәтелдері мен афоризмдері» деген орамға қарай отырып байқауға болады). Өз заманының жан-жақты терең интеллектуал тұлғасы болған Мәшһүр Жүсіп Көпеев бұл терминді «ұшқыр ой» деген мағынада түсіндірген. Ақын, жазушы әрі философ Шәкәрім Құдайбердіұлы афоризмдерді «мәнді сөздер» деп атаған болса, ғалым Ахмет Байтұрсынов атамыз «ділмәр сөз» деген атау беріп, бұрынғы би-шешен, даналардан қалған сөздер, европаша – афоризм деген анықтама берген. Ғалым «Әдебиет танытқыш» еңбегінде бірнеше мысалдар келтіре отырып, ділмәр сөздің иесінен (авторынан) айырылса, тақпаққа не болмаса мақал-мәтелге айналып кететіндігі жөнінде айтқан. Бұл ойға толық негіз бар, себебі афоризмдер, мақал мәтелдер мен фразеологизмдерге беретін мән-мағынасы жағынан көп жағдайда ұқсатып жатады. Ал афоризм жанрында қазақ әдебиетінде бірінші болып әдеби-философиялық күнделік жазған академик-жазушы Ғ.Мүсірепов: «Қазақ кейбір тіршілік заңдарын афоризмдер түрінде жазып, есте қалдырған», – деп тұжырымдаған. Бұл жерде афоризмнің мазмұндық-мағыналық мәнін тереңдете түсу және оның жанрлық мәртебесін (статусын) жоғары қою (қазақы қолданыстағы барлық, ішінде мақал-мәтелдер де бар, қысқа жанр үлгілерінің ортақ атауы ретінде қарау) анық байқалады. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін қорытындылап, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Гиппократтың «Афоризмдері» (б.з.д. III – IV ғ.ғ.) – соның бір мысалы. Ол әйгілі: «Өмір – қысқа, өнер – мәңгілік» деген нақыл сөзімен ашылады. Сонымен қатар ортағасырлық афоризмдердегі негізгі бағыт та – медицина мен жаратылыстануға қатысты шағын кеңестер беру, рецептер ұсыну, ойға ой қосу. Жалпы, афоризмдер бастауын сонау Заратуштра, Конфуций сияқты данышпандар мұрасынан іздеген жөн. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазба-ескеткіштерінен бастау алады. Жиырма бес ғасыр сөзін кестелеген осы ақыл-ой антологияның беташарына айналған Анақарыс (Анахарсис) пен Тоқсары шығармашылығы соның бір жарқын дәлелі десек болады. Анақарыс: «Тән – жанның, жан – жаратқанның аманаты», «Жақсылық та – тілден, жамандық та – тілден», «Сый – жеңгендікі, сөз – тергендікі», «Көк аспанда күн күймесі қалай еркін қозғалса, сайын далада скиф керуендері де солай емін-еркін көшіп қонады» деп толғанса, Тоқсары: «Қызыл сөзге салыну – қызған отқа қарылу», «Достық туралы көп сөзден, дос пейілді бір іс артық», «Ерлік жасағанның атасын сұрап алаламас болар», «Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ», «Құдалық та – достықтың дәнекері», «Өліге құрмет – тіріге сауап», «Қызғанышта көз көп: біреуі – күдік», «Эллиндіктердің достығы, скифтердің достығына қарағанда, баланың ойынындай екен», – деген ой қалдырады. Сөз саптасынан да, сөз бен ой төркінінен де далалық мәдениеттің, далалық ойлау жүйесінің лебі есіп тұр. Алаш ақыл-ой үрдісінде айшықты сөзбен астарлы ой айтудың алғашқы үлгілері осылар болса керек деуге толық негіз бар. Ал түркі Тоныкөк: «Жершіл жігіт жол табар», «Аяқтан шалма, қапыда қалма», «Пәтуасыз ер – елге сор», «Ердің жеңілгені – елдің жеңілгені», «Қаған парызы – халқының қарнын тойғызып, мерейін өсіріп отыру», «Жауыңды басындырма, халқыңды ашындырма», – деп адамазатты ақылға шақырса, Білге: «Бақ болмайды басқа бақ, есің барда елің тап», «Зират көрсең, зиярат ет», «Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды», «Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады», «Түркіні бұзар – тәтті сөз», «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ», – деп адам баласын терең ойларға жетелейді. Күлтегін өз сөзінде: «Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп», «Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт», «Бек ұлдарың құл болмағай, пәк қыздарың күң болмағай», «Басиесіз ел тозар», «Жауыңды жеңу – бір басқа, жауықпас ету – бір басқа», «Көлгірдің күні қараң», «Білмегенге – ермеген», «Елін сүйген ер бақытты», «Халқын жұтатпаған қаған бақытты», – деп сүйектен өтіп, жүрекке жетер қайратты сөздермен елдіктің туын жоғары ұстауға шақырады. Жалпы, қазақ афоризміне қатысты тілдік және әдеби тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу жүргізіп, қозғайтын тақырыптар жетерлік.
Афоризмдердің құрылымы өте алуан түрлі. Афоризмдердің көлеміне қатысты нақты өлшемдер жоқ. Алайда афоризмдердің көлемі жөнінде Ұлы Совет энциклопедиясында: « барлық афоризмдердің төрттен бір бөлігі үш-бес сөзден тұрады», - деген анықтама берілген. Афоризмнің көлемі жөнінде орыс жазушысы Сергей Федин «Афоризм – сөз бен мағына арасындағы ең қысқа қашықтық» деген анықтама берсе, украин жазушысы Леонид Сухоруков «Афоризм - бір жолды роман» деген баға береді. Бұдан ұғатынымыз афоризмнің қысқа ғана сөйлемге сыйдырылған,тәлім-тәрбиеге толы шығарма екендігі.
Афоризмнің басты ерекшелігі - қысқалық.
Талдау көрсеткендей,афоризмдері екіге бөліп қарастыруға болады:
1) Бір сөйлемнен тұратын афоризмдер;
2) Екі немесе одан да көп сөйлемнен тұратын афоризмдер.
Бір сөйлемнен тұратын афоризмдерге мысал келтіретін болсақ:
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден (Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан)
Халқына бегі, бегіне халқы қалқы сенген адам сенген ел ұзақтау жасайды. (Күлтегін)
Сабыр — ақылдың серігі (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
Екі немесе одан да көп сөйлемнен тұратын афоризмдер:
Алдау - жаман нәрсе. Бірақ ең жаманы - өз-өзіңді алдау (Лев Николаевич Толстой).
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады (Әбу Насыр әл-Фараби).
Он бес жасымда мен білімге бет бұрдым. Отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда күмәннан арылдым. Елу жасымда көктің еркін таныдым. Алпыс жасымда шындық пен өтірікті ажырата бастадым. Жетпіс жасымда жүрегімнің қалауына ере бастадым ( Конфуций)
Афоризмдердің құрылымы әртүрлі болып келеді бірде жай сөйлем арқылы келсе, бірде күрделі сөйлем, құрмалас сөйлем арқылы да келіп отырады
Бір жай сөйлемнен тұратын афоризмдер екі түрге бөлінеді:
1) жай сөйлемнен тұратын афоризмдер;
2) күрделендірілген жәй сөйлемнен тұратын афоризмдер.
Афоризмдердің бір бөлігі құрылымдық жағына күрделілендірілген сөйлемдертен тұралы.
Барлық ұлы шындықтар Құдайға тіл тигізуден басталады. (Б. Шоу)
Тыныштық - бұл ең жақсы көрініс (Б. Шоу).
Дін - бұл сенімнің сәнді алмастырушысы (О. Уайлд).
Әдетте, осы типтегі афоризмдер анықтама беру үлгісінде жасалады.
Афоризм - сөз бен мағынаның арасындағы ең қысқа қашықтық
(С. Федин).
Жәй сөлемнен тұратын афоризмдер,көп жағдайда біріңғай сөйлем мүшелерімен қатар келеді:
Үй - бұл қыздардың түрмесі және әйелдің жұмыс орны (Б. Шоу)
Әйелдер түсіну үшін емес, сүю үшін жаралған (О. Уайлд).
Афоризмдер сонымен қатар күрделі болып келеді:
Ешбір адам өзінің өткенін сатып алуға жеткілікті бай емес (О. Уайлд)
Өмірге байыпты қарау өте маңызды (О. Уайлд)
Құрмалас сөйлем арқылы айтылатын афоризмдерге мысалдар:
Кішкентай шынайылық - қауіпті нәрсе, ал оның көп бөлігі өлімге әкеледі (О. Уайлд).
Сонымен қатар афоризмдер екі немесе оан да көп сөйлемдерден құрылу мүмкін. Алайда ғалымдар екі немесе одан да көп сөзден тұратын афоризмдер, нақыл сөздердің тұтастығына кедергі екендігін айтады.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық (Абай Құнанбаев)
Афоризмдер түсінгендей, әдетте, екі бөліктен тұрады: нақты ой мен қорытынды тұжырым.
Қорытындылай келе, ойды бағалау, әдетте, автордың түсіндірмесі арқылы беріледі. Афоризімнің басты мақсаты қоғамдағы қарама-қайшылық пен қоғамдағы адами құндылықтарды сөз ету болып табылады.
Афоризмдердің атқаратын қызметі жөнінде нақты заңдылық әлі күнге қойылған жоқ және ғалымдардың осы тұрғыда пікірлері де екіұшты болып келеді. Дегенмен, атқаратын басты қызметі, адамға ой салып, шешім шығаруға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, адам баласын тәрбиелеуде қажетті ой өрнегі деп алсақ та болады. Мысалы, Абай атамыздың: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың», -деген пікірінің атқаратын қызметі, адамды ізгілікке, адамгершілікке шақыру.
Афоризмдер – қысқа, мазмұны терең және белгілі бір авторға тиесілі бейнелі, оңай есте сақталатын сөз өрнегі. Мысалы:
Егер сіз ақымақтан шаршаған болсаңыз, ең алдымен, айнаны сындырыңыз;
Тыныштық - бұл ұлы өнер.
Ерте кезеңдерде айтылған афоризмдер әлем өркениетімен қатар өмір сүріп келеді, атқаратын қызметі де айтарлықтай. Афоризмдердің тақырыбы алуан түрлі тақырыпты қозғайды және жазылған дәуірдегі элементтер бойында сайрап жатады, ол болашақта туындайтын тарихи жағдайлардың табиғатын көрсетеді. Мысалы:
Махаббат соғыс сияқты - бастау оңай, бірақ тоқтату қиын;
Жақсы байланған галстук өмірдегі алғашқы маңызды қадам;
Кейде ол философиялық мәселелерді қамтиды, кейде өткір саяси мазмұнға ие, этикалық мәселелерді қозғай отырып, өмірлік қағида қалыптастырады. Афоризммдер адам өмірі мен қызметінің барлық салаларын қамтиды, оларға айтарлықтай әсер етеді және көбінесе тарихи оқиғаларға байланысты. Адамның ойына ықпал етуімен қатар, бір заманның нақты ережесіне айналуы мүмкін. Афоризмдердің күші таңдалған экспрессивті сөздерді жетілдіруде және өмірдің нақты жеке құбылыстарын жалпы қағидаттарға, үстемдік ететін идеяларға шебер құрастыруда.
Германиядағы афористика австриялық жазушы, публицист және филолог К.Краустың ықпалымен дамыды. Оның афоризмдер туралы кітаптары мазмұны жағынан өте құнды және Германиядан тыс жерлерде де танымал. Оның кеңінен қолданылуына қарамастан, афоризм феномені жеткілікті зерттелген жоқ. Афористиканы зерттеушілер үшін «афоризм» ұғымын анықтау, қазіргі мәтіндердегі афоризмдердің қызмет ету ерекшеліктерін түсіну сияқты сұрақтар өзекті болып қала береді. Афоризмге деген қызығушылық, оның әмбебаптығына байланысты афоризмдер дәуір рухына сәйкес келетіндіктен, олар ғылымға да, өнерге де жақын, ғылыми және көркемдік шығармашылық принциптері олармен өзара тығыз байланыста болғандықтан пайда болды.
Ғылымда «афоризм» терминінің көптеген анықтамалары бар, олар дәуірге, елге және белгілі бір ғалымның көзқарастарына байланысты өзгеріп отырады. Афоризмнің жұмыс істеу өзгешеліктері мен оның түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу афоризмнің жанрлық шекараларының әлі де нақты, жалпы қабылданған анықтамасының жоқтығымен, оның әр түрлі түрлерінің жүйелі жіктелуімен байланысты емес. Осыған байланысты қайшы келетін ақпарат анықтамалық әдебиеттерде кездеседі. Афоризмді анықтаудағы ең үлкен сәйкессіздік оның келесі белгілерімен байланысты.
Зерттеушілер, мысалы, В.М. Кожевников, Г.А. Николаев афоризмдерді қысқа жалпылама тұжырымдардың барлық түрлері, соның ішінде мақал-мәтелдер, басқалары деп санайды (Т.Н. Федоренко, Л.И. Сокольская) тек авторлық сөздерді афоризмдерге жатқызады. Федоренко өзінің «Афоризм» атты еңбегінде - «Афоризмдер белгілі бір авторға тиесілі, мазмұнды және мазмұнды аяқталған пайымдаулар деп аталады және бейнелі, оңай есте сақталады» деген анықтама береді.
«Әдеби терминдердің қысқаша сөздігі» редакторы Л.И. Тимофеева келесі анықтаманы береді: «Афоризм - бұл автордың жалпыланған, терең ойлауы, нақтылықпен, айқын көрініспен, экспрессивтілік белгісімен сипатталады» деген анықтама береді.
Н.Т. Федоренко, Л.И. Сокольская «көркемдік форманың ғылымның логикалық дәлелімен үйлесімді үйлесуі - афоризмдердің ерекшелігі» дейді. «Егер сіз үнемі қолыңыздан ұстап тұрсаңыз, сізге демеу болар өзге қол жетіспейді».
Бірқатар зерттеушілер афоризмді «тәуелсіз ойлаудың катализаторы» дейді. «Афоризм әрқашан тікелей айтылғаннан көп нәрсені қамтиды. Оның шынайы мағынасы ойлаудың нәтижесінде ашылады».
Афоризмдердің қызметін ғалымдардың әртүрлі түсіндіруі афоризм жанрының дамыған анықтамасының болмауы. Бұл жағдайда, кем дегенде, зерттеушілер арасында алшақтық тудырмайтын белгілерді анықтау қажет. Жалпыға бірдей танылған афоризмнің келесідей қасиеттері:
• нақтылық
• жалпылау
Міне, афоризмнің тағы бірнеше анықтамалары.
Үлкен энциклопедиялық сөздік (BES):
Афоризм - бұл лаконикалық формада жалпыланған, толық ой білдіретін диктум.
С.И. Ожеговтың сөздігінде:
Афоризм - бұл қысқаша экспрессивті диктант, ол жалпылама тұжырымнан тұрады
В. Дальдың түсіндірме сөздігі:
Афоризм (грекше) - тәжірибе мен ойға негізделген қысқа да түсінікті жарнама; үзінді, бірақ толық позиция.
Академиялық сөздікте:
Афоризм - қысқаша есте қалған мәтін түрінде айтылған немесе жазылған, содан кейін басқа адамдар қайталап ойлап шығарған түпнұсқа ой. Афоризмде тікелей хабардың максималды концентрациясы және қоршаған тыңдаушылар немесе оқырмандар қабылдаған ойдың мазмұны. (Weggeworfene Zeit läßt sich nicht recyceln. Зигфрид Уаш-Жоғалған уақыт оралмайды).
Афоризмнің барлық анықтамалары оның басты ерекшелігімен, айтылған ойдың нақтылығы мен толықтығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, біздің ойымызша, автор мен мақал-мәтелдердің арасында нақты алшақтықты анықтау үшін автордың қатысуын ерекше атап өту қажет, стандартты емес, логикалық ойға құрылған афоризм ғана оқырманды өз бетінше ойлануға дағдылайды. Осылайша, біз афоризмнің келесі анықтамасын аламыз:
Афоризм - бұл қысқа, толығымен ойластырылған, авторы бар және философиялық мәтіннен тұрады. Логикалық ойға құрылып,адам өз бетінше шешім шығаруына ықпал етіп,адамгершілікке, мейірімге, достық пен бауырмалдылыққа шақырады. Афоризм интеллектілердің күйін, жүріс-тұрысын, мақал, қанатты сөздер арқылы эвристикалық модельдеп беретін ой мәйегі. Мысал ретінде: «Киімді жаңа кезінен, Намысты жас кезіңнен» сияқты мақалын алып қарайық.Ол өзіңді жас кезіңде қалай ұстау сипатын белгілеп береді және жастарға өмірлік ұстаным ретінде қолданылады.
Мақал адамдардың белгілі бір жағдайда өзін қалай ұстауын қарастырмайды. Ол әрбір адамның жеке жағдайдағы ойлау құралы болып табылады. Бірақ ол адам жету үшін, өзі ұстауы үшін қажет болатын мақсатты анықтап береді. Сондықтан бұл мақал адамның өзін ұстауының эвристикалық моделі ретінде қаралады.
«Сақтанғанды құдай сақтайды». Бұл афоризм адамдарға әрқашан сақ және мұқият болуға кеңес береді. Өзіңді ұстаудың белгілі бір түрін белгілеп тұр.
Кез келген есептің шешімін табатын универсал және қатесі жоқ ережелер өмірде жоқ, болмайды да. Дегенмен, афоризм эвристикалық әдіс болып көп жағдайда өте пайдалы жағдайларда бақылайтын модель болып саналады.
Олардың нақты ережелерден өзгешеліктерін атап көрсетейік. Мысалы, математикада нақты әдістерді белгілі бір жағдайларда бірден қолдануға болатын болса, ол афоризмдер нақты бір әрекетті орындау үшін алдын ала ой еңбегін қажет етеді. Барлық мәселелерді шешуге болатын ережелерді табу бұл арман, арман күйінше қалады. Сонымен афоризмдер адам баласында туындайтын көптеген жағдайларда пайдалы болатын ақыл-ой нұсқауы
Афоризмдердің кемшілігі – олар дұрыс және жүйелі ғылыми жүйесі болып табылмайды.
Мәселенің шешім табу кезеңдерін анықтайтын афоризмдер жүйесін қарастырайық:
1) «Дұрыс түсінбеген, дұрыс жауап бермейді».Мәселені шешпес бұрын оны түсініп, мақсаттыңды анықтап алу керектігін ұғындырады.
2) «Ақымақ істің басын ойласа,
Ақылды соңын ойлайды». Егер ақырғы мақсат анық болмаса, мәселені шешуде жаңылысып кетуің мүмкін.
3) «Ықылас бар жерде жол табылады». Кез-келген мәселені шешу үшін ықылас, ынта керек.
4) «Ынта – сәттілік көзі». Кез-келген дүниенің пайдасын көру үшін, адам баласында алдымен ынта болуы керектігі айтылады.
5) «Ақылдылар шешімін өзгертеді, ал ақымақтар өзгертпейді». Яғни, қабылдаған шешімді өзгерту арқылы,жетістікке жетуге болады.
6) «Ақылды кездейсоқ жағдайды сәттілікке айналдырады». Ойлау қабілеті жақсы дамыған адамның, қандай болмасы кедергіден шығар жолды табатын табандылғы сөз болып отыр.Бұдан аңғаратынымыз афоризмнің басты атқаратын қызметі адамға бағыт бағдар беру, жол көрсету.
Афоризмнің ғылыми негізі – оның өзегінде қысқа әрі нұсқалық (лаконизм), логикалық қисындылық, ой қорыту тереңдігі, қандай да болсын бір қазыққа байланып қалмайтын абстрактілігі сияқты басты белгілерін анықтап берген фактор. Бұл бесіктен ол ғылыми анықтама мен ғылыми пікірге тән ғылыми заңдылыққа бағыну, белгілі бір қисынды логикалық шегіне жеткізіп, толық таратып – талдау, дамыту қасиеттерін бойына игере алмады. Бірақ бұл кемшілігі емес, ерекшелігіне айналды. Афоризм – ой тамызығы. Адамға ой салады және оның таным көкжиегін кеңейтеді. Ойланбай, көзсіз қабылдауға, алдымен зерделеп алмай, қолдануға арналмаған. Тұйықталған өлі шеңбер емес, перспективасы бар өміршең ашық жүйе болғандықтан, қашан да ақиқатты танудың объективті логикалық кеңістігі сақталып отыратын ой қорытындысы. Афоризмдердің өара логикалық баланысқа құрылуы қажет. Мысалға Абай Құнанбаевтың: «Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар» деген афоризміндегі, «шошқа» дегеннің орына «қоян» деген сөзбен ауыстырып қолдана алмаймыз. Себебі, шошқа деген сөз арқылы,адамның пасықтығын аңғартып тұр, «ит» деген сөзді де «мысық» сөзімен ауыстыра алмаймыз. Себебі, қазақта «иттік жасау» деген тіркес бар,яғни адам баласына опасыздық жасау. Өзі адамгершіліктен жұрдай адам, өзгені де опасыз көреді деген ұғымды береді,түпкі ойын «шошқа» және «ит» сияқты астарлы сөздермен берген,логикалық байланысқа құрылған афоризм. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтің: «Ел боламын десең, бесігіңде түзе»дегеннақыл сөзіндегі логикалық байланысты бұзып «бесік» сөзінің орнына «үй», «орта» немесе «көрші» деген сөзді қолдана аламаймыз. Себебі, тәрбиеніңқайнар көзі, балаға бесіктен бастап беріледі. «Тәрбие-тал бесіктен» деген мақалдың да түпкі мағынасы осы,баланы кікентайынан тәрбиелесең, ел болашағы жарқын болады деген ойды білдіріп тұр. Сонымен қатар Әбіш Кекілбаевтің «Ақын еңбегінің жалғыз өлшемі – оның адам жүрегіне қанша жақындай алғаны» деген ойындағы, «жүрек» сөзін «бүйрек», «бауыр» сөзімен аламстыруға келмейді. «Жүректің қылын шертіп» деген қазақ тіліндегі тіркеске сүйеніп жазылған бұл ойда, ақынның қызметі адам жүрегіне ой салу екендігін айтады. Тоқ етері, афоризмдердің логикалық және мағыналық байланысқа сүйеніп жазылуы басты фактор. Логикалық байланыс болғанда ғана ой жүйелі болады,ал байланыс болмаса афоризмнің ойы шашыраңқы болады және беретін тәрбиелік мәні болуының өзі екіталай.
Афоризм – әдеби жанр болып табылады. Оның әсерлілігі әртүрлі стильдік және әдеби-көркемдік құралдарды тиімді қолданумен тікелей байланысты. Лексикалық, синтаксистік, метафоралық түрлендіру тәсілдерін (антитеза, гипербола, параллелизм, т. б.), шешендік өнер әдістерін шебер қолдану афоризмнің поэтикалық калоритін, көркемдік құнарын арттыра түседі. Афористік шығарманың бойында автордың өзіндік дүниетанымының, творчестволық қолтаңбасының іздері сайрап жатады. Қорытып айтар болсақ, афоризм – адамзат өркениеті мен мәдениетіндегі рухани сабақтастықты қамтамасыз ететін, шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын, әлеуметтік-саяси, моральдік-этикалық және эстетикалық көзқарас, авторлық тұжырым түріндегі қысқа ғана әрі көркем туынды. Көркем оймен кестеленген нақыл сөз. Оның басты шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне деген көзқарастағы анықтық, ой шындығына адалдық, пікір жинақтап қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік,ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афористік шығармада әр ой өздігінше өзгеше өрнектеліп, бөлек бітімге ие болады. Афоризм әдеби жанрлардың ішінде мақал-мәтелге етене жақын болып келеді. Ат құйрығын кесіп, ажырасар жері – алғашқысында субъективтіліктің басымдығы, тарихи және өмірбаяндық астары ойлардың қалыңдығы. Мақал-мәтелге жалпылық тән болса, афоризмге жалқылық пен нақтылық жақын. Зерттеушілердің бірқатары бөлігі афористиканы сөз өнерінің дербес бір түріне жатқызып жүр. (Салыстырып көріңіз: Абай сөз өнерін: өлең сөз (поэзия), қара сөз (проза) және ғақлия сөз (афористика) деп салалап қарастырады.) Ол – өмір тәжірибесін мейілінше ықшам (түр) әрі өте жинақы (мағына) кескіндеу құралы. Бұл жүйеде, әдетте, образдан гөрі ойға көбірек салмақ салынады, суреттеуден гөрі салғастыруға, өрнектеуден гөрі ойласуға басымырақ көңіл бөлініп отырады. Логикалық силлогизм мен ғылыми тезистердегі талдау тазалығы мен дәлел жүйелілігінен гөрі, ақиқатын ойша дәлелдеп емес, бастан өткізу барысында ғана танып-білуге болатын бірегей рухани тәжірибеге сүйенеді. Түрлі жағдаяттық 10 (ситуативтік) және ыңғайластық (контекстуальдік) тежеулерден ада, өзінің алдына дербес әрі орнықты, оның үстіне әлдебір эмпирикалық немесе көңіл күй ауандарынан жоғары мәнмағына салтанат құруға тиіс. Афористиканың жанрлық жіктелуі ұғымдық және терминдік тұрғыдан әрі жан-жақты терең зерттеліп, ғылыми тұрғыдан жүйеленіп, реттеле қойған жоқ. Бұл оның негізгі жанры– афоризммен де (қазақ тілінде бірқатар авторлар бұл жанрдың «нақыл» баламасын ғылыми айналымға енгізуге бағдар ұстағанымен, ол орныға қойды деу қиын) байланысты. «Қолданбалық» мәніне көбірек назар аударылатын:
1) Өсиетнамалық (дидактикалық)
Іс айналып батылға
Ер қайраты қор болып,
Ақыл салды қатынға,
Түзелмес енді іс болып...(Дулат Бабатайұлы)
2) Өсиет
Баяғыда бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп: - Балам! Егер маған бір үйір жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз айтайын, - депті. Бала тұрып: - Жақсы! Берейін, үйретіңіз, - дейді. Әлгі кісі: - Балам! Су ішкен құдығыңа түкірме, таңғы асты тастама, оң қолың төбелес бастаса, сол қолың арашашы болсын, - дейді.
3) Кеңес (совет)
4) Нақыл (назидание)
Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады:
1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.
2. Елді басқарған өкіметті сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды.
3. Асты күтпей ысырап ету – берекені кетіріп ашығуға апарып соғады.деген айдарлар тағылып жүр. Сол сияқты афористиканы қанатты сөз (сентенция) және гном (екеуінің де авторы белгісіз болып келеді), апофегма (белгілі бір адамға теліп айтылған сөз), хрия және максима (автордың шығармаларынан теріп алынған немесе жеке айтылған авторлық көзқарас) деген жанрлары да кездеседі. Тілтану мен стилистика салаларында терминге айналған «қанатты сөз» тіркесі ең алғаш рет Гомердің «Иллиадасы» мен «Одиссеясында» пайдаланылған деп есептеледі. Қанатты құстай тез жеткен, аса жылдам тараған сөзұғымын білдірген. XIX ғасырда осындай тақырыптармен неміс ғалымы Георг Бюхман («Geflugelte Worte», 1864 жыл) мен орыс беллетрист-этнографы С.В. Максимов («Крылатые слова», 1891 жыл) өз халықтары афоризмдерінің осы түрін жеке жинақ етіп шығарған болатын. Мұндай тақырыпты қазақ ғалымдары да пайдаланып келеді. Мысалы, 1977 жылы Н. Төреқұлов «Қанатты сөздер» деген жинақ, ал 1987 жылы Ә. Құрышжанов «Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер (V – VII ғасырлар жазба ескерткіштері материалдары бойынша құрастырылған жинақ)» атты жинақ шығарды. Афоризмнің бұл түріне, әдетте, тілге әдеби қайнарлар арқылы енген қысқа цитаталар, көркем ой орамдары, тарихи тұлғалардың айтқан сөздері, ерекше бір ұғымдардың атауына айналған аңыз-әпсаналар мен көркем әдебиет кейіпкерлерінің есімдері (Мысалы, Алдаркөсе, Қожанасыр, Шықбермес Шығайбай, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Геркулес, Тартюф, Хлестаков, Судыр Ахмет, т.б.), тарихи тұлғалардың қысқа да нұсқа бейнетеңеулері (Мысалы, «Еңсегей бойлы ер Есім» (Есім хан), Асанқайғы (Асан Сәбитұлы), «Қаз дауысты Қазыбек» (Қазыбек би), Сегіз сері (Мұхаммед-Қанафия Баһрамұлы Шақшақов), «Дарабоз» (Қабанбай батыр), «Күй атасы» (Құрманғазы), «Елбасы» (Нұрсұлтан Назарбаев), «Орыс әдебиетінің жарық күні» (Пушкин), «Қазақ вальсінің королі» (Шәмші Қалдаяқов), «Орыс авиациясының әкесі» (Жуковский), т.б.) тәрізді терең қатпарлы тіркестер жатқызамыз. Бірақ оны кең мағынада – тек әдеби көздерден емес, жалпы қолданыстағы көркем ой образдарының (оның ішінде халық мақал-мәтелдері де бар) ортақ атауы ретінде – қолдану да біршама жиі кездесіп отырады. Бұл қазақ әдебиеттануына да тән құбылыс. Афористика жанрындағы туындылардың тағы бір түрі – пародиялық афористика. Оған орыс әдебиетіндегі көпке кең танымал Козьма Прутков сөздерін жатқыза аламыз. Пародиялық афористика жанрында «беделді» толғам тавтология немесе алогизм әдістерін қолдану арқылы жасалады. Афористиканың өміршеңдігі оның танымдық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Ол, белгілі бір рәміз, символ немесе нышандық белгі тәрізді, әлдебір уақыт желісіне көгенделіп қалмайтын еркіндігімен құнды. Афористика – өткен ұрпақтардың өмір тәжірибесін, мәдени және өркениеттік ой-қазынасын жоғалтып алмай, жаңғыртып, келер ұрпақ кәдесіне жаратуға мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді тәсіл, ақыл-ой диалектикасының алтын көпірлерінің бірегейі. Орта ғасырларда ерекше дамыған және көп аударылған афористік туындылар ертедегі дәуірдің ой қазынасын, өмір даналығын үкілеп ұсынып, өзіне кең өріс ашты. Бұл кездейсоқ емес болатын. Адамзат дамуының жаңа бір жұлдызды сәті тың ойлар мен идеяларға тегеуірінді тірек, жаңа рухани болмыс үшін мөлдір бастау мен берік баспалдаққа зәрулік танытты. Осы ынталылық XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында да жаппай сұраныс ретінде жоғары деңгейге көтеріліп отыр. Бұл дамудың қазіргі кезеңіндегі информациялық технологиялар рөлінің артуының барлық өмірлік құбылыстарға, оның ішінде ойлау 11 жүйесіне де, жаңа өзгерістер, құндылықтар мен қажеттіліктер әкелуіне қатысты болса керек. Адамзат тәжірибесінің жүйеленген, информациялық тұрғыдан қабылдап, өңдеуге жеңіл әрі қолайлы көркем қазынасының жаңа ұрпақтар ықыласына ие болуы – көне сөз өнері өміршеңдігінің тағы бір жарқын белгісі болып отыр.Афористикалық сөз өнерінің негізгі жанрына жататын афоризмнің классикалық үлгілерін Б. Грасиан, М. Аврелий, Ф. Де Ларошфуко, М. Монтень, Л. де Вовенарг, Ж. де Лабрюйер, Ф. Ницше, Абай, Г. Лихтенберг, Л. Толстой, А. Шопенгауэр, Б. Паскаль, В. Ключевский және басқа ойшыл жазушылар шығармасынан кездестіре аламыз. Бұл ретте Шығыс философиясы мен әдебиетіндегі ежелгі дәуірлерден бастау алатын тамаша мектептің орны айрықша.Қазақ топырағында афоризм жанрында алғаш шығарма қалдырған қазір белгілі тұлғалардың бірі – Асанқайғы Сәбитұлы (XV ғасыр). Одан кейінгі ақындар мен жыраулар поэзиясында да афоризм түріндегі толғамдар молынан кездеседі. Әсіресе, би-шешендер сөздерінің табиғатында бұл жанрдың қасиеттері көбірек көрініс тапқан. Сондықтан да болар, өткен ғасырдың орта тұсында «Ауыз әдебиетінде нақыл сөздер – мақал-мәтелдерге жақын тұратын афоризмдер көп болады. Бұларды нақыл сөздер немесе шешендік сөздер дейді» («Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1957 жыл, 226-бет) деген жартыкеш жаңсақ пікір ғылыми анықтама ретінде қарастырылып келген болатын. Жалпы, осыған дейінгі қазақ афоризміне қатысты деген ғылыми пікірлерді қарастырғанда, екі жағдаятты ескерген дұрысырақ. Бірінші – афористика арнайы талдау объектісіне айнала қоймағандығы. Ол туралы кейбір қисындар, негізінен, мақал-мәтелге, би-шешендер сөздеріне, нақылға қатысты зерттеулер жүргізген авторлардың (Ш. Уәлиханов, В.В. Радлов, А. Васильев, Ә. Диваев, М. Көпеев, Ы. Алтынсарин, С. Сейфуллин, А. Байтұрсынов, Е. Ысмаилов, М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Ғабдуллин, Т. Кәкішев, С. Зиманов, М. Әлімбаев, Ә. Мәметова, Н. Төреқұлов, Ә. Құрысжанов, Б. Адамбаев, С. Негимов т.б.) ой орамдарында кездесіп отырады. Оның негізгі себебі жанрлық жіктеудің көмескілігінде жатқан болуы керек. Екінші бір жаңсақ көзқарас – афоризмге тек халық ауыз әдебиетінің бір түрі деп қарау. Афористика жанрында туындылар қалдырған жазба ақын-жазушылар арасында Абай Құнанбайұлының шығармашылығының шоқтығы айрықша биік. Ол – афоризмнің классикалық талаптарын терең білген, меңгерген және сол үлгідегі ой жауһарларын жасап, қалдырған әлемдік ақылой алыптары қатарынан көрінетін ғұлама ойшыл. Шәкәрім афоризмдерінен де сондай тереңдік пен тектілік байқалады. Жиырмасыншы ғасырдағы афоризм авторлары арасында С. Торайғыров, Ғ. Мүсірепов пен Б. Момышұлының нақыл сөздері ойып тұрып орын алады. Олардың өресі жоғары, өрісі кең, көркем кестеленген қанатты ойлары ел ішінде кең танылып үлгерді. «Мүсіреповты мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек» деген қанатты сөз авторы – академик З. Қабдолов творчествосына да ұтымды өрілген ұшқыр ойлар жетерлік. Қанатты сөзге ерекше ден қойып, оның теориясы мен тәжірибесін бірдей өз творчествосының объектісіне айналдырған ойлы да шебер жазушы –
М. Әлімбаев. Афористік ойлау машығы Қ. Мырзалиев, Ә. Кекілбаев, А. Сүлейменов творчествосының да ерекшеліктері қатарына жатқызумызға болады. Сонымен бірге, афоризмнің кейбір түрлерін (мысалы, саяси афоризмдер) қоғамда айырықша орны бар танымал тұлғалардың сөйлеген сөздерінен де кездестіре аламыз. Бұл дегеніміз афоризмдердің әлі жанрлық тұрғыда қалыптаса қоймағанымен, біртіндеп жаңа бағытта белең алып келе жатқандығының көрінісі десек артық емес.
2 Абай афоризмдерінің әлем афоризмдерімен үндестігі
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен [https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/31249/].
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды [http://oilar.kz/author/114/-].
Афоризм – грек тілінде бір үзік ой, «бүтіннің бөлшегі», «фрагмент» деген ұғымды береді екен. 1972 жылы жарық көрген «Қазақ Совет энциклопедиясында» афоризм грек тілі екендігі, қысқа сөзбен түйінделген тиянақты, бейнелі ой; жеке нақыл ретінде қолданылатыны айтылып, «Адам деген – ардақты ат», «Ғылым таппай мақтанба» деген сөздер мысалға келтіріліпті.Сондай-ақ бұл анықтамада мақал-мәтелдердің біразы, өлең, мысал, ақ өлең жолдары, философиялық, публицистикалық және сын мақалалардың түйіндері де афоризмдерге жататыны көрсетіліп, «Афоризмнің шеберлері орыста Крылов, Грибоедев, Пушкин, Горький болса, қазақта Абай, Әуезов т.б.» делініпті [1, 600].
Қара бастың емес, бар Алаштың қамын ойлап, «қалың елім, қазағым, қайран жұртым», - деп тебіренген Абай Құнанбайұлының өрелі ой, келелі кеңес беретін сөздері жүрегіміздің хақ төрінен орын алатыны анық. Қазақтың қалам тербеген әр ақыны, ең алдымен, Абайды оқиды. Өйткені оның жалынды жырлары тәлім-тәрбиеге, тағылымға толы. Назарларыңызға Абай атамыз айтқан афоризмдерді ұсынғымыз келіп отыр.
1. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
2. Баланың мал табары болады, мал шашары болады.
Абай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» десе, А. Байтұрсынұлы шығарма тілінің екі түрі болатынын, оның бірі- ақын тілі, екіншісі әншейін тіл екенін айта келіп, «Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз:
...Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады»-[3, 348] деп өлеңнің ерекшелігін көрсетеді. Байқап, көріп отырсыздар, афоризм поэзияға жақын. Соның ішінде ол дидактикалық өлеңдердің жемісі саналады. Сондықтан да поэзияда кездесетін көркемдеуіш құралдар афоризмге де тән:
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол (Абай)
Бұл – Абайдың ұйқасқа құрылған афоризмі.
3. Өзің мал таба алмасаң - балаң мал тапсын.
Қ.Өмірәлиев құрастырған «Абай афоризмі» [8, 128 б.] «Педагогика мораль», «Психология», «Этика», «Сатиралық сөздер» деген тарауларға бөлініп, соңында Абай афоризмдерінің туу негіздері жайында әңгіме қозғалады.
Бір ғана Абай афоризмдерінің тақырып аясының кеңдігі таңқаларлық емес пе?!
4. Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
5. Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі.
6. Тіл жүректің айтқанына көнсе - жалған шықпайды.
7. Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.
8. Есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді.
9. Құдайшылық – жүректе.
10. Жаманмен салысып жақсы болмайсың.
11. Көпке қорлық жүрмейді.
12. Құдайдан қорық, пендеден - ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!
13. Надан ел - қуанбас нәрсеге қуанады, ұялмас нәрседен ұялады.
14. Ауруды жаратқан құай, бірақ ауыртқан құдай емес.
15. Шала мейір - шала байқайды.
16. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпен өмір өткізгенше - малды не жерден сұрау керек, не маңдай терден сұрау керек.
17. Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
18. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.
19. Мал - жұтайды, өнер - жұтамайды.
20. Атасының баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың.
21. Ер - артық сұраса да азға разы болады, ез - аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
22. Адам баласын заман өсіреді.
23. Дүниеде жалғыз қалған адам - өлген адаммен тең: қапашылықтың бәрі соның басында.
24. Үміт үзу - қайратсыздық.
25. Дүниеде еш нәрсе баянды емес: жамандық та өтеді.
26. Ашулы адамның сөзі аз болса - ыза қуаты артында болғаны.
27. Тоқ тіленші - адам сайтаны.
28. Биік мансап - биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.
29. Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.
30. Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
31. Қайғысыздан - сақ бол, қайғылыға - жақ бол.
32. Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым - тұл.
33. Қиянатшылар: жарым адам, жарым молда, жарым мұсылман.
34. Мал, мақтан, құрмет өзі іздеп тапса - адамды бұзбайды һәм берік болады.
35. Нысап пен ұят әділеттен шығады.
36. Адаспай тура іздеген хәкімдер болмаса - дүние ойран болар еді.
37. Әрбір ғалым - хәкім емес, әрбір хәкім - ғалым.
38. Өзімшілдік - адамды бұзатын пиғыл.
39. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық, еріншектік, залымдық.
40. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық [https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/31249/].
«Заманы бірдің амалы бір» Абай да, Ыбырай да қалың ұйқыдағы халқын оятып, көкірегіне ғылым, білім сәулесін шашуды мақсат етті.
Қ.Өмірәлиев «Абай афоризмдері - ақынның дидактикалық поэзиясы мен өнеге сөздерінің жемісі. Ал олар болса Абайдың еңбекке, өнер-білімге, адамгершілікке т.б үндеген ағартушылық идеяларының жемісі. Сондықтан да ақынның осынау афоризмдері оның осы ағартушылық идеяларының, адамгершілік оқуының кодекстері іспетті, - деп атап көрсетеді [8, 47 б.].
Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!
Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта.
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!
Сұлуды сүймектік — пайғамбар сүннеті.
Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны, композитор, ойшыл.
Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Әкесінің баласы- адамның дұшпаны, адамның баласы- бауырың.
Пайда ойлама, ар ойла.
Надандық – ғылым- білімнің жоқтығы.
Шәкіртсіз ғалым- тұл.
Адам баласын бауырым деу- жүрек сөзі.
Әкесі ұрысса балаға о да - достық,
Баласы ұрысса әкеге жараса ма?
Досыңа достық- қарыз іс.
Дұшпаныңа да әділ бол!
Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
Жаман дос- көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
Жолдастық, сұхбаттастық- бір ұлкен іс.
Кім сені сүйсе, оны сүймектік қарыз.
Кімде- кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.
Қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек- олар дұшпандық шақырады.
Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа.
Адал еңбекпен мал іздемек- ол арлы адамның ісі.
Надан арам ақылды құлаққа ілмек.
Нысап, ұят- бұл ғаделеттен шығады.
Еңбексіз мал дәметпек- қайыршылық.
Еріншектік –күллі дүниенің дұшпаны.
Тұрлаусыз ғашық- тұл.
Ақылсыз- шынға сенбей, жоққа сенбек.
Асығыс түбі- өкініш.
Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса, айына бір өзіңнен- өзің есеп ал.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып үйренгенін қойса, оны Құдай ұрады.
Уайымсыз салғырттық- дәулеттің, ақылдың, ардың дұшпаны.
Адамға ғылым- білімді көбейтуге екі қару керек: бірі –пікірлестік, екіншісі- берік сақтау.
Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, асса - жарамайды... екінші - ішпек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жинамақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады.
Залымдық- адам баласының дұшпаны.
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.
Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан өнерші- қазақтың әулиесі.
Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық.
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Үш-ақ нәрсе- адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады.
...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпенбілмек үшін үйренбек керек. Бақасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залалды емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі- әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшінғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас күншілдікті зорайтады...
Үлкендік- адам ішінен өзін- өзі бағалы есеп қылмақ.
Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.
Мастық бойдан ағаттық көп шығарып, ақылдың көзін байлайды.
Өзі өзгеше боламын демектің түбі - мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілдікті бітіреді де, күншілдік күншілдікті қозғайды.
Көкіректе сәулесі жоқтың көңілде сенімі жоқ.
Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың.
Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда көңілдің уанғаны да болады, өшкені де болады.
Егер ақыл мiнездiң сауытына сыймаса – пайдасы жоқ
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келгенде:
1 Екі жүзден аса Абай афоризмдері жинақталды.
2 Абай афоризмдерінің этикалық, психологиялық, дидактикалық, философиялық деген тақырыптарына жіктеліс жасалды.
3 Абай афоризмдері адамның бүкіл өміріне қатысты жағдайлардың бәрі тақырып ретінде көтерілгені көрсетілді. Сол себептен де Абай шығармалары адамның ішкі жан дүниесімен астасып, бүкіл адамзат баласына ортақ мәміле табылады деп санаймыз.
4 Абай афоризмдері бүкіл әлемде қолданылатын афоризмдермен ойы жағынан тең тұрады, ал көркемдік жағынан олардан да биік тұрады деп есептейміз. Себебі Абай афоризмдері образға негізделген, образға құрылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

- Қазақ афоризмдері (Ақыл-ой антологиясы: бағзыдан-бүгінге дейін). Құрастырушы: Е. Шаймерденұлы – Алматы: Алматы кітап баспасы, 2012.
- Ұлт рухы: қанатты сөздер /Е.Зәңгіров – Алматы: Аспа-ь, 2015.
- Орыс совет поэзиясының антологиясы. Екі томдық. – Алматы: Жазушы, 1980.
- Сопылық ғибратнама: хрестоматия-компендиум. /Құраст., алғы сөзі мен өмірбаяндық анықтамаларды жазғандар С.Сүтжан, Б.Құралханова. –Павлодар: ПМПИ, 2016.
- Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық. /Құрастыр., М.Мағауин, М.Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1989.
- Ақылдың кені. (Ұлағаттысөздер). Құраст. Қ.Жарықбаев.–
Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2008.
- Асыл мұра /Құраст., А.А.Теміралиева. –Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2010.
- Руставели Шота. Жолбарыс тонды жаһангез. –Алматы: «Жазушы» баспасы, 1974.
- Мәтбек Н.Қ. Сүлеймен Бақырғанидың (Хакім ата) әдеби мұрасы: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2008.
- Бөкейханов Ә. Шығармалары. –Алматы: «Қазақстан», 1994.
- Байтұрсынұлы А. Шығармалары.Алты томдық шығармалар жинағы, -Алматы: «Ел – шежіре», 2013.
- Алтынсарин Ы. Қазақхрестоматиясы. – Алматы:«Білім»,
2003.
- Аймауытов Ж. Шығармалары; Романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар /Құраст. М.Атымов, Қ.Керейқұлов. –Алматы: Жазушы, 1989.
- Жұмабаев М. Шығармалары. –Алматы: Жазушы, 1989.
- Баласұғын Ж. Құтты білік /Көне түркі тілінен аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев. –Алматы: Жазушы, 1986.
- Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати (Аяз). Жаһан наме: (Дастан). [Құраст. Әбсаттар Қажы Дербісәлі]. –Алматы: «Білім» баспасы, 2006.
- Бабатайұлы Д. Тұнық тұман. Өсиетнама: өлеңдер мен дастан-дар (І кітап). –Алматы: «Раритет», 2002.
- Қанайұлы Ш. Қайран халқым. Заман-ай: жыр толғаулар, айтыстар (І бөлім). –Алматы: «Раритет», 2002.
- Әлем әдебиеті, №2, 2011. – 90 – 115 б.б.
- Шаймерденұлы Е. Мәңгілік мұрат. (Ой-қазына: афоризмдер, қанатты ойлар) –Алматы: «Өлке» баспасы, 2003.
- Бердақ. Әмудария әуендері.–Алматы: «Жазушы» баспасы, 1973.
- Бозінген (Монғолия қазақтарының өлең-жырлары) –Алматы: «Жзушы», 1971.
- Лермонтов М.Ю. Өлеңдер. І-том. –Алматы: «Жазушы» баспасы, 1977.
- Әлем әдебиеті, №3, 2007. – 18б., 52-56 б.б.
- «Ойсана» /Құраст. Кемел Мырзакелді; – Алматы: «Асыл кітап» баспасы, 2016. [Бес томдық].
- Петрарка Ф. Өлеңдер. Орысшадан аударған Д.Қанатбаев. –
Алматы: «Жазушы», 1975.
- Руми Ж. Өлеңдер.Орысшадан аударған С.Иманасов.–
Алматы: «Жазушы», 1975.
- Некрасов Н.А. Өлеңдер. Аударған Ғ.Қайырбеков. –Алматы: «Жазушы», 1975.
- Таң –Шолпан. Әдеби-көркем, көпшілік журналы. №6, 2013. –
3-21 б.б
- Большая книга афоризмов. Изд. 6-е, исправленное. –М: Изд-во ЭКСМО – Пресс, 2002.
- Максимович Д. Зеленный витязь. Москва «Детская литература», 1977.
- Қазақ Совет энциклопедиясы. –Алматы., 1972. – 600 б.
- Байтұрсынлв А. «Ақ жол»: өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу /құраст. Р.Нұрғалиев. –Алматы: ЖАлын, 1991. – 422-424 б.б.
- Өтемебтұлы А. Ақберген. XVIII-XX ғасырдағы қазақ ақын, жы-рауларының шығармалар жинағы. Құраст. баспаға әзірлеген алғы сөзін жазған Қ.Сыдиқов. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1972. – 31 б.
- Байғанин Н. Нарқыз. – Алматы., 1974. – 242 б.
- Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. –Алматы: «Қазақстан», 1993.
Авторы: 286 орта мектебінің 6 а сынып оқушысы Кәрібаева Нұрайым, Жәнібек Мадия
Ғылыми жетекші: Дошан Ханзада Төреханқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі