Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АБАЙ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

АБАЙ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ


М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, халық ағартушысы, қазақ халқының ұлы ақыны, философ-гуманист, композитор, көркем сөз шебері Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына арналған «Абай жолв» атты рухани - танымдық шара өтті.
Мәдениет үйінің фойесінде Абай шығармашылығынан «Абай - руханияттың алтын қазығы» атты кітап көрмесі аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен бастау алды.
Шарада аудан әкімінің орынбасары
Б. Ахметов өнер сүйер қауымды Абай күнімен және ақын шығармашылығына арналған өнер кешімен құттықтады.
Шара барысында «Қазақтың ұлы ақыны - Абай Құнанбайұлы» атты театрландырылған қойылым сахналанып, Абайдың қара сөздері мен әндері орындалды.
Шара соңында көрермендер ақын шығармашылығына құрмет көрсетіп, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қосыла шырқады.
09 тамыз 2024 ж. 536 0