Үлкен жүрек иесі
Халқымызда “Алдыңда жүрген қария – жазуды тұрған хатпен тең” деген ұлағатты сөз бар. Көргені көп, топ алдында көшелі сөз бастаған батагөй ағаларымыздың қашанда алдымызда жүргені біз үшін де қуаныш. Солардың қатарында Қалилаұлы Ізәтілла ағамыз күні бүгінге дейін қоғамдық қызметтен бір де қол үзбей, болашақтың игілігіне байыпты қызметін жалғап келеді.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Ізәтілла Нәрзілдаев ағамыз таяу күндері облыстық ардагерлер кеңесінің шешімімен "Облыстың құрметті ардагері" медалімен марапатталды. Ізәтілла Нәрзілдаев 1949 жылдың 22 мамырында дүниеге келген. 1966-1971 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі қызметін атқарды. Осы жылда[1]ры ауданда "Халықтық" атағын қорғаған театр құрамында ауыл көркемөнерпаздарының бүкілодақтық байқауында жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Одан әрі жас[1]тар фестивалінің лауреаты атанды. "Дала жұлдыздары" мәдени-үгіт бригадасы құрамында.
1980 жылы әншілер байқауына қатысып, республикалық фестивальдар жеңімпазы атанды. 1973-1975 жылы №187 кәсіптік-техникалық білім беру училищесінде комсомол комитетінің хатшысы болып жүргенінде "Қызғалдақтар" ән-би ансамблін құрып, елге танымал болды. Аудандық партия комитетінің нұсқауымен
1975 жылы аудандық мәдениет бөлімінде аға инспектор, сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, бастауыш партия ұйымының хатшысы болды.
1975-1979 жылдары мамандығына сәй[1]кес аудандық тұтынушылар одағы басқарма төрағасының кадр өніндегі орынбасары, “1 Май” жұмысшылар кооперациясы басқарма басшысы болып қызмет атқарды. Еліміз Тәуелсіздігін алған тоқсаныншы жылдардан бастап аудандық киноландыру жүйесін басқарды. Одан әрі "Нұр Отан" партиясының жетекшісі болды. 15 жыл аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары болды. Сонымен қатар ел ағасы деңгейінде биік мінберлерде өзінің азаматтық позициясын ашық айтып, ағалық ақыл-кеңесін бөлісуден жалықпайтын үлкен жүректі тұлға аудандық ата-аналар комитетіне 25 жылдан аса төрағалық жасады. Осы уақыттарда мектеп қабырғасындағы тұрмыс-күйі төмен, жетім-
жесір балаларға қамқорлық жасап, басқа да мектепішілік оқу-тәрбие процесінің жай-күйін қырағы назарда ұстап келеді.
Ол бүгінде ауданда ардагерлер кеңесінің мүшесі, "Аманат" партиясының тұрақты кеңесшісі. Халықаралық қазақ тілі қоғамы бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы. Мұнан бөлек табиғатында бар әншілік
қабілетін қару етіп ардагерлер арасында өтетін сайыстарда жүлделі оралып жүр. Мамыр айында 75 жасқа толған ағамызға арнап кенттегі "Тәуелсіздік" даңғылы бойына арнайы билборд қойылды. Бұл да Жаңақорған жұртшылығының ардақты ұлына бір құрметі болса керек.
Баян ҮСЕЙІНОВА