№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жақсыгүл Бегманованың өнері мен өмірі ұлықталды

Жақсыгүл Бегманованың өнері мен өмірі ұлықталды



М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, әнші- сазгер, биші Жақсыгүл Бегманованы еске алу мақсатында "Сырлы биім- Елге сыйым" атты аудандық би топтарының байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға 12 би ұжымы қатысты. Байқауды Жалағаш ауданынан арнайы келген Жақсыгүл Бегманованы қызы, педагог Әбдрейімова Ләззат Сергейқызы ашып беріп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.
Байқау кіші және орта топ жас аралығында өтті. Барлық би топтары керемет би қойылымдары мен жақсы дайындықпен келгенін аңғартты. Қазылар алқасы, құрамында жоғарыда аталған Лаззат Абдреимова , мәдениет үйінің шығармашылық бөлімшесінің меңгерушісі Талап Тотаев және Қызылорда қалалық мәдениет үйінің хореографы Әбіл Маржан Бекетқызы(қазылар алқасының төрайымы) сол мықтылардың ішінен жүлдегерлерді анықтай білді. Қорытынды бойынша орта және кіші топтары арасында би ұжымдары жүлделі 1, 2, 3 -ші орындарына ие болып жатса, кіші топта Бас жүлдені 'Аққу" би тобы, жетекшісі Гүлнар Ибадуллаева, жеңіп алды. "Шашу" би тобы, жетекшісі Балнұр Әнішбек, орта топта Бас жүлдені қанжығасына байлады.
Ұйымдастырушылар барлық жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіп, әр қатысушыға (120 биші)және топ жетекшілірене байқаудың алғыс хаттарын тапсырды.
Құттықтаймыз!

P.S. Бұл пилоттық жоба, келесі жылы жалғасады деген жоспар бар. Осы жобаны іске асырған жас би маманы Гүлназ Құрманәліге арнайы алғысымызды білдіреміз.
26 қараша 2023 ж. 189 0