№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Ардагер жеңісі

      
Біз Ізәтілла ағамызды қай кезде болмасын көпшілік ортасынан көреміз. Себебі ол кісі аудандағы көптеген қоғамдық ұйымдардың жетекшісі. Аудан бойынша қоғамдық бірлестіктердің спикері, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының, аудандық ата-аналар кеңесінің, №51 орта мектептің қорғаншылық кеңесінің төрағасы. Оның үстіне аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысында белсене араласып, ардагерлердің облыстық, республикалық әншілер байқауының жеңімпазы, облыстық ардагерлердің ақындар мүшарасында облыс бойынша 3 орынға ие болды. Салауатты өмір салтына байланысты күнделікті спортпен айналысып велосипед теуіп келеді. Елбасының Жолдауын насихаттаушылардың бірі, ұрпақтар сабақтастығы бойынша да мектептерде еңбек ардагерімен, жастардың кездесуін өткізіп тәрбие жұмыстарыменде айналысып келеді. Жақында «Жаңарық» орта мектебінде ардагер ұстаз Әбдіхалықов Орынбасармен өткен шара мазмұнды өтті.
Тағы да бір қуаныш Ізәтілла Нәрзілдаұлы Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпаққа ұлттық, рухани тәрбие беру, өткен ғасырлардағы ата-бабалармен даналардың айтып кеткен ғибратты сөздерін қайта жаңғырту мақсатында өткізілген «Қазақтың даналық, ғибратты сөздері» атты облыстық байқауы бойынша 1 орынға ие болып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Аудан бойынша жеті мыңнан аса ардагерлердің атынан қатысып, мерейлерін үстем етіп, сенімнен шыға білді. Жеңісіңіз
09 тамыз 2019 ж. 473 0